21 марта 2021 | 13:16

Навруз, Нооруз, Невруз. Әлем елдерінде Наурыз жөн-жоралғылары қандай?

Фото: el.kz

Наурыз мейрамы - күн мен түн теңеліп, жер дүние жаңаратын көктемнің ұлы мерекесі. Ұлыстың ұлы күні 21-нен 22-не қараған түні басталып, бір аптаға дейін тойланады. Жалпы Наурыз парсы тілінен аударғанда "Навруз" - "Жаңа күн" деген мағынаны білдіреді. Оның емлесі мен айтылуы әр елде әртүрлі. Қазақстанда Наурыз болса басқа елдерде - Новруз, Навруз, Нуруз, Невруз, Нооруз. Әр елдің өзіне тән ұлттық тағамдары, наным-сенімдері бар.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Наурыз мейрамы - күн мен түн теңеліп, жер дүние жаңаратын көктемнің ұлы мерекесі. Ұлыстың ұлы күні 21-нен 22-не қараған түні басталып, бір аптаға дейін тойланады. Жалпы Наурыз парсы тілінен аударғанда "Навруз" - "Жаңа күн" деген мағынаны білдіреді. Оның емлесі мен айтылуы әр елде әртүрлі. Қазақстанда Наурыз болса басқа елдерде - Новруз, Навруз, Нуруз, Невруз, Нооруз. Әр елдің өзіне тән ұлттық тағамдары, наным-сенімдері бар.

Наурыз - Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Түрікменстан, Тәжікстан, Иран, Әзербайжан, Албания, Ауғанстан, Ирак, Күрдістан, Үндістан, Македонияда мемлекеттік мереке ретінде тойланады. Татарстан, Башқұртсан, Қытай және Жапонияда жергілікті деңгейде, Грузияда ұлттық мереке ретінде атап өтіледі. 

Қазақстан - Наурыз мейрамында мол дастархан жайып, қонағына Наурыз көжеден дәм татуды ұсынады. Ол жеті түрлі дәмнен дайындалады. Жастар жиналып ұлттық ойындар ойнап, салт-дәстүрді жаңғыртады. Ескіден арылып, жаңа дүниесін шығарады. Ал өзге елдерде Наурыздың басты тағамы не? Наурыз көже барлық елде дайындала ма?

Реклама
Реклама

© voxpopuli.kz

Мысалы, Түркияда Невруз Байрамды 1925-1991 жылы тойлауға ресми түрде тыйым салған. Тек ХХ ғасырдың 90-жылдары көктем мерекесін атап өтуге рұқсат берілді. Наурызға дайындық кезінде алдын ала бидай дәнін егіп, тәтті тағамдар дайындауға кіріседі. Дастарханға жеті түрлі дәстүрлі тағам қояды. Оның бірі - сумаляк. Бидай өсікінінен жасалатын тағам. Одан бөлек дастарханға түрлі-түсті жұмыртқа қояды. Ол жаңа өмірдің бастамасы. Далада от жағып, одан жеті рет немесе жеті оттан секіреді. Бұл алдағы жылдың сәтті өтуіне деген сенім. 

Иран мен Ирактағы Күрдістан – Новруз немесе Но-руз. Жеті түрлі тағам, боялған жұмыртқалар және айнадан бөлек дастарханға отбасындағы әр балаға арнап майшам қояды. Оларды өзі жанып бітпейінше сөндірмейді. Тағы бір ерекшелігі үстел үстіне кітап, "алтын балық", тиындар қояды. Әр заттың мәні зор. Тиын-байлықты, кітап-рухани дүниені, судағы балық-өмірді, жылдың жаңарғанын білдіреді. Наурыз 12 күн тойланып, 13-ші күні халықтың сеніміне байланысты тоқтайды. Бұл күні бүкіл халық табиғат аясында сейіл құрады. Өздерімен бидай өскінін алып шығады. Оны отырған жерінде қалдырып кетеді немесе өзенге ағызып жібереді. Бұл 13-ші күннің жағымсыз энергиясынан құтылу үшін жасалады екен.

©BazarIran

Өзбекстанда – Навруздың алғашқы күні міндетті түрде қонақ шақырылады. Алдағы жылдың қалай өтетіні бірінші келген қонақтың мінез-құлқына сәйкес болады деген сенім бар. Дастархан жайылып, ең басты тағам - сумаляк қойылады. Оның дайындалуы Наурыздағы ең басты шара. Дайындық 21 наурызда түнде басталады. Тағамға бидай өскінін, ұн және дәмдеуіштер қосады. Бидай өскіні - жаңа өмірді, денсаулықты, молшылықты білдіреді.

Қырғызстанда - Нооруз. Жалпы Орта Азиядағы бірқатар елде сумолок дәстүрлі тағам. Оны тек әйелдер дайындайды. Қазандағы тамақты түні бойы көрші-қолаң жиналып араластырады. Оған жеті ұсақ тас қосады. Кесесіне тастың бірі түскен адам жылды сәтті өткізеді деген сенім бар. Дәл осы тағам Ауғанстанда да жасалады. Онда самонаг деп аталады. Дайындау кезінде әйелдер хормен дәстүрлі әндер айтады. Ал таңертең дайын болған тағамды бәрі бөлісіп алады. Дастарханға жеті түрлі жеміс дәнін қою дәстүрге айналған.

©Gazeta.uz

Түрікменстанда – Новруз қарсаңында отбасы мүшелері жаңа киімдерін киіп, үй ішін өрік, алма ағаштарымен безендіреді. Жаңа ыдыс-аяқтарын шығарып, дастархан жаяды. Ол - "хафт син" деп аталады. Үстел үстіне арабша "син" әрпінен басталатын жеті өнім (хафт) қойылуы керек. Олар: рута тұқымы - сипанд, алма - себ, жеміс сүйегі - сиахдана, зәйтүн - санжид, сірке суы - сирке, сарымсақ - сир, бидай өскіні - сабзи. Оған қоса ұлттық тағам семени дайындалады. 

Дәл осы тағам Әзербайжандағы Новруз Байрамында да дайындалады. Бірақ сәл өзгеше сэмени (бидай өсікін) деп аталады. Екі апта бұрын бидай егіп, оны баптап өсіреді. Наурызда сэмениді қызыл жіппен байлап дастарханға қояды. Оны базардан сатып алуға немесе сұрап алуға болмайды. Әр отбасы арнайы өсіруі қажет. Оған қоса дастарханға "с" әрпінен басталатын жеті тағам қойылады. Олардың ішінде маңыздысы скэд (сүт), сирке (сірке суы) және сэмени. Мейрамның негізгі тағамы - күріш. Ол ет, тауық, балықпен дайындалады. Үстел үстіне боялған жұмыртқа, айна, майшамдар қойылады. Көшелерден түйелер керуені өтеді. Бұл қариядан балаға дейін асыға күтетін ерекше шара.

©Depositphotos

Қытайда көктем мерекесі Чуньцзе деп аталады. Дәстүрлі тағам ретінде цзяоцзы дайындалады. Ол тұшпараға ұқсас тағам. Қамыр ішіне әртүрлі қоспа салынады. Олардың бірінде тиын болуы мүмкін. Оны тапқан адам тілек тілейді. Үйдің іші қара, ақ, қызыл, сары, жасыл түстермен безендіріледі. Олар: металл, су, от, жер, және ағаш. Жапония халқы да бұл түстерге ерекше мән береді. Сондықтан осы түстермен безендірілген айдаһарлар шеруі ұйымдастырылады. Онда ұлттық тағам ретінде 5 дәм: соя, қызыл бұршақ, гаолян (тары тұқымдас дән) және күріш қосылған тағам пісіреді. Халық көшелерге шығып, сауық-сайран құрады.

Наурызда араздықты ұмытып, туыс-туғандарды аралап, қарттарға амандық-саулық тілеу, жасы кішілерге ізет көрсету бірқатар елде сақталған. Сонымен қатар, жеті санына ерекше мән берген. Қай елді алып қарасаңыз да дастарханға жеті түрлі ас қою, жеті дәм қосылған тағам пісіру, жеті оттан секіру тәрізді наным-сенімдері бар. Көбіне ортақ тағам - бидай өскіні. Ол - көктемнің, жаңарудың, жаңа өмірдің, денсаулықтың белгісі. Қай елде тойланса да Наурыз - жаңа жылдың басы, молшылық пен береке-бірліктің мерекесі. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная