ПОДЕЛИТЬСЯ
20 марта 2019 | 21:38
Қазақстандық оқушы 30 секундта 23 бетті оқып шықты - Видео
Бүгінде қазақстандық жас өнерпаздардың халықаралық байқауларда топ жарып, жүлделі орындарды иеленіп жүргендерін жиі көріп жүрміз. Еліміздегі өнерлі, дарынды жастардың бірқатары Гиннестің рекордтар кітабына кіріп те үлгерген. XXI ғасырдың өрендері жаппай дарынды ма, әлде өз мүмкіндігін көрсету жеңілдетілгені себепші болды ма? Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Ерте жанған жұлдыздар" тақырыбы талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бүгінде қазақстандық жас өнерпаздардың халықаралық байқауларда топ жарып, жүлделі орындарды иеленіп жүргендерін жиі көріп жүрміз. Еліміздегі өнерлі, дарынды жастардың бірқатары Гиннестің рекордтар кітабына кіріп те үлгерген. XXI ғасырдың өрендері жаппай дарынды ма, әлде өз мүмкіндігін көрсету жеңілдетілгені себепші болды ма? Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Ерте жанған жұлдыздар" тақырыбы талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Астана опера" театрының ең жас әншісі 13 жастағы Қажымұрат Еркін осы күнге дейін көптеген халықаралық байқаулардың жеңімпазы атанған.
"Ата-анамның айтуынша, мен үш жасымнан бастап ән айта бастаппын. Ешқандай ойыншыққа қызықпаған екенмін, тек микрофонмен алысатын болыппын. Дауысымды күтіп, ән айта бастадым. Біраз дайындықтан өтіп, қазіргі уақытта осындай партияларды орындауға мүмкіндік берілді. Көптеген республикалық, Астана қаласында өткен байқауларға қатыстым. Жанар апайдың "Дарынды әлем" байқауында гран-при жүлдесін жеңіп алдым. 2015 жылы Түркияда өткен ән жарысында бірінші орынды иелендім", - дейді жас әнші.
2018 жылы "Россия-1" телеарнасының "Удивительные люди" шоуында көрермендерді таңғалдырып, 35 секундта 18 беттен тұратын мәтінді оқып, мазмұнын мүдірмей айтып берген Адина Нұрланбаева да "дарынды" болуының құпиясын ашты. Ол 2006 жылдан бері жылдам оқумен айналысып келеді. 2018 жылдың шілде айында өзі туралы деректі фильм шығып, 130 елде көрсетілген. Фильм 4 тілге аударылған. 12 жыл бимен айналысқан, музыка мектебінде оқиды. Болашақта дәрігер болғысы келетінін де жасырмады.
"2016 жылы маусымда болды, жылдам оқу дайындық орталығында "интенсив" курсын меңгеріп жатқанмын. Курс ауыр болғанына қарамастан, мен жақсы меңгердім деп ойлаймын. Мен бала кезде есте сақтау қабілетім тым төмен болды. Бастауыш сыныптарда мен оқыған мәтінді айтып беруге қиналатынмын. Курс аяқталған уақытта мен рекорд орнаттым - 94 мың сөзді оқып, 90 пайызға түсінетінімді дәлелдедім", - дейді Адина Нұрланбаева.
Бағдарлама барысында жүргізушілер Адинаға сынақтан өтуге ұсыныс тастады. Қыз бала 30 секундта 23 бетті оқып шықты.
12 жастағы КИнЭС Қазақстан рекордтар кітабының алты дүркін рекордсмені және екі дүркін әлем рекордсмені Әмір Махмет джиу-джитсудан өткен дүниежүзілік додаларда топ жарып жүр. Ол сегіз жасында 1000 рет "отжимание" жаттығуын жасап, рекорд орнатқан.
Айта кетейік, "Өз ойым" бағдарламасы 2019 жылы 21 қаңтардан жаңа санын бастады. Бағдарламаның ең басты жаңалығы ток-шоу дүйсенбі-бейсенбі аралығында көрсетілетін болды. Түрлі әлеуметтік тақырыптарды қозғайтын бұл ток-шоу әлі талай қызықтарға толы.
Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также