02 июля 2019 | 10:00

"Қазақ тойы бірте-бірте өзгеріп жатыр" - Маман басты трендтерді айтып берді

© Тұрар Қазанғапов

Жазда той қыза түседі. Жас жұбайлар мен ата-аналары абыр-сабыр, қызу дайындық үстінде болады, ал мейрамхана мен кафелерде күнде дерлік мереке. Мінсіз тойды армандаймыз ғой. Десе де, асығыс, уайым, қобалжу үстінде кемшіліктер де болып жатады, бірақ оның алдын алуға болады. Tengrinews.kz тілшісіне еліміздегі ивент-орталықтардың бірінің басшысы Рустам Мамкенов той жасағанда ең бастысы неге назар аудару керектігін айтып берді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жазда той қыза түседі. Жас жұбайлар мен ата-аналары абыр-сабыр, қызу дайындық үстінде болады, ал мейрамхана мен кафелерде күнде дерлік мереке. Мінсіз тойды армандаймыз ғой. Десе де, асығыс, уайым, қобалжу үстінде кемшіліктер де болып жатады, бірақ оның алдын алуға болады. Tengrinews.kz тілшісіне еліміздегі ивент-орталықтардың бірінің басшысы Рустам Мамкенов той жасағанда ең бастысы неге назар аудару керектігін айтып берді.

Маманның айтуынша, тойдың сәтті өтуі асабаға 70 пайыз байланысты. Сонымен қатар, мейрамхана мен той бағдарламасына баса назар аудару керек. 

Реклама
Реклама

"Үйлену тойына дайындық кезінде ең алдымен асаба таңдаудан қателеспеу керек, себебі олар - іс-шараның жақсы өтуіне тікелей себепкер. Екіншіден, өзіңе ұнайтын мейрамхана таңдау, ол жайлы, бағасы жағынан қолайлы, қызмет көрсету деңгейі жоғары және ұсынған тағамдары дәмді болуы керек. Үшіншіден, дұрыс құрылған бағдарлама. Ол қызықты әрі тым ұзаққа созылмауы тиіс", - дейді ол.

Мейрамхана таңдауы да оңайға түспесі анық. Атын брендке айналдыра алғандар адам басына орынның бағасын шарықтатып тастауы мүмкін. Ал көрсеткен қызметі ақшасын ақтай да алмай қалады. 

"Қалтаңа қарай көсіл. Мейрамхананы ең алдымен бағасы бойынша таңдау керек. Сондай-ақ, тойын жасаған таныс, туыстардың кеңесіне құлақ салған жөн. Ғаламторда жазылған пікірлерді оқып, банкет мәзірінен фуд-тест өткізуге, мейрамхананы өз көзіңізбен көруге кеңес беремін. Барлығы көңілге жақса, онда бұл сіздің мейрамхана", - дейді маман. 

Тойды ұйымдастырумен әдетте event-компания айналысады немесе той иелері өзінің туыстарын жауапты ретінде қояды. 

"Той-томалақ ұйымдастыру орталығының көмегіне жүгінсе, олар мерекенің ойдағыдай өтуіне бастан-аяқ жауапты болады. Олар ненің қашан берілуі керектігін (ас, торт, тойбастар) дәл біледі, DJ материалдарын тапсырып, барлық әртіс уақтылы келгенін қадағалайды, іс-шараңыздың сценариін жазып, хронометражын санайды, даяшылардың қызметі мен асүй және басқаларына бас-көз болады. Ал мұндай адамдарды жалдасама, әдетте дайындық және той өткізумен ата-ана немесе туыстары айналысады. Десе де жүйкені тоздырмай, уақытты үнемдеу үшін ұйымдастырушыларға жүгінген дұрыс деп ойлаймын", - дейді Рустам Мамкенов.

Отау құрып жатқан жас отбасыға айтылар тілек те, кеңес те көп. Әсіресе қазақ тойында туыстар мен жақын адамдар жылы лебіздерін білдіруден қашпайды. Дегенмен уақыт тапшы, көп сөзбен тойдың сәнін кетіріп алмаған маңызды. 

"Үйлену тойы ұзаққа созылмай, келген қонақтар көңілді отыруы үшін іс-шара бағдарламасын дұрыс құру керек. Сондай-ақ, тілек айтушылар санын қысқартқан жөн. Алдын ала жиырма адамның төртеуі ғана сөйлесін, қалғандары қосылсын деп келісіп алған дұрыс және арнайы бағдарламаның бар екенін айтып отыру керек. Той уақтылы басталса тіпті жақсы", - дейді ол. 


© Pixabay.com 

Рустам Мамкенов қазіргі тойлардағы трендтерге де тоқталды. 

"Қазіргі уақытта мейрамхананы безендіруден бастап, іс-шара бағдарламасын ойластырғанға дейін еуропалық стиль трендте. Тойда опера әншілерінің өнер көрсетуі, лимузиндерден бас тарту, неке қию рәсімін ерекше бір жерде, табиғат аясында өткізу көп кездеседі. Сондай-ақ, жастар жеңіл жазғы костюм мен көйлектерін киіп, тойларын демалыс орындарында өткізіп жүр. Видеороликтерге көп көңіл бөлінеді, яғни келген қонақтардың көңілін көтеріп, жағымды эмоция тудыру үшін креатив видео түсіреді", - дейді ивент-орталықтың басшысы. 

Сондай-ақ, жас жұбайлар үйлену вальсіне көп көңіл бөледі, әдемі, әсерлі қойылым қоюға тырысады. Яғни қазір үйреншікті, бір-біріне ұқсас "қазақ тойы" бірте-бірте өзгеріп, барынша әдемі және ерекше іс-шараға айналып барады.

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная