21 октября 2019 | 18:37

Мәлімдемелері үшін басы дауға қалған Мұхамеджан Тазабек жайлы не белгілі?

Мұхамеджан Тазабек

Соңғы уақыттары Мұхамеджан Тазабек - мәлімдемелері жиі талқыға түсіп жүрген тұлға. Оның айтқан әрбір сөзі желіде қызу талқыланатыны белгілі. Бүгін білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Тазабектің мектептерде дәріс өткізуге құқығы жоғын мәлімдеген. Тengrinews.kz тілшісі Мұхамеджан Тазабек жайлы мәлімет жинады. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Соңғы уақыттары Мұхамеджан Тазабек - мәлімдемелері жиі талқыға түсіп жүрген тұлға. Оның айтқан әрбір сөзі желіде қызу талқыланатыны белгілі. Бүгін білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Тазабектің мектептерде дәріс өткізуге құқығы жоғын мәлімдеген. Тengrinews.kz тілшісі Мұхамеджан Тазабек жайлы мәлімет жинады. 

Мұхамеджан Тазабек 1975 жылы 3 шілдеде Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Шахан ауылында дүниеге келген. Ол - айтыскер ақын, "Асыл арна" телеарнасының негізін салушы әрі директоры. 

Реклама
Реклама

Ақын Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Мұхтар Әуезов атындағы орта мектепті үздік бітіріп, 1992-1996 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін "филолог, орта оқу орнының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы" біліктілігі бойынша тәмамдаған. "Әдебиеттану" мамандығы бойынша 1998 жылы магистр, 2000 жылы аспирант дәрежесін алған. 2011 жылы Шетел тілдері мен іскерлік карьера университетін "Дінтану" мамандығы бойынша бітірген. 

Айтыс сахнасына ол 1987-1988 жылдары оқушы кезінен шыға бастады. Айтыс өнерінде 20 жылға жуық уақыт жүрген ақынның отбасы бар. Бір ұлы, төрт қызы бар. Instagram желісінде 1 миллион оқырманы бар ақын желіде белсенді қолданушы. Оның Facebook желісінде 43 мыңға жуық оқырманы бар. 

Мұхамеджан Тазабектің айтыс өнеріндегі шығармашылығына түбейгейлі өзгеріс алып келген тұс 1990 жыл болды. Сол жылы Бауыржан Момышұлының 90 жылдығы құрметіне және Сыпатай батырдың 210 жылдығына арналған дүбірлі айтыстар өткен. Сол айтыста ақын бас жүлде алып, артынша облыстық телеарнада "Мұхамеджанның ақ боз аты" атты деректі фильм түсірілді.

Айтыскерліктен бөлек ақын әншілік және актерлік өнерімен де танылып үлгерген. 1996 жылы "Жамбылдың жастық шағы" фильмінде Жамбылдың образын сомдап шыққан. Тазабеков ақындық өнерімен ғана емес, ән әлемінде де жақсы танылған. Ән өнерін қуып президенттік оркестерде жұмыс істеген. 

1999-2001 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланының "Президенттік оркестр" бөлімшесінде әскери міндетін өтейді. 1997-2003 жылдар аралығында аталған бөлімшеде "Президенттік оркестр орындаушысы" болған. 

Ақынның қызу талқыланған мәлімдемелері

Мұхамеджан Тазабек ашық-шашық киінетін қыздарды сынға алып, жартылай жалаңаш жүретін қыздардың салдарынан ер-азаматтардың қатерлі ісік пен импотенцияға шалдығатынын мәлімдеген. 

"Қазіргі таңда қыз-келіншектердің ашық-шашық киінуі күн сайын көз көріп жүрген қалыпты жағдайға айналды. Ал сол жалаңаштанудың "өз иесімен" қоса, айналасындағыларға аса қауіпті екенін білеміз бе? "Әйелдердің "барын" көрсетіп жүруі - ер адамдардың құмарлығын оятып, "жыныстық стресс" туындатады, соның әсерінен ауыр ішкіоргандық "жыныстық кері қайту" комплексі іске қосылады, ал ол - импотенция мен рак ауруларына алып барады" дейді дәрігерлер. Қазіргі таңда аденома мен простата рагына шалдыққан ерлердің саны күн сайын артуда (әлем бойынша ер адамдардың 40 пайызы осы ауруға шалдыққан).

Желі қолданушылары ақынды сол кезде пойызда зорланған қыздың оқиғасы өршіп тұрған уақытқа тұспа-тұс келгені үшін және бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтыны үшін сынға алған. 

"Қазақстанда аузы қимылдағанның қолы қимылдайды"

"Қазақстанда ешкім аштан өлмейді. Қазақстанда аузы қимылдағанның қолы қимылдайды, қолы қимылдағанның аузы қимылдайды. Алаңға келген адамдардың 50 пайызын "жертво" қылып шығарып жатыр. Сіз "приказбен" келдіңіз бе? Мемлекет үшін шаруаңызды жасаңыз".

Бұл ақын Тазабектің  полицейлермен кездесуінде сөйлеген сөзі. Тазабектің осы сөзі де қызу талқыға түсіп, желі қолданушыларының ашуын туғызған. Көп ұзамай, Мұхамеджан Тазабек Instagram желісіндегі парақшасында сынап-мінегендерге жауап беріп, видеоның монтаждалғанын алға тартқан. 

Артынша 10 қазанда Ішкі істер министрлігі Тазабектің "полицейлерге уағыз жүргізу" фактісін тексеріп жатқанын хабарлаған. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчи мәлімдеген.

"Әрбір мемлекеттік органның ақпараттық жұмыс жүргізу жоспары болады. Олар сұхбат өткізуге лайықты деп тапқан қоғам қайраткерлерлерін шақырады. Ал нақты жағдайда қазір біз бұл кездесудің маңызын, мазмұнын, форматын тексеріп жатырмыз. Баға бергеннен кейін шешім қабылдаймыз. Тексеру аяқталмайынша, түсініктеме бермеймін", - деген еді Калайчиди кезекті сенат отырысынан кейін журналистерге.

Ал білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке Парламент Мәжілісінің кулуарында журналистердің "Мұхамеджан Тазабек мектепте дәріс өткізді ме?" деген сауалына министр мектеп қабырғасында сырттан келген адам дәріс секілді қандай да бір іс-шараны өткізе алмайтынын айтқан.

"Ол өткізе алмайды. Діни немесе басқа да мәселелерді меңзеп тұрсаңыз, білім беру ұйымдарына кез келген адам келіп өзінің діни көзқарасы туралы айта алмайды", - деген еді білім және ғылым министрі.

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная