18 августа 2020 | 12:41

"Қайтыс болмаған туыстарына жер алып қойған". Зайсан әкімдігі жағдайды түсіндірді

Даурен Ерболат Журналист
Скрин видео

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осыған дейін желіде видео тараған. Онда өзін Мәуілхан Сағатбек деп таныстарған тұрғын Зайсан қаласындағы қабірге келгенін айтады.

Реклама
Реклама

"Бүгін 15 тамыз. Зайсандағы қабірде жүрміз. Мұнда келу себебіміз бір кісі қайтыс болмаған туыстарына алдын ала жерді қоршап, зират дайындап алыпты. Бірнеше адамнан арыз түсті. Осы жерге топ мүшелері, қала әкімі Анарбек, оның орынбасары Айдар және мешіт имамы Мұстахаппен бірге 5 адам болып келіп тұрмыз. Шынымен де ұзындығы 25 метр, ені 4 метр жерді қоршап алған. Ішінде бір кісі ғана жерленген, қалған жер бос. Өлшемі басқа зираттамен салыстырғанда әлде қайда үлкен. Бұл істің қаншалықты заңды немесе заңды еместігін білу мақсатында келіп отырмыз", - деді ол.

Бұл мәселеге қатысты Зайсан ауданы әкімдігі ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Зумрад Дүйсенбаева түсінік берді. Ол оқиға Зайсанда болғанын растады.

"Бұл оқиға өткен аптада болды. Бір азамат зираттағы жерді заңсыз қоршап алған. Бұл жұрттың таңданысын туғызды. Әлеуметтік желіде хабар тараған соң, қала әкімі (Зайсан - автор) жерді барып көрді. Ол барса, зираттың ішіндегі жер қоршалып тұр екен. Кейін осы жердің иесін іздеп тапты. Ол 2000 жылдары Қытайдан көшіп келген қандасымыз екені анықталды. Ол ешкімнен сұрамай, зираттағы жерді өз еркімен қоршап алған", - деді әкімдік қызметкері. 

Ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы бұл жағдай бақылауға алынғанын атап өтті.

"Біз бұл тұрғынмен кеше сөйлестік. Арнайы жиналыс өтті. Ол "Кешіріңіздер, мен білместік жасадым" деп халықтан кешірім сұрады. Кездесу барысында тұрғын 2 адамды жерлеуге ғана орын қалдыратынын айтып, қалғанын мешіт имамы арқылы жалғызбасты, туысы жоқ адамдарға беретінін жеткізді", - деді Зумрад Дүйсенбаева.

Әкімдік қызметкері бұл мәселеге осылайша нүкте қойылғанын атап өтті.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная