08 марта 2020 | 17:00

Қазақстандықтарды таңғалдырған батыр әйелдер кімдер?

© Tengrinews.kz коллажы

Tengrinews.kz тілшісі 8 наурыз күніне орай қазақтың батыр әрі өзгелерге үлгі боларлық әйелдері туралы баяндайды. Бұл кейіпкерлер нәзік жанды бола тұра, өз әрекеттерімен қазақстандықтарды тәнті еткен еді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Tengrinews.kz тілшісі 8 наурыз күніне орай қазақтың батыр әрі өзгелерге үлгі боларлық әйелдері туралы баяндайды. Бұл кейіпкерлер нәзік жанды бола тұра, өз әрекеттерімен қазақстандықтарды тәнті еткен еді.

9 баласы бар ана
Реклама
Реклама

42 жастағы Раушан Мамасерікова Шымкент қаласының, ал жолдасы Зайсан өңірінің тумасы. Бүгінде олар көпбалалы отбасы - төрт ұл, бес қыз тәрбиелеп отыр екен. Үлкен ұлдары 16-да болса, кенжесі - үш айлық. Тоғыз баланың анасы Раушанды алаңдататын мәселе - ол көпбалалы ана болса да әлі күнге дейін "Алтын алқа" ала алмай жүр екен. "Алтын алқа" алуға әрекет жасамады емес, жасаған. Алайда Раушан әр барған сайын бас тарту қағазын алады екен.

Дегенмен бұған қарамастан Раушан Мамасерікова кәсіп ашқысы келетінін айтады.

"Жалпы тігінмен айналысқанды ұнатамын. Жақында балаларым баратын балабақша мен мектепке де бір пайдам тисе деген оймен 8 наурызға орай қыздарға 15 белдемше тігіп бердім. Оларды бір ай бойы тігіп, бүгін апарып тапсырдым. Қазір мемлекет тарапынан беріліп жатқан атаулы әлеуметтік көмектен түсетін қаражатымды жинап, жеке бизнес ашсам деген жоспарым бар. Оны шамамен жаз мезгілінде бастасам деп жоспарлап отырмын. Оны әзірше үй жағдайында ашатын шығармын", - дейді көпбалалы ана. 

Тоғыз баланың анасы бүгінде отбасымен бір бөлмелі шағын жалдамалы пәтерде тұрып жатыр. Ұлдары ер жетіп, қыздары бой жетіп, өсіп келе жатқан көпбалалы отбасының тағы бір арманы - балалары сиятын үй болса дейді. Ол үшін пәтер кезегіне де тұрып қойған. 

"Үй тар. Ер жетіп келе жатқан балалардың жүйкесі тозған сияқты көрінеді. Қыздар бөлек, ұлдар бөлек жатқысы келеді. Әзірше ыңғайы келер, сәтін салар деп жүрміз. Бізге қазір үй қажет болып тұр ғой. Себебі соңғы кездері балалар бір-бірімен ұрысып, ерегесіп қалады. Сабақты да тар жерде оқиды дегендей", - деген еді Раушан сұхбатында. 

Екі қолының жоқтығына қарамастан тігін цехын ашқан әйел

Тараздық Анар Бексұлтанова екі қолы жоғына қарамастан осыдан бірнеше жыл бұрын "Бизнестің жол картасы - 2020"  бағдарламасы аясында 3 миллион теңге мөлшерінде қайтарымсыз грант ұтып алып, тігін цехын ашқан екен. Содан бері ол тігін тігіп, түрлі тапсырыс алып жүр.

Анар Бексұлтанованың туғаннан бері екі қол жоқ екен, жұмыстың барлығын ол аяғымен жасап үйренген.

© azh.kz

"Талас ауданында үлкен тату отбасында дүниеге келдім, жеті баланың бесіншісімін. Анам маған жүкті кезінде қатты ауырған екен, сондықтан да осы диагнозбен тудым. Ауылда 11 жылдық мектепті бітірдім. Төрт қабырғаға қамалып қалуды жөн санамадым, мектепке бардым, сүйіспеншілікке бөленіп, толыққанды отбасыда дүниеге келдім. Сондықтан да өзімді бақытты сезінемін", - деген еді Анар Бексұлтанова сұхбаттарының бірінде.

Айта кетейік, мүмкіндігі шектеулі шебер тігіннен бөлек, гүл өсіріп, сурет салады. Анардың айтуынша, ол тауарларды сатып алу үшін Бішкекке барады екен. 


© Ұлттық экономика министрлігі

7 баласы бар такси жүргізетін әйел

Ал Нұр-Сұлтандағы жеті баланың анасы 38 жастағы Айзат Манкебаева қазіргі уақытта такси жүргізіп, нәпақа тауып жүр екен. Қазір оның қолында бес баласы бар, ал үлкен екі баласы Алматыда интернатта оқып жатыр екен.

"Алматыда туып-өскенмін. 2001 жылы тұрмысқа шықтым. Сосын елордаға 2015 жылы көшіп келдік. Мамандығым мүғалім, бірақ мұғалім мамандығы бойынша жұмыс істеп келсем де, декреттен декретке шығып, солайша жұмысқа қайта орала алмадым. Сондықтан такси жүргізушісі болып жұмыс істеп көрейін дедім", - деген еді көпбалалы ана сұхбатында.


Айзат Манкебаева. © Qazaqstan телеарнасының кадры

Бүгінде ол 40 мың теңгеге үй жалдап отыр. Келіншек бұрынырақта автопаркте көлікті күніне 8 мың теңге төлеп, адам тасымалымен айналысып көрген екен. 

"Бірақ "күніне 8 мың теңгені далаға төлеп жатырсың" деп ақыл айтқандар болды. Сондықтан көлік кейін өзімде қалатындай жолын іздестірдім. Сөйтіп, достарымның ақылымен интернеттен күніне 9 мың теңге төлеп, екі жыл бойы жұмыс істесем, көлік менде қалатындай келісім жасап, енді міне, өз көлігіммен адам тасып жүрмін. Күніне тоғыз мың теңге төлеп жүрмін, екі жылдан соң өз атымда болады", - дейді Айзат Манкебаева.

Арыста жарылыс кезінде өзгенің баласын құтқарып қалған әйел

Арыста жарылыс кезінде адасып қалған сәбиді бөтен әйелдің өз баларымен бірге құтқарып қалғаны Желі қолданушыларын тәнті еткен еді. Үш жасар Ұлан есімді баланың жарылыс маңынан табылғаны туралы ақпарат Желіде тараған болатын.

Қараусыз қалған балаға қамқор болған әйел Балқия Зауырбекова есімді арыстық болып шықты.

"Өзіміздің де бір жасар баламыз адасып кеткен болатын. Оны Қазығұртта деп естідік. Бұл баланы ата-анасына апарып, өз баламызды да тауып алайық деп кетіп бара жатқанбыз", - деген еді Зауырбекова.

Оның айтуынша, ол бала адамдар абыр-сабыр болып жатқан сәтте әскери бөлімнің маңайында адасып қалған.

"Полицияға кірген інім Әлихан баланы көріп, жетектеп әкелген қалпы қолыма ұстатты. "Балаға ие бол, жоғалтпа, қолынан жіберме" деп тапсырды. Өзімнің үш баламмен бірге мұны қолынан тас қылып ұстап бірнеше қыр астық. Южный жақта ең соңғы қырға жетіп бірақ тоқтадық. Осы кезде жолдасым Шымкенттен жетіпті", - деген еді Балқия Зауырбекова.

Қиындықтың барлығын адамдардың мейірімі ұмыттырып жібереді дейді арыстық әйел.

Кішкентай баланы педофилден құтқарған әйел

Шымкентте кішкентай баланы педофилдің азғын әрекетінен құтқарып қалған әйел де барлығына үлгі боларлық әрекетке барды. Оралкүл Айтжанова мұндай жағдайда кез келген қазақстандық азамат осы әрекетке баратынын айтады.

Айтуынша, ол серуенге шыққанда баланың айғайын естіп қалған. Сол сәтте Оралкүл Айтжанова еш ойланбастан тұрғын үйдің кіреберісінде балаға көмектесуге жүгірген.

Ол алдымен есікті соға бастапты.Ер адам оқиға орнынан қашып кеткен соң, келіншек болған жайтты баланың ата-анасына айтыпты. Содан кейін ол балаға зорлық әрекет жасамақ болған азаматтың артынан жүгіре жөнелген.
Оралкүл оны құлатып үлгеріпті, бірақ ұстап қала алмаған.


Оралкүл Айтжанова. © otyrar.kz

Екі адамды өрттен құтқарған әйел

Тағы бір батыр әйел деп Меруерт Темірбаеваны айтуға болады. Ол құтқарушылар келгенін күтпестен жанып жатқан өрттің арасынан ішінен баланы алып шыққан. Бұл оқиға Өскеменде болған еді.

Ол өрт арасынан 2013 жылғы баланы алып шығып қана қоймай, анасына қауіпті аймақтан шығуға көмектескен. Батыл әйел тез арада жедел жәрдем шақырған. Олар күйік шалған зардап шегушілерді балалар аурханасына жеткізген.


© yk-news.kz

Ішкі істер министрінің бұйрығымен Меруерт Темірбаева "Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін" медалімен марапатталған еді.


© ҚР ІІМ

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная