Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
19 августа 2019 15:14

"Көмейіме өксік тығылып". Қайрат Нұртас Елбасы жайлы жазба жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қайрат Нұртас. © instagram.com/kair_n Қайрат Нұртас. © instagram.com/kair_n

Әнші Қайрат Нұртас Елбасы жайлы жазба жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Әнші Қайрат Нұртас Елбасы жайлы жазба жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Өнерпаз Nur Otan партиясының кезекті съезінде бірнеше әнімен өнер көрсеткен сәтінен видео жариялаған. 

"Адам өтірік күлуі мүмкін, бірақ өтірік жылау өте қиын. Көз жасындай таза, көз жасындай мөлдір не бар мына ғаламда?! Оның таза болатыны да сол сағыныш, қимастық пен естеліктерден бастау алуында шығар. Мен әйел емес ер адамның және екінің бірі емес тұңғыш Елбасымыздың көз жасы туралы айтқым келіп отыр", - дейді әнші. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Кайрат Нуртас (@kair_n)

Қайрат Нұртас түрлі сахнада жүріп, миллиондардың қолының шапалағын ғана емес жүрек лүпілін де сезініп, қандай қашықтықта тұрсаң да ол саған сезіледі дейді.

"Сондай үлкен концерттің бірінде Бекболат Тілеухан ағамыздың әніне жазылған "Елім менің" әнін бірнеше адам болып орындадық. Сонда "Бабамның қаны, анамның жасы оуу" деген жерін мен орындап жатып кенет Елбасына көзім түсіп кетті. Мен "анамның жасы" деген жерде қарашығын толқытып, мөлдіреп тұрған ағамның жасын көрдім. Өзімнің де көмейіме өксік тығылып, барынша білдірмей, әнді жалғастырып кете бердім. Бұл екі қатар неге ол кісінің екі көзін жасқа толтырды деп көп ойландым", - дейді әнші. 

Әнші бабамыздың қаны мен анамыздың жасы тамбаған жер кемде-кем, қаны мен жасының өтеуіндей осы тәуелсіз мемлекетті құрып, соның төрінде сол бақытты ұрпақтың шаттық әні адамды толқыта түскенін атап өтті. 

"Бәлкім біз білмейтін, біз сезіне алмайтын қаншама оқиғалар ол кісінің жанарының жағалауын соққылап жатқан шығар. Көздің жасы я қуанда, я қуанғанда шығады ғой. Бұл лайым қуаныштың, шүкірліктің жасы болғай!", - дейді әнші. 

Айта кетейік, биыл 23 сәуірде Nur Otan партиясының кезектен тыс XIX съезінде Бекболат Тілеухан, Алтынай Жорабаева, Қайрат Нұртас, Мөлдір Әуелбекова секілді эстрада жұлдыздары өнер көрсеткен. Қайрат Нұртас 2015 жылдан бері партия мүшесі. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 449.3   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети