ПОДЕЛИТЬСЯ
23 сентября 2019 | 17:57
Қазақ үкі тағуға неге қатты мән берген?
Қазақ халқы үшін үкі тағу түрлі ырымдардың себебі болған. Үкі арқылы тіл көзден сақтанған, сондай-ақ құда түсу жолы санаған. Тengrinews.kz тілшісі этнограф Болат Бопайұлынан үкі тағу дәстүрі туралы сұрап білді.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақ халқы үшін үкі тағу түрлі ырымдардың себебі болған. Үкі арқылы тіл көзден сақтанған, сондай-ақ құда түсу жолы санаған. Тengrinews.kz тілшісі этнограф Болат Бопайұлынан үкі тағу дәстүрі туралы сұрап білді.
Құдалық үкі тағудан басталғанОның айтуынша, үкіні жаңа туған баланың бас киіміне, бесігіне, төрт түлік малдың төліне, жүйрік атқа, домбыраға, босағаға тағып қоятын болған.
"Ал қазақтың құдалық жолында үкі тағуы деген дәстүр жігіт жақтың қыз жаққа жаушы жіберуінен басталады. Жаушының бір балағы жыртық, бір балағы етіктің ішінде болады. Содан жаушы қыз жаққа хабарласып, құда түскелі жатқанын айтады. Артынша, жаушы кеткен соң, жігіт жағы құда түсіп қайтады. Содан кейін барып жігіттің анасы қызға үкі тағып, киімін кигізіп, құдасына киіт, құдағиына көйлек алып барып, келіннің құлағына сырға салып кетеді. Осы арқылы құдалықты бекітеді. Кейін бәрі үкі таққан қызға құда түсіп қойғанын біліп жүреді. Сол сәттен бастап қыз да жауапкершілікті өз мойнына алып, тамақ пісіру, үй жинау секілді шаруаларды анасынан, жеңгелерінен үйрене бастайды", - дейді маман.
Н.К. Зейдлиц, Қазақстан, Ақтау, XIX ғасырдың екінші жартысы.
Этнографтың сөзінше, жігіт үкі таққаннан кейін қыздан бас тартатын болса, қыз жаққа берген мал-мүлкін қайтарып алмайды екен. Оның арына, намысына тигендіктен, оған үстеме қара мал беріп, айып төлеп құтылатын. Ал үкі тартқан жігіттен қалыңдық бас тартса, ол құдалықта әкелінген мал-мүліктің үстіне екі есе қылып қайтарып берген екен.
"Қыз жаққа үкі тағылмаса, қалған жөн-жоралғылары жасалмаған. Сондықтан алдымен үкі таққызған", - дейді Болат Бопайұлы.
Үкі несімен қасиетті?Этнограф қазақтың үкіге неге қасиетті құс деп қарайтынын айтты.
"Баяғыда Нұх пайғамбардың кемесіне үкі түнде жол бастаушы болған деген сөз бар. Үкінің қанатында Құранның аяттары бар деп нанған. Сондықтан үкіні қасиетті құс деп есептеген. Өйткені, ол күндіз көрмей, түнде ұшатын, жол бастай алатын құс болған", - дейді ол.
Үкілі домбыра. © elana.kz
Айтуынша, үкіні кішкентай балаға тағудың өз нанымы бар.
"Ал енді кішкентай балаларға, жүйрік атқа үкі тағып қоюдың себебі - көз тимесін деген ырым. Үкі әдемі болып көрінгендіктен, көздің сұғы адамға не малға емес, сол үкіге түседі деп нанған. Қазіргі кей әншілер, бұрынғы сал-серілер үкіні пайдаланады. Бірі сәукелесіне, бірі тымағына, домбырасына үкі таққан. Ол тіл мен көзден қорғап қана қоймай, қосымша көрік сыйлап тұрады", - дейді ол.
Болат Бопайұлының сөзінше, ертедегі қазақтар үкі жын-перілерден де қорғайды деп сенген.
"Бұрында үкі жын-перілерден қорғайды деген наным болған. Өйткені, ол түнде ұшады. Қараңғыдағы нәрселерді көре алатындықтан, жын-перілер одан қорқады деп сенген. Бұл ескі нанымдағы дүние. Батыр шайқасқа аттанғанда оның найзасына, қамшысына үкі тағып қоятын", - дейді этнограф.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также