13 августа 2021 | 12:57

Қуат Хамитов "геноцид" деп таратқан видео фейк болып шықты

Қазақстандық файтер Қуат "Найман" Хамитов Алматыда дезинфекция жұмысы түсірілген видеоны жариялады. Спортшы видеодағы әрекетті геноцид деп атаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық файтер Қуат "Найман" Хамитов Алматыда дезинфекция жұмысы түсірілген видеоны жариялады. Спортшы видеодағы әрекетті геноцид деп атаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Видеода жүріп бара жатқан жүк көлігін көруге болады. Көліктен видеоға түсірген ер адам оқиға "Айнабұлақ 3" ықшамауданында болғанын айтады. Жол бойындағы ағаштарға шашылған затты желідегілер у деп топшылаған. Алайда Алматы әкімдігінің өкілдері мән-жайды айтып берді.

"Жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша "Дезинфекция" мекемесі жасыл желектерді зиянкестерден биологиялық препараттармен өңдеу жұмыстарын жүргізіп жатыр", - деп пікір білдірді әкімдік өкілдері.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, олар жұмыс неге түнде жүргізілгенін де түсіндірді.

"Жұмыс түнде тиімділік үшін жүргізіледі, өйткені биологиялық препарат ультракүлгін сәулелердің әсерінен тиімділігін жоғалтады", - дейді мамандар.

Бұл оқиға туралы Stopfake.kz сайтына Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті де түсініктеме беріпті. Ведомство ағаштарды зиянкестер мен аурулардан қорғау бойынша іс-шаралар қалада жыл сайын өткізіледі және бұл үшін ең тиімді құралдардың бірі биопрепараттар болып табылатынын хабарлады.

"Биологиялық өнімдер - тірі организмдер немесе тірі организмдер синтездейтін табиғи биологиялық қосылыстар. Биологиялық препараттардың спектрі биоинсектицидтерден, биофунгицидтерден био-тыңайтқыштарға дейін өте ауқымды. Саңырауқұлақтарға негізделген биопестицидтер тамыр, тұқым және топырақ инфекциясының қоздырғыштарын басуға, сондай-ақ препаратты тікелей бетіне қолданған кезде жеміс пен жапырақ ауруларының дамуына жол бермейді. Биологиялық инсектицидтер төрт жүз түрлі жәндіктерге қарсы тиімді. Препараттың әсері қарапайым - ішкі ағзаларды зақымдайды, жәндіктердің сал ауруына және өліміне әкеп соқтырады", - делінген Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің түсініктемесінде.

Айта кетейік, Қазақстанның Қылмыстық кодексінде "Көрінеу жалған ақпарат тарату" бабы бар (274-бап). Бұл бап бойынша, бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып жасалған қылмыс жазасы - үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыру.

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная