07 сентября 2021 | 16:10

Мектептегі дезинфекция әнші мен блогерді шошытты. Министрлік жауабы

Мектептегі дезинфекция шаралары

Әлеуметтік желілерде мектептердің біріндегі оқу кабинетінде дезинфекция жасағандардың суреті жарияланды. Бұл суретті танымал әншілер мен блогерлер таратып, неге бұл шара түнде жасалғанын анықтауды сұраған. Қолданушылар арасында конспирологиялық пікір айтқандар да болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Әлеуметтік желілерде мектептердің біріндегі оқу кабинетінде дезинфекция жасағандардың суреті жарияланды. Бұл суретті танымал әншілер мен блогерлер таратып, неге бұл шара түнде жасалғанын анықтауды сұраған. Қолданушылар арасында конспирологиялық пікір айтқандар да болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мысалы, әнші Алтынай Жорабаева "Не шашып жүр? Статистикаға жұмыс жасап жүр ме? Кімге сенеміз?" деп жазба жариялаған. Алайда ол жазбасын өшіріп тастаған. Бұл суретті кейінірек блогер Дәулет Мұқаев та жариялаған.

"Түн ішіндегі мектеп! Дезинфекция ма, әлде басқа нәрсе шашу ма?! Біздің жоғарыдағы кейбір сәуегейлер күзде балалар көп ауырады... Сол үшін балаларға вакцина керек деп жатыр еді. Сіз не дейсіз? Ойыңыз...", - деп жазған ол.

Реклама
Реклама

Алайда Білім және ғылым министрлігі өкілдері бұл дезинфекция жұмыстары екенін және сұйықтықтың еш қаупі жоғын ескертті.

"Осыған дейін хабарлағанымыздай, мектептерде дезинфекциялау жұмыстары жүргізіледі. Пайдаланылатын сұйықтықтың еш қаупі жоқ. Яғни, дезинфекциялық жұмыс балалардың денсаулығын қорғау үшін жүргізіледі. Керісінше, еліміздегі басқа мектептерде де дәл осындай санитарлық шаралар жүзеге асырылуы тиіс", - деп түсіндірді ведомство өкілі.

БҒМ өкілі бұл шара түнде емес, сабақтан кейін, кешкі уақытта жасалатынын түсіндірді.

Айта кетейік, еліміздің бас санитария дәрігері Ерлан Қиясовтың оқу жылы қарсаңында, 25 тамызда қол қойған қаулысында дезинфекциялау шараларын күшейту талабы жазылған.

"Үй-жайларды ылғалды жинау және дезинфекциялау, үй-жайлардың ауасын желдету және зарарсыздандыру режиміне қойылатын талаптарды сақтау", - делінген құжатта. 

Былтырғы қыркүйекте дезинфекторлардың жұмысы туралы фоторепортаж жариялағанымызды да айта кетейік.

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная