Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
19 июля 2019 18:02

Қазақ шіліңгір шілдеде қайтіп күн көрген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан, Семей облысы, 1913 жыл. © В.Н.Васильев Қазақстан, Семей облысы, 1913 жыл. © В.Н.Васильев

Аптап бастала сала баршамыз жеңіл киініп, салқын сусындар ішіп, көлеңке іздеп жан сауғалап кететініміз бар. Жазда жайлауды, қыста қыстауды мекен еткен ата-бабаларымыз ыстықтан қалай қорғанған? Жаздың ыстық күндері қандай киім киген? Этнограф Болат Бопайұлы бұл турасында Tengrinews.kz тілшісіне айтып берді. 


Аптап бастала сала баршамыз жеңіл киініп, салқын сусындар ішіп, көлеңке іздеп жан сауғалап кететініміз бар. Жазда жайлауды, қыста қыстауды мекен еткен ата-бабаларымыз ыстықтан қалай қорғанған? Жаздың ыстық күндері қандай киім киген? Этнограф Болат Бопайұлы бұл турасында Tengrinews.kz тілшісіне айтып берді. 

Не киген?

Болат Бопайұлының айтуынша, ежелде қазақ ыстық күнге қарамастан көбіне ұзын киімдер киген. Жердегі шөп пен гүл біткеннің бәрін дәрі деп қараған. 

"Малдың жүнінен тоқылған салқын киімдер, күн өткізбейтін бас киім киіп, шатырша қалпақ, қалқан қалпақтарды киіп күннен қорғанған. Үстіне ұзын шапан киген. Сол арқылы аптап ыстықтан қорғанып, оның денеге өтуінен, күнге күюден сақтанған", - дейді этнограф.

Не ішкен?

Киімдерден бөлек қымыз, шұбат, айран, қатық, іркіт секілді сусындарды тек салқын түрінде ішкен дейді. Жалбыз, ермен сияқты дәрілік шөптерді ағын суларға салқындатып қойып сусын ретінде пайдаланған. Солайша ыстықтан қорғанған. 

"Ақпан айы қақаған аяз, суық болса, шілде айында шіліңгір ыстық болады деп есептеген. Қазақта сұңғыла, дана есепшілер болған. Сол есепшілер алдын ала жаздың қай айы, қай аптасы, қай күндері ыстық не салқын болатынын зерттеп, халыққа хабарлап отырған", - дейді маман. 



Қазақстан, Семей обл. 1899 жыл, © Дудин С.М.

Аптапта малды қалай баққан?

Айтқаны айнымай келетін есепшілерді халық үнемі тыңдаған. Тұтас халықтың ата кәсібі болған мал шаруашылығын дамып, өсіп, өркендеуі осы ауа райын болжаушылардың арқасында деп есептеген. Ауа райын жақсы білгендіктен қазақ халқы ғасырлар бойы керемет өмір сүріп келген дейді этнограф.  

"Қазақ шілденің аптабында бағып отырған малдарын ұлы төр жайлауға шығарып жіберген. Содан кейін мал шелденеді, ірі-қара қомданады. Кейіннен төр жайлаудан орта жайлауға, одан етек жайлауға, содан кейін ғана қыстауға келген. Тұтас табиғатқа, жәндіктердің жандануына қарап отырып та ауа райын жақсы болжай білген. Осыдан-ақ, қазақтың даналығына көз жеткізуге болады", - дейді маман.


Қазақтар, Дудин С.М. Қазақстан, Семей облысы, 1899 жыл

Этнографтың айтуынша, қазақ халқы бір мүшелі 13 жылдың да ауа райын алдын ала есептеп, біліп отырған. Сондықтан да халқымыздың ыстықтан қорғану тәсілдері мықты болған дейді. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.44   490.7   4.77 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети