ПОДЕЛИТЬСЯ
07 декабря 2018 | 20:30
Мамандар қанша жастан бастап отбасы құру керек екенін айтты
Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Ерте үйленудің ертеңі қандай?" тақырыбы талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Ерте үйленудің ертеңі қандай?" тақырыбы талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бағдарлама барысында 18 жасында 2 баланың анасы атанған Ақмарал есімді қонақ келді. Оның жолдасы Ерланның жасы отбасын құрған сәтте 21-де болған.
"11-сынып оқып жүргенімде тұрмысқа шықтым. Болашақ жарым ата-анамның рұқсатын алды. Себебі мен жүкті едім. Осылайша мені алып қашты. Менің анам 1973 жылғы, мектеп бітіре салысымен 18 жасында тұрмысқа шыққан. Менен үлкен ағам бар. Анам іштей қобалжыды, себебі өзі де ерте тұрмысқа шықты. Себебі қиындықтар болады, соған төтеп беріп, шыдау керек. Әкем мен анам кішкентай кезімде ажырасып кеткен, мен анамның қолқанаты болдым. Отбасымызда төрт бала. Төртінші сыныптан бастап еңбекке араластым. Ішкі жан дүнием ерте есейді. Өзіммен жастылармен әңгімем үйлеспейді. Менің түсінігім де, ойлауым да басқаша. Ересек адамдарша өстім. Тұрмысқа шыққанымда өкіндім, себебі арман-мақсатым көп еді, - дейді Ақмарал Ғилашова.
Ақмарал 17 жасында күйеуге шықса да қазіргі таңда ЖОО-да білім алып, жеке кәсібін бастап жатыр.
"17 жасымда аяғым ауыр болды. Дәрігерге барғанда қатты ұялатын едім. Елдер менімен қатар қызы барын, оқуға түсуге дайындалып жүргенін айтатын. Босанғаннан кейін, 10,5 айда перзентханаға қайта бардым. Сол дәрігер маған былай "Ақмарал Ғилашова, не болды сізге қоян ұқсап" деді", - дейді Ақмарал Ғилашова.
Ал сексолог Венера Телжан кәмелетке толмаған қыздардың жыныстық қатынасқа түсуі болашағын құртумен тең деп есептейді.
"Өкінішке қарай, қазіргі көптеген қазақ қызы жыныстық қатынасқа ерте түсуіне байланысты өмірі құрдымға кетіп бара жатыр. Ол егер 16-17 жасында тұрмысқа шығуды, не алданып қалып жүкті болып жатса оның тәрбиесі қандай болғаны? Мұның барлығы ата-анасының жыныстық қатынас туралы тәрбие бермеуінің және баланың мүлде бұдан хабарсыз болуынан шығады. Екі жас бірін-бірі сүйіп қосылып жатса, әрине жақсы ғой, алайда 80-90 пайыз жас қыздар бала көтеріп қойып, мәжбүрлі түрде тұрмысқа шығып жатады. Өздері жап-жас болып, балаға қандай тәрбие бермекші? Ата-анасы қолдау білдіріп, бірге тұрып жатса онда оңалып кетеді. 18 жасында тұрмысқа шықсын деген заң жайдан-жай шығарылмаған ғой. Онда барлық фактор ескерілген", - дейді сексолог Венера Телжан.
Ал 18 жасында күйеуге тиген Ұлпан жігіт қыз баладан 6 жас үлкен болуы керек дейді.
"Ер адам ерте үйленіп жатса, бала махаббатқа беріліп, отбасымды асырауға шамасы жететініне сенім болады. Алайда дүниеге бала келгенде, отбасылық қиындықтар мен балаға жұмсалатын шығындар оны шаршатып жіберуі мүмкін. Менің төрт балам бар. 18 жасымда тұрмысқа шықтым, жолдасым менен алты ай (17 жаста) кіші. Мұны өз тәжірибемнен айтып отырмын", - дейді Оразxан Ұлпан.
Бағдарламаға арнайы шақыртылған психолог маман қай жастан бастап жыныстық қатынасқа түсу керектігін айтты.
Айта кетейік, "Өз ойым" бағдарламасы 27 маусымнан жаңа санын бастады. Бағдарламаның ең басты жаңалығы ток-шоу дүйсенбі-жұма аралығында көрсетілетін болды. Түрлі әлеуметтік тақырыптарды қозғайтын бұл ток-шоу әлі талай қызықтарға толы.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также