11 марта 2019 | 20:53

"Менен де биік жігіттерді көрдім" - Бойы 2 метр қазақстандық

видеодан үзінді

Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Ерекше жандар" тақырыбы талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Ерекше жандар" тақырыбы талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бағдарламаға Қазақстандағы бойы ең биік адам келді. Қалдыбай Атажановтың бойы -  2 метр 14 сантиметр. Ал жасы 65-те. Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің "техниалық мамандықтарға арналған дене тәрбиесі" кафедрасының аға оқытушысы, Қазақстан Республикасының жоғарғы ұлттық төрешісі.

Реклама
Реклама

"1972 жылы әскерге кеттім (бойым 1,97 метр). Тынық мұхитта үш жыл бойы борышымды өтедім. 1975 жылы қайтып оралғанымда 214 сантиметр болдым. 1976-1980 жылдары Алматыда Қазақ мемлекеттік университетінде білім алдым. Содан жолдамамен, қазіргі Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде жұмыс істеп келемін. Негізі зейнетке шыққанмын, бірақ әлі де сонда жұмыс істеймін. "Жастарға бата беріп отырсын" дейді жұмыстағылар. Әр түрлі жағдай болады әрине, бірақ мен арықтаған да, семірген де емеспін. 17 жыл бойы еліміздегі барлық теледидардан көріндім. Әскерде жүргенімде Балтық елдерінен келген жігіттер болды, менен едәуір биік еді", - дейді Қазақстандағы ең биік адам.

Бағдарлама барысында студияға әлеуметтік желі арқылы көрермендерге танымал Тұрсынай Қабыл келді. Ол - паралимпиадалық пауэрлифтингтен халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Бойы 1 метр 20 сантиметр болғанымен ата-анасының бойлары биік екенін айтады.

"Мысалы менің отбасымда барлығының бойы биік. Әкемінің бойы - 185 сантиметр, ал анам - 170 сантиметр. Барлығы ата-анамның бойы кішкентай деп ойлайды. Зілтемір көтеремін. Үш жылдан бері айналысып келемін. Бұрындары бокспен шұғылдандым", - дейді Тұрсынай Қабыл.

Бағдарламаның тағы бір қонағы ерекше жан болуына бойындағы тамырлары әсер еткенін айтады. Диананың айтуынша, жеті жыл бұрын оның қолындағы тамырлары қатты шығып, "Алла" деген жазу пайда болған. 

"Бұл жазудың пайда болғанына жеті жыл болды. Тұңғыш қызыма аяғым ауыр еді, Рамазан айы кезінде жолдасыммен бірге ауызашарға барғанбыз. Құран оқып отырған сәтте қолдарыма қарасам, тамырларым қатты шығып тұр екен. Қатты таңғалдым. Жолдасыма көрсеттім. Ол да бірден қандай жағдай екенін түсінді. Барлығына көрсетіп жүрдім. Босанған соң кететін шығар деп ойладым. Себебі мен осы жағдайды жүктілікпен байланыстырдым. Бірақ жазу кетпеді. Кейде қатты шығып тұрады, кейде көрінбей қалады", - дейді Диана. 

Ал келесі кейіпкер Алтынбекті Астана тұрғындарының басым көпшілігі саябақтан көрген. Ол бос уақытында саябақта ән айтып, пианинода ойнайды. Ол өзінің бұл жобасын халықтың назарын сапарлы өнерге бұру деп біледі.

"Маған Көкшетауда жақсы бір колледж бар деп айтты. Мен бардым, оқуға түсіп, төрт жыл оқып шықтым. Сол колледжде фортепианомен таныстым. Екінші махаббатым деп ойлаймын. Бірінші махаббатым - өмір, отбасым, ән салу. Колледжді үздік дипломмен тәмамдап, "Шабыт" өнер академиясына түстім", - дейді Ақниет Алтынбек.

Айта кетейік, "Өз ойым" бағдарламасы 2019 жылы 21 қаңтардан жаңа санын бастады. Бағдарламаның ең басты жаңалығы ток-шоу дүйсенбі-бейсенбі аралығында көрсетілетін болды. 

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная