Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
21 июня 2019 12:30

Құрма және мейіз - ҰБТ-да ең жоғары балл жинаған алматылық қыздың кеңесі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шиара Құдайбергенова. © instagram.com/shiyara_ Шиара Құдайбергенова. © instagram.com/shiyara_

Былтыр, 2018 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеуден ең жоғары 140 балл жинаған алматылық Шиара Құдайбергенова биылғы түлектерге кеңесін берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Былтыр, 2018 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеуден ең жоғары 140 балл жинаған алматылық Шиара Құдайбергенова биылғы түлектерге кеңесін берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ҰБТ-ға кеңесім, қатты қобалжымаңыздар! ҰБТ 1 күндік сынақ ғана! ҰБТ өмірдің соңы емес! Бірақ жоғары ұпай алып, қалаған жоғары оқу орнына грантқа түсу мақсат!", - дейді ол. 

Шиара жас түлектерге емтиxанға кірерде шоколад алып кіру керек деген кеңес бар екенін, себебі оның миды жақсартатыны айтылатынын, бірақ оның орнына құрма немесе мейіз алып кіруді ұсынатынын айтады. 

"Менің кеңесім шоколадтың орнына ауыз ашқанда жейтін құрма және мейіз, 1 уыс немес 2-3 данадан қалталарыңызға салып алыңыздар, қарындарыңыз ашқанда немесе миларыңыз шаршағанда өте жақсы көмектесетін жидектер. Өзім соларды алып кірген болатынмын, абитуриенттер, сіздерге сәттілік серіктеріңіз болсын деймін! Ұпайларыңыз көршінің баласынан жоғары болсын", - деп кеңес берді Шиара Құдайбергенова.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

???? ҰБТ ға кеңесім ???? Қатты қобалжымаңыздар! ҰБТ 1 күндік сынақ ғана! ҰБТ өмірдің соңы емес! Бірақ жоғары ұпай алып , қалаған жоғары оқу орнына грантқа түсу мақсат! КЕҢЕС: Емтиxанға кірерде шоколад алып кіру керек, Миды жақсартады ДЕЙДІ???? Менің кеңесім шоколадтың орнына ауыз ашқанда жейтін құрма ???????? және мейіз) 1 уыс немес 2-3 штуктан қалталарыңызға салып алыңыздар ???? қарындарыңыз ашқанда немесе миларыңыз шаршағанда өте жақсы көмектесетін жидектер.???? Өзім соларды алып кірген болатынмын☺️ Абитуриенттер сіздерге сәттілік серіктеріңіз болсын деймін!???? Ұпайларыңыз көршінің баласынан жоғары болсын???????? #140 #УБТ2019 #prom2019 #ЕНТ #ЕНТ2019

Публикация от Shiyara Kudaibergenova (@shiyara_)

Еске салайық, былтырғы ҰБТ-да алматылық Шиара Құдайбергенова 140 балл жинаған жалғыз түлек болған. Ол - Алматы қаласы Қожа-Ахмет-Яссауи атындағы 123 мектеп-гимназиясының түлегі. Айта кетейік, Шиара қазіргі уақытта Алматы облысындағы Қаскелеңде орналасқан Сүлейман Демирел атындағы университетке түсті, бұл жоғары оқу орнында "Қаржы" мамандығы бойынша білім алып жатыр.

ҰБТ-да қандай жағдайда апелляция арқылы балл қостырып алуға болады?

ҰБТ-ға бір күн қалғанда не істеу керек - Психолог кеңесі

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 447.35   490.7   4.75 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети