ПОДЕЛИТЬСЯ
13 февраля 2020 | 11:52
Короновирус жұқтырғандардың алдында "Қара жорға" билеген дәрігер Желіні тәнті етті
Уханда коронавирус жұқтырғандарға Шынжаңнан көмекке барған қазақ дәрігері қара жорға билеп, науқастардың көңілін көтерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Уханда коронавирус жұқтырғандарға Шынжаңнан көмекке барған қазақ дәрігері қара жорға билеп, науқастардың көңілін көтерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұған дейін қытайлық South China Morning Post басылымының YouTube-каналында Ухандағы дәрігерлердің науқастарға түрлі би билеп бергені түсірілген видео жариялаған еді.
Солардың қатарында қазақ дәрігері де бар. Оның қара жорға билегені әлеуметтік желіде тарап жатыр.
"Ухандағы позитив. Шынжаңнан көмекке барған Бахаргүл есімді қазақ дәрігер", - деп жазылған видео сипаттамасында.
Видеода медициналық қорғаныс костюмін киіп, "Қара жорға" әніне билеген дәрігерді көруге болады. Оның өнеріне айналасындағы науқастар мен басқа да дәрігерлердің тәнті болып, жымиып тұрғаны көрсетілген.
South China Morning Post басылымының мәлімдеуінше, дәрігерлер билеп, науқастардың көңілін көтеруге тырысқан.
Видео желіде тарағаннан кейін қолданушылар дәрігерді қолдап, пікір жазған. "Мен мына кісідей билей алмаймын, керемет, буындыры өте табиғи!", "Жүрген жерінде қазақты дәріптеп жүрген болса керемет", "Осындай жағдайға қарамастан, айналасына позитив көңіл күй сыйлауына ризашылығымды білдіремін" деген секілді пікірлер жазылған.
Соңғы мәліметтер бойынша, коронавирустан қайтыс болғандардың жалпы саны 1310-ға жеткен.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также