ПОДЕЛИТЬСЯ
26 августа 2020 | 09:11
Маска және қолғап. Шетелде пандемия кезінде үйлену тойлары қалай өтті?
Коронавирус пандемиясы биыл шаңырақ құруды жоспарлаған жұптардың жоспарын жоққа шығарды. Себебі карантин кезінде біраз елде жаппай іс-шара ұйымдастыруға тыйым салынды. Бірі коронавирус той жасайтын кез емес десе, енді бірі қуаныштарын шағын түрде болса да өткізген. Шетелде пандемия кезінде неке қию рәсімдері қалай өтті? Tengrinews.kz тілшісі шолу жасады.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Коронавирус пандемиясы биыл шаңырақ құруды жоспарлаған жұптардың жоспарын жоққа шығарды. Себебі карантин кезінде біраз елде жаппай іс-шара ұйымдастыруға тыйым салынды. Бірі коронавирус той жасайтын кез емес десе, енді бірі қуаныштарын шағын түрде болса да өткізген. Шетелде пандемия кезінде неке қию рәсімдері қалай өтті? Tengrinews.kz тілшісі шолу жасады.
Жалпы Еуропа елдерінде үйлену тойларына онсыз да адам аз жиналатыны белгілі. Германияның Кёльн қаласында пандемия кезінде ерекше тойлардың бірі болған. Бұл жолы үйлену тойы рәсіміне екі жастан басқа ешкім қатыспаған. Маттиас және Сара үйлену тойларын пандемияға қарамастан жасауға шешім қабылдаған. Ал олардың куәгері Франциядан ұшып келе алмаған. Сондықтан шара онлайн жүргізілген.
"Пандемия кезінде неке қию рәсімінің өзі романтикаға толы өтетін секілді", - дейді қаладағы АХАЖ бөлімінің қызметкері Мартина Кёстлер Euronews-ке берген сұхбатында.
Ал жас жұбайлар "Қазір үйге қайтып кетеміз" деп қуанышын жасырмаған.
Ал бұл Израильде 18 наурызда өткен үйлену тойының басты кейіпкерлері. Бүгінде бұл елде коронавирус жұқтырғандар саны 105 мыңнан асқан.
Германиялық Янине және Филип Щольцтың неке қию рәсімі автокинотеатрда өткен. Сахнада ақ дастарханның үстінде неке қию рәсімін өткізіп жатқан жастарды құттықтауға келген қонақтар оларды көлікте отырып тамашалаған.
Палестиналық қалыңдық пен күйеу жігіт беттеріне маска тағып, қолына қолғап тағып шыққан.
Германияда 2020 жылдың 20 наурызында өткен тойға келген қонақтар арақашықтық сақтауға тырысқан.
Медициналық маска - биыл сәнге айналғаны сөзсіз. Әдеттегі қалыңдық фатасы мен көйлекпен қатар қорғаныш маскалары да берілген. Бұл - берлиндік сәнгер Фридерика Йорцигтің жұмысы.
Ал бұл тойларын коронавирусқа байланысты ешбір қонақсыз өткізген неапольдық жас жұбайлар.
Бұл АҚШ-тың Нью-Йорк штатындағы медицина қызметкерлері Кашиф Чаудхри мен Наиля Ширенның үйлену тойындағы сәті.
Вирус өршіп тұрған кезде, Кореяда 10 ақпанда бірден 6000 жұп үйленген. Олардың көбі өзге де жұптар секілді беттеріне маска тағып шыққан.
© twizz.ru
Суреттер: Reuters және Deutsche Welle
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также