ПОДЕЛИТЬСЯ
12 октября 2023 | 06:31
Қызылордалық ұстаз 15 жылдан бері түрлі ерекше монета жинап жүр
Қызылордалық ұстаз Ғалым Ибраев монета жинауды бастағалы 15 жылдан асты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қызылордалық ұстаз Ғалым Ибраев монета жинауды бастағалы 15 жылдан асты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.
Кейіпкеріміз - Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің орыс тілі және әдебиеті кафедрасында аға оқытушы. Әріректе университеттегі бір әріптесі Оңтүстік Кореядан 100 вондық валюта әкеп беріпті. Содан бері сан алуан елдің ақшасын жинауды әдетке айналдырған. Нумизматтың қоржынындағы құнды дүниенің саны бүгінде 350-ден асып жығылады.
"Оның ішінде 40 шақты елдің қағаз, 50 шақты елдің металл ақшалары бар. Көбі – ТМД, Еуропа, Азия елдерінікі. Венесуэла, Куба, Марокко, Туннис, Мысыр және тағы басқа елдердің ақшалары. Ең ежелгісі - 14-15 ғасырлардағы Алтын Орда монетасы, онда екі бүркіттің басы бейнеленген", - дейді Ғалым Ибраев.
Ал ең көне қағаз ақша - 1899 жылы айналымға қосылған Ресей рублі. Коллекционер Ресей империясы тұсында шыққан ақшалардың құнын жоғары бағалайды.
"1909 жылғы 10 сомға сол уақытта 3 сиыр сатып алуға болады екен", - деді ол.
Кейіпкерімізге қолындағы дүниенің басым бөлігін негізінен жақын-жуық, дос-жараны сыйға тартқан.
"Монета алмасқаным болмаса, сатпаймын. Оның өз адамы бар. Мен - әуесқой нумизматпын", - деді ұстаз.
Ғалым Ибраев ақшаны жинап қана қоймай, әртүрлі танымдық шараларда, кездесулерде көпшілікке көрсетіп, кеңінен шолу жасайды. Студенттерге дәріс беру кезінде көрнекілік ретінде қолданады.
Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.
Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также