Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
29 июля 2019 18:17

Қызылордалық ақын Нұрмұхаммед Әбілқасымовтың жұбайы егіз баланы дүниеге әкелді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қалқаман Сарин мен Нұрмұхаммед Әбілқасымов © instagram.com/kalkamansarin_ Қалқаман Сарин мен Нұрмұхаммед Әбілқасымов © instagram.com/kalkamansarin_

Қызылордалық ақын Нұрмұхаммед Әбілқасымов егіз балалы болды. Сүйінші хабарды белгілі ақын Қалқаман Сарин Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасына жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қызылордалық ақын Нұрмұхаммед Әбілқасымов егіз балалы болды. Сүйінші хабарды белгілі ақын Қалқаман Сарин Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасына жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақынның айтуынша, Нұрмұхаммед ұлының атын ақынның құрметіне - Қалқаман, қызының атын - Қарақат қоймақшы екен.


©instagram.com/kalkamansarin_

"Менің досым, құрдасым, жақыным. Біз ұзақ сырласатынбыз. Армандарым көп дейтін. Сол асыл армандарының бірі - отбасын құрып, бала сүю болатын. Мен де ақынның сол арманы орындалса екен деп тілейтін едім. Міне, Құдай тағала сол күнге жеткізді. Тілегіміз қабыл болды! Нұрмұхаммед бір ұл, бір қыздың әкесі атанды", - деп ақын сүйінші хабарды жеткізген. 


Әбілқасымовтың 2015 жылы отау құрғаны белгілі. Олар шахмат турнирінде танысқан екен.

Айта кетейік, Нұрмұхамед Әбілқасымов барлық өлеңін аузына таяқша тістеп, ұялы телефонға хабарлама түрінде жазып шыққан. Осылайша, мүмкіндігінің шектеулігіне қарамастан, "Тағдырымның жанары", "Тасжарған" деген қос жыр жинағын жарыққа шығарды. Осыдан бірнеше жыл бұрын Нұрмұхаммед Әбілқасымов Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Қырымбек Көшербаевтың қабылдауында болған еді. Сол кезде Көшербаев талантты ақынға екі бөлмелі пәтердің кілтін табыстаған болатын. 

Нұрмұхамед Әбілқасымов - 1978 жылы 19 желтоқсанда Сырдария ауданы, Шіркейлі ауылында туған. 2012 жылы мүмкіндігі шектеулі жандар арасында шахматтан өткен облыс чемпионатында жеңімпаз болған. "Шабыт" фестивалінің лауреаты.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.22   490.7   4.81 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети