Астанада тұратын Ғибрат есімді қарттың әңгімесі жұртты жылатты. Қария 7 арнадағы "Бағытсыз қалған бейбақтар" тақырыбы қозғалған "Өз ойым" бағдарламасына қонақ болды.
Астанада тұратын Ғибрат есімді қарттың әңгімесі жұртты жылатты. Қария 7 арнадағы "Бағытсыз қалған бейбақтар" тақырыбы қозғалған "Өз ойым" бағдарламасына қонақ болды.
Қария бірнеше жылдық еңбек тәжірибесі болса да, қазіргі күнде қайыршылықпен күнелтіп жүр. Мешітте садақа ретінде берілетін асты қорек етіп, ақшаны нәпақа қылған қайыршы қазіргі өмірін ортаға салды. Тапқан ақшасына Астанадағы түнгі клубтарға 600 тенге төлеп түнейді екен. Арнаулы білім алған Ғибрат қария Ресейде орманда жалдамалы жұмыс істеп жүріп, жазықсыз істі болып, 9 жылға абақтыға отырып шыққанын айтады. Қазіргі таңда қарияның 30 жастағы Феруза есімді қызы бар.
"Қызыма хабарласып, қал-жағдайын сұрап едім, маған хабарласпаңыз, мені іздемеңіз деп жауап қайтарды", - деп көзіне жас алды қария. Оның бұл жағдайға түсуіне жары өзгемен көңіл қосып кетіп қалғаны себеп екен.
Бағдарламаға қатысқан нарколог маман Хамит Қуанған қайыршы азаматтың қандай дертке душар болғанын нақтылап, әрі қарай денсаулығына қатысты кеңес берді.
Айта кетейік, "Өз ойым" ток-шоуында жүргізушілер жанжалдасып қалған тараптарды ашық диалог арқылы татуластыруға тырысады, ал көрермендерге жағдайдың анық-қанығына көз жеткізуге көмектеседі. Сонымен қатар, айтылғанның барлығын кесіп-пішіп, шешілмейтіндей көрінген түйінді мәселені тарқатуға тырысады.
Бір жарым сағаттық ток-шоу сейсенбіден жұмаға дейін сағат 15:00-де көрсетіліп жүр. Телеарна студиясы мен сайтындағы интерактив кезінде көрермендердің дауыс беруі жүреді.