ПОДЕЛИТЬСЯ
03 ноября 2022 | 12:22
"Қыста қарбыз сұрау". Жеріктіктің қандай түрлері болады?
Қазақта аяғы ауыр әйелдің жеріктігі неден болады? Ол кезде бала қандай да бір азықты қажет етеді деп саналады. Этнограф Болат Бопайұлы Massaget.kz тілшісіне әйелдің жерік болуына қатысты деректер айтып берді.

Жерік дегеніміз не?
Маманның айтуынша, әйел жүкті болғаннан кейін оның құрсағындағы бала ана ағзасындағы дәрумендермен қоректене бастайды. Бірақ кей ананың ағзасындағы дәрумендер іштегі баланың өсіп жетілуіне, азықтануына жетіспейді екен.
"Жаңа ғана адам суретіне айналып келе жатқан бөбек ана денесінен таба алмаған азығын ендігі жерде сырттан іздейді. Осы кезде іштегі баланың қажет еткен дәрумендерін анасы өз ағзасымен қамдап бере алмайды. Бала көксігіне қарай қажетті бір асқа жерік болады. Көксікті ас іздейді, жегісі келеді. Тоқ етерін айтқанда, жерік асы - әйелдің организмінде жоқ не өте аз дәрумендер. Мұны қазақ "ананың жерігі", "іштегі баланың көксігі" деп атайды", - дейді этнограф.
Материалдың толық нұсқасын мына сілтеме арқылы оқи аласыздар.
Показать комментарии
Читайте также