ПОДЕЛИТЬСЯ
16 января 2020 | 15:26
Көлігі - Lexus, бес баланың әкесі. Сіз кімсіз, Павлодар облысы әкімі?
Кешелі бері WhatsApp месенджерінде Павлодар облысының әкімі ұсталды деген аудиохабарлама тарап жатыр. Бірақ Павлодар облысының әкімдігі бұл хабарламаға қатысты пікір білдіріп, қазіргі уақытта аталған ақпаратты растайтын ресми деректер жоқ екенін мәлімдеген. Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов туралы мәліметтер ұсынады.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Кешелі бері WhatsApp месенджерінде Павлодар облысының әкімі ұсталды деген аудиохабарлама тарап жатыр. Бірақ Павлодар облысының әкімдігі бұл хабарламаға қатысты пікір білдіріп, қазіргі уақытта аталған ақпаратты растайтын ресми деректер жоқ екенін мәлімдеген. Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов туралы мәліметтер ұсынады.
Болат Бақауов 1971 жылы 27 маусымда Павлодар облысы Железин ауданына қарасты Новокузьминка ауылында дүниеге келген.
Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын (2003) "Заң ғылымдары" мамандығы бойынша, Халықаралық бизнес, экономика және кәсіпорындарды басқару академиясын (2005) бітірген.
Бақауов Железин ауданының "Кеңестік Қазақстан" кеңшары автогаражының жұмысшысы болып бастаған. Кейін әскери борышын өтеп келген соң сол кеңшарда автогараж жүргізушісі болған. Артынша түрлі кәсіпорындарда директор қызметін атқарған.
Болат Бақауовтың түрлі өңірде әкім қызметін атқарып жүргеніне биыл 12 жыл болады. 2008 жылы Павлодар облысы Тереңкөл ауданының әкімі қызметіне тағайындалған. 2011-2014 жылдары Ақсу, 2014-2016 жылдары Павлодар қаласының әкімі болған. Ал 2016 жылдың 25 наурызынан бері Павлодар облысының әкімі қызметін атқарып келеді.
2018 жылдың соңында облыс әкімдері өздерінің айлық жалақыларын жария еткен еді. Бақауовтың сол кездегі жалақысы 744 мың теңге болды. Әкімнің қызметтік көлігі - Lexus.
Болат Бақауов үйленген, бүгінде төрт ұл бен бір қызды тәрбиелеп отыр.
Былтырғы жылдың аяғында Бақауовқа қатысты тағы бір оқиға қызу талқыға түскен еді. Желіде Павлодар облысының әкімінің портретінің қайырымдылық аукционда сатылғаны көрсетілген видео тараған. Бейнежазба кадрларында кеш жүргізушілері - белгілі КВН-шілер Тұрсынбек Қабатов пен Ярослав Мелехин бір лот - әкім Болат Бақауовтың портретіне сауда-саттық өткізеді. Сауда-бағаны көтеру тәсілімен өткен. Видео суретке 28 миллион теңге ұсынылған сәтте үзіледі.
Ал кеше WhatsApp месенджерінде Бақауовтың ұсталғаны жайлы хабарламаны әкімдіктер жоққа шығарып отыр. Облыстық әкімдіктің баспасөз хатшысы әкімнің қазір жұмыс барысымен Павлодарда екенін айтқан. Ал бүгін әкімнің Instagram желісіндегі парақшасында жазба жарияланған. Онда 15 қаңтарда индустриялық-инновациялық даму, сондай-ақ кәсіпкерлік және сауда басқармаларының алқа мәжілісі өткені айтылады.
Оқи отырыңыз:Шардаралық, заңгер, көлігі Toyota. Сіз кімсіз, Арыс әкімі?
Жалақысы, көлігі, хоббиі. Сіз кімсіз, Түркістан әкімі?
Көлігі - Mercedes, жалақысы - 663 мың теңге. Сіз кімсіз, Атырау облысы әкімі?
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также