Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
19 октября 2018 20:30

"Немере бақпаймын, менің де өз өмірім бар" - Зейнеткер

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Немеремді неменеге бағамын?" тақырыбы талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Немеремді неменеге бағамын?" тақырыбы талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бағдарлама барысында эфирге Назгүл Ахунова есімді әже өзінің немерелерін 24 сағат бойы қарап, бағуына қарсы екендігін айтты. Алпыстағы әжей балаға ата-ананың тәрбие бергені дұрыс дейді.

"Мен немере бақпаймын, немере өз ата-анасымен бірге болуы керек. 24 сағат ата-анасының бауырында болғаны абзал. Бізге тек қонаққа келіп тұрса да болады. Менің өз өмірім бар. Әрине мен олар үшін жанымды беремін, бірақ түннің бір уағында бесік тербетіп, жаялығын ауыстырып, аулада артынан бүкіреңдеп жүгіріп жүрмеймін. Немерелерім үшін ауқымды жұмыстар жасаймын. Немерелерімінің барлық мұғалімінің нөмірін білемін, келіндерімнің шеше алмаған мәселелерімен айналысамын. Немерелерімді шипажайға жіберемін", - дейді Назгүл Ахунова.

Зейнет жасындағы Назгүл Ахунова өзінің жеке өмірі жайлы айтып берді. 

"Немерелерім өз үйлеріне кеткенде құлазып қалатынымыз рас. Бірақ тезірек алып кетіңдер дейтін де кездер болып жатады. Менің 13 немерем бар, олар рет-ретімен келмесе, мен үлгере алмай қаламын. Жолдасым екеуміз неше түрлі үйірмеге қатысамыз. Концерттерге барып, шахмат үйірмесіне қатысамыз. Құрбыларыммен бірге аптасына екі рет бассейнге барып тұрамын. Той-томалақтарымыз бар", - дейді 13 немеренің әжесі. 

Жұмагүл Ысмаилова түбегейлі немерені әжесі қарағаны дұрыс санайды. Оның үлкен қызы да әжесінің қарауында болған. Баланы бауырына салу дәстүрі бойынша қызы енесінің қолында болған. Тіпті осы күнге дейін ол өз қызы оны атымен атайтынын жасырмады.

"Бұрыннан ата-бабамыздан келе жатқан салтымыз емес пе? Менің тұңғыш қызым 40-та, ол мені өз атыммен атайды. Кемпір-шалдың тәрбиесінде болған. Күйеуге шыққанда "анаңды өз атымен айтқан ыңғайсыз емес пе?" деп сұраған. Ол мені осыншама жылдан соң қалай "мама" деп атасын. Мен де осыған үйреніп кеттім. Маған Жұмагүл десе, соған мәз боп отырамын", - дейді Жұмагүл Ысмаилова. 

Балаларды дамыту орталығының ди⁠ректоры Арна Қожаназарова өзіне басым көпшілігі ата-әжелер келетіндігін жасырмады. Көпқабатты үйде тұрғандықтан, қазіргі таңда ата-әже, әке-шешені де түсінуге болады дейді.

"Бес-алты немеремді бақтым. Сосын шама болмай қалды. Ұлттық дәстүрімізге сай шаралардың барлығын өзім жасаймын. Аптасына бір рет келіп тұрады, келе алмай жатса, қоңырау шалады", - дейді бағдарламаға арнайы шақыртылған әжей. 

Бағдарламаның көрермені болған Нұрғиса есімді жігіт әжесімен өткізген күндерін сағынышпен еске алатынын айтады. 

"Ауылда он жасыма дейін тұрдым, сосын қалаға көшіп кеттім. Әжем мені жай ғана Нұрғиса деп атайтын. Әжем қаталдау кісі. Әжеммен тұрған кезімді сағынамын. Аудандық білім бөлімінің басшысы болған әжем сабаққа бармай қалсам, мені қорғаштап жүретін", - дейді Нұрғиса.

 

Айта кетейік, "Өз ойым" бағдарламасы 27 маусымнан жаңа санын бастады. Бағдарламаның ең басты жаңалығы ток-шоу дүйсенбі-жұма аралығында көрсетілетін болды. Түрлі әлеуметтік тақырыптарды қозғайтын бұл ток-шоу әлі талай қызықтарға толы. Жоба авторлары тағы қандай тосын сыйлармен қуантпақ.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.78   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети