04 сентября 2019 | 11:06

Көлігі жоқ, үш баланың анасы, Желіде белсенді. Сіз кімсіз, Аида Балаева?

Өткен айда Аида Балаева Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалған еді. Оның Президент көмекшісі - Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып қызмет етіп келе жатқанына бір айдан асты. Бұл оның мемлекеттік қызметтердегі жетінші жұмыс орны. Tengrinews.kz тілшісі Аида Балаева туралы деректерді жинап шықты.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Өткен айда Аида Балаева Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалған еді. Оның Президент көмекшісі - Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып қызмет етіп келе жатқанына бір айдан асты. Бұл оның мемлекеттік қызметтердегі жетінші жұмыс орны. Tengrinews.kz тілшісі Аида Балаева туралы деректерді жинап шықты.

Балаева 1974 жылы Алматы облысы, Жамбыл ауданында дүниеге келген. 2000 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің "Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі" мамандығын тәмамдаған. Кейін 2007 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетінде "Заңгер" дипломын алып шыққан.

Реклама
Реклама

Алғаш рет мемлекеттік қызметке 25 жасында кіріскен. 1999 жылдан бастап ол мемлекеттік қызметте. Карьерасын Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Алматы облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының қоғамдық-саяси процестерді талдау және үйлестіру бөлімінің жетекші маманы болып жұмыс істей бастайды. Бұл жерде бес жыл қызмет етеді. 

Артынша Алматы қаласының Ішкі саясат департаменті директорының бірінші орынбасары болып тағайындалады. Екі жылдан кейін сол департаменттің директоры болып көтерілген.

Ал 2008-2010 жылдар арасында Астана қаласы Ішкі саясат департаментінің директоры, кейін басқарма бастығы болып жұмыс істейді. 2010 жылдың ақпанында Астана қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалған. Мұнда ол төрт жыл жұмыс істеді. 

Ал 2014 жылдан 2019 жылдың шілдесіне дейін ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметінде болды. Ал бір айдан аса уақыт бойы Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі қызметін атқарып келеді.

Аида Балаева тұрмыс құрған, қазір жарымен бірге үш баланы тәрбиелеп отыр - Дінмұхамед, Асқар және Әсел.

Президенттің көмекшісі әлеуметтік желіде де белсенді. Күн сайын Facebook желісіндегі парақшасында оқырмандарына қайырлы таң тілеп, жұмыс барысындағы жаңалықтарын бөлісіп отырады.

Президенттің көмекшісі музыканы қатты жақсы көретінін айтады. 

"Мен үшін оның мағынасын сезіну және түсіну маңызды. Композитор мен орындаушы бір-бірін табуы керек. Мұндай тандем музыка шедеврін дүниеге әкеледі. Нақты қай күні қандай музыка тыңдағым келетінін көңіл-күйім шешеді. Отандастарымыздың арасынан ТОР-3 әншіні таңдау қиынға соғады. Себебі көбімен жеке таныспын, шығармашылығына таңдай қағамын, сондықтан ешкімді ренжіткім келмейді. Ал шетелдік әншілерден Лара Фабиан мен Валерий Меладзе ұнайды", - дейді Аида Балаева. 

Ол уақыт тапшылығына қарамастан кітап оқуға тырысатынын айтады. 

"Сүйікті авторларымды айтайын: Эрих Мария Ремарк, Шыңғыс Айтматов, Мұхтар Мағауин. Поэзияны қатты жақсы көремін. Қазір жеке тұлғаның дамуына, өзіңді жетілдіруге арналған кітап өте көп, ондайлардан Стивен Кови, Джон Максвелл, Дэниел Пинкті оқып тұрамын. Әрине, уақыт жетпей жатады, әлеуметтік желілер де көңіл бөледі", - дейді Президент көмекшісі.  

Сондай-ақ Аида Балаева өз көлігінің жоқ екенін айтады. Сөзінше, ол көлік модельдерін білмейді, маңыздысы - оның қолайлысы екен. 

Оқи отырыңыз:

Жарты миллион фолловер, Mitsubishi, перфекционист. Сіз кімсіз, Дана Нұржігіт?

Үш баланың әкесі, кітапқұмар, 8-сыныпта ән жазған. Сіз кімсіз, Нұрлан Әлімжанов?

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная