31 августа 2021 | 09:28

"Невада-Семей" қозғалысын фотоальбом қылып қалдырған - Қалиғұмар Қабдешев

27 тамызда Қазақстан журналистер одағының пресс-клубында "Невада-Семей" халықаралық антиядролық қозғалысының 30 жылдығына орай пресс-конференция өтті, Қалиғұмар Қабдешев ағамызды белсенді қатысушы мүшесі, тарих бетіне фотоальбомдарды арқылы қалдырғаны үшін, медальмен марапатталды. Олжас Сүлейменов ағамыз шын жүректен ризашылығын білдірді. Расында да Қалиғұмар ағамыздың мұрағаты, тұнып тұрған аса құнды тарих.

ПОДЕЛИТЬСЯ

27 тамызда Қазақстан журналистер одағының пресс-клубында "Невада-Семей" халықаралық антиядролық қозғалысының 30 жылдығына орай пресс-конференция өтті, Қалиғұмар Қабдешев ағамызды белсенді қатысушы мүшесі, тарих бетіне фотоальбомдарды арқылы қалдырғаны үшін, медальмен марапатталды. Олжас Сүлейменов ағамыз шын жүректен ризашылығын білдірді. Расында да Қалиғұмар ағамыздың мұрағаты, тұнып тұрған аса құнды тарих.

Қабдешев қазақтың жаны жайсаң жақсы азаматы. Өмірден көргені де, түйгені де көп қадірлі қария. Бар ғұмырын сүйген кәсібіне арнаған ардақты адам. Фотосурет түсіруді өнер дәрежесіне көтерген шынайы шебер.

Реклама
Реклама

Ұзақ жылдар бойы фотоаппаратын қолына ұстап, ол бармаған Ұлы Даланың өңірі, аймағы аз. Малшы, егінші, кенші, өнерпазды қырағы объективіне алды, таңғажайып табиғат көріністерінің қайталанбас бейнесін жасады.

Әсіресе, Қалекеңнің әйгілі әртістер мен театр өнері туралы суреттерінің жөні бөлек. Өзі, шын мәнінде, қазақ театр өнерінің шежірешісі атанды.

Қалиғұмар Қабдешұлы 1974 жылдан бастап фотосуретке түсірумен кәсіби түрде айналыса бастады. Оның портрет, репортаж, фотоочерк жанрларындағы, өнерді, табиғатты, еліміздің ауыл шаруашылығы, өндірісі мен экономикасын бейнелейтін фотосуреттері халықаралық "Достық" қоғамы арқылы Үндістан, Шри-Ланка, Мальдив, Чехословакия, Болгария, Польша, Румыния сияқты шет елдердің үлкен көрмелеріне шығарылды. Бұл суреттер қазір мемлекеттік архивте сақтаулы.

"Фотосуретке түсірумен жас кезімнен, алпысыншы жылдардан бері айналысам. Негізгі тақырыбым, өнер, соның ішінде театр саласы. Барлық спектакльдерге қатысып, актерлерді, олардың рольге кірген бейнелерін тура тауып суретке түсірдім. Осы тақырыпта жеті-сегіз кітап шығардым, олардың үшеуі - Әзірбайжан Мәмбетов, Асанәлі Әшімов, Досхан Жолжақсыновтың әр жылдары сахнада ойнаған рольдерін бейнелейтін суреттер. Бұл бағытта жасаймын деп жүрген әлі де идеяларым бар. Сонау 60 - жылдардағы актерлерден бастап 41 әртістің фотоэнциклопедиясын жасамақпын. Оның макеті, жоспары дайын, екі том болып шығады", - дейді өзі.

Қалиғүмар Қабдешұлы 1940 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Марқакөл ауданында туған. Әскери борышын өтеген 3 жылдың ішінде әскери топограф мамандығын игеріп шықты. Әскери карталар жасау үшін жердің әрбір метр қыртысын суретке түсіріп, сол кадрлар бойынша белгілі бір аумақтың рельефін, масштабын анықтады. Содан бері Қалиғұмар аға фотоға түсірудің қыр-сырын зерттеп, осы өнерге қатты берілді. Саналы ғұмырын өзі құлай сүйген фотосурет саласына арнады. Соның арқасында жетістіктерге қол жеткізді. Бүгінде жасы сексенге келсе де фотоаппаратын қолынан тастамай шығармашылығын одан әрі дамытып келеді. 1969 жылы КСРО журналистер Одағының мүшесі, 1983 жылы Халыкаралык журналистер одағының мүшесі, 1975 жылдан бері республикалық, одақтық, халыкаралық фотокөрмелердің жүлдегері болды. Еңбектері Еуропа мен Азия елдеріне танылды, 1985 жылы Мәскеуде өткен дүниежүзілік Жастар фестивалінің дипломанты атанды.

Қалиғұмар Қабдешұлының фотокөрмелеріндегі суреттер ешқашан құнын жоғалтпайды, бағасы араға жылдар салып өсе бермек. Өйткені уакыт өткен сайын онын тарихи еңбектеріне сұраныс арта түседі.

"Қалиғұмар Қабдешұлының түсірген суреттеріне карап түсірілу сапасы, техникалық орындалуы, басып шығарылуы басқалардан көш ілгері екенін байкаймыз. 40-50 жыл бұрын түсірілген суреттердін сапасы да, мағынасы да қазірге дейін манызын, өзектілігін жоғалтпаған. Фототілшінін жұмысында ен бастысы - суреттің композициясы, ол суреттің 50 пайыз тағдырын шешеді. Кадрдағы сурет оны түсірген адамның ойын, не айтқысы келгенін білдірін тұруы керек. Бұл жағынан ағамыздын еңбектері жоғары деңгейде. Бұдан фототілшінің түсіретін объектідегі нүктені, ракурсты дұрыс таба білетіндігі және онын техникасының да мықты болғанын көруге болады. Суреттері кең форматты, ауқымды, калоритті, сапасы жақсы. Бұл жағынан жастар үйренетін нәрселер баршылық. Ол кездегі фототілшілер мен қазіргі фотоға түсірушілердің айырмашылығы жер мен көктей. Бұрын пленкадағы кадрларды санап тұрасың, керек кезінде бітіп қалуы мүмкін. Сондықтан әрбір сәтті аңдып, керекті сәтті дөп басып түсіру керек. Нағыз фототілшілер бір-екі кадрмен ғана нақты кадрды беретін болған. Қалиғұмар Қабдешұлы осындай мерген фототілші" дейді "Фото өнер" коғамдық бірлестігінің төрағасы Асылхан Абдрайым.

1961-1962 жылдары Алматыдан Семейге "Казгипросельэлектра" деген жоғарғы вольтты электр желісіне жоспар жасау институтының бір топ жобалаушыларымен жол тарттық. Жоба бастығы, бас инженер, бас геолог, бас топограф, кіші және аға топографтар, жұмысшылар болып үш машинамен үш күн жүріп, төртінші күні Семей қаласына келдік. Мен кіші техник-топограф болып қызмет атқардым. Семей қаласының солтүстік жағында үлкен электрқуаты орталығы бар екен. Сол орталықтан Ертіс өзенінің сол жағынан алдымен "Комсомолск" қаласына, ары қарай Курчатов қаласына жоғарғы вольтты электр желісіне жоба жасау үшін. Біздер бұл жобаны бес ай жасадық. Қыркүйек айында жұмысымызды тәмәмдап Алматыға қайтып оралдық. Сондағы менің байқағаным, түске таман күнде соғыс самолеттері (сверхзвуковой) ұша бастайды. Қай жақтан, қай қаладан ұшатыны белгісіз. Семей мен жоғарғы биіктікте шапшаң ұшып, самолеттің артынан аппақ сызықтар қалып отырады.

Әлден уақытта биіктікке көтерілгенде аспанда бомба жарылысына ұқсас жарылыс болады. Осы жарылыс екі-үш сағатқа созылады. Жергілікті адамдардан сұрасақ, ол самолет жоғарғы шапшаңдықпен ұшқан кезде ауа кедергісінен өткенде болатын құбылыс деп түсіндіреді. Күнделікті әскери жаттығу деп айтады.

Бірақ, олай емес екен, расында да, сверхзвуковой соғыс самолеттері ауа, кедергісінен өткенде жарылыс болатыны анық. Ал, шынында атом бомбасын жердің үстінде, немесе жердің астында жарған кезде жергілікті халық білмесін деп, әдейі ұшқыштарды ұшырады екен, демек, атом бомбасының сынақтан өткізіп жатқанын жасырып қалу үшін, үйдің терезесі сынып, қабырғасы жарылып жатса, ол атом бомбасының жарылысы емес, ұшақтың ауа кедергілерінен өткендегі жарылысы деп жергілікті халыққа түсіндіреді...

1990-1991 жылдары атақты ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов бастаған "Невада-Семей" қозғалысы атом бомбасын сынақтан өткізуге қарсы митингілер, жиналыстар, симпозиумдар, бейбітшілік шерулерін өткізді. Алматыда, Семейде, т.б қалаларда. Мыңдаған адам Алматы, Семей, Курчатов шеруіне қатысып, ядролық сынақты тоқтатуды талап етті. Курчатов қаласына жақындағанда, биік тікен қоршаудан өте алмай, іс-шараны далада ұйымдастырды, Семей қаласында үлкен митинг өткізді. Онда сөйлегендер Совет өкіметінің атом бомбасын сынаған кездегі адам тағдарына, жан-жануар әлеміне, табиғатқа жасаған қылмысының бетін ашып жария етті. Осы бейбітшілік шеруінде әлгі соғыс ұшактарының биіктікте жарылыс жасауы көзбояушылық екенін анықтадық.

Осы жайында Дінмұхамед Қонаевтың "От Сталина до Горбачева" кітабынан үзінді беруді жән көрдім, (250-251 бет). "Большая работа развернута по завершению ядерных взрывов на семипалатинском полигоне. Движение "Невада-Семипалатинск" который возглавляет известный поэт Олжас Сулейменов. Наверное, и мне, ныне пенсионеру, надо ответить на эту часть жгучие вопросов которые волновали и волнуют моих земляков казахстанцов и не только казахстанцов. Ну вот, например, такой вопрос, что вы делали и думали, когда у Республики забрали землю под военный полигон?  Неужели, удивляется нынешнее поколение, не спрашивали разрешение ни у Совета министров, ни у бюро ЦК Компартии Казахстана.

То время помню достаточно отчетливо, работал тогда зампредом Совета министров. Всех деталей разумеется мне и незнать. Но знаю в каждом конкретном случае команда поступал из Москвы. В ней категорически предлагалось отвести какую-то территорию и указывая срок, к которому её надо было очистить от ауылов, деревень, чабанских зимовок. Эти команды исполнялись безоговорочно. Оно и неудивительно. Постановление об отчуждение казахстанских земель для военных целей было подписано лично Сталином.

В таких случаях никаких воросов не задавалась, и ни один человек – и тогда, и много лет спустя не выступал против. Так было с Семипалатинским полигоном, был еще и Уральский и другие полигоны. Правда, уже после того, когда началось серия испытаний, руководители полигоны и генералы стали участвовать в наших конференциях, приходили прямо в ЦК докладывать – как и что делаеться. Информациях шла самая благодушная. Думаю, что в  какой-то степени она было искренняя. Спецалисты тогда и сами, по моему, не до конца представляли, настолько страшные "военные игры" они затеяли на Казахстанской земле.

Теперь стало известно, что первые испытания, становление Семипалатинского полигона осуществлялись под руководством Лаврентия Берии. Он наездами жил на полигоне, но встретиться с ним тогда не мог ни один руководитель Республики".

1949-50 жылдары, бала кезім, анда-санда қайдан екені белгісіз, аяғымыздың астындағы  қара жер қозғалып бара жатқандай болып, әлден уақытта үлкен жарылыстың дүмпуы естілетін, "Бұл не сұмдық?" деп үлкен-кіші таң қалатын. Артынан қатты жел соғып, үлкен-үлкен бұлттар кемпірқосақтанып, неше түрлі құбылыстар пайда болатын, онан кейін, басымыз ауырып, жүрегіміз айнып көпке дейін өзімізге өзіміз келе алмай жүретінбіз. Осындай құбылыстан кейін біздің елдің адамдары, әсіресе, жастар асылып өліп жатты, әлі де жалғауда. Кейін білдік, оның атом бомбасын сынақтан өткізгеннің ықпалынан екенін. Әсіресе, әйелдер қауымына әсері көп екен. Жүкті әйелдер босана алмай, немесе босанса балалары кемтар болып туады, қол-аяғы қысқа, көздері көрмей, тіпті, адам бейнесінен бөлек болып, жалғыз көзді, бір аяғы, бір қолы жоқ, басы үлкен, көзі шарасынан шыққан құбыжықтар дүниеге келетін...

"Осындай адамзатқа теңдесі жоқ зиянды кім ойлап тапты және не үшін?" деген ойға келесің. Әрине, бұл сұраққа жауапты ұлы мемлекеттердің басшыларынан сұраған жөн болар. Саясаткерлер, ақындар, жазушылар, музыканттар қауымы том-том кітап жазып, кино, телевизор арқылы, жиналыстар, конференциялар, симпозиумдар, митингілер, шерулер өткізіп әуреленуде, бірақ, әлі де тиісті жауабын таба алмай жүр. Мүмкін, табылатын да шығар, ол келешектің ісі.

Мен өз басым Олжас Сүлейменовты көп жерде көрдім. Әсіресе, халық алдына шығып, өзі шығарған өлеңдерін оқығанда, немесе "Невада-Семей" - қозғалысын басқарып жүргенде митингіні ашып сөйлегенде, оның асыл сөздің шебері, халықтың ардақты азаматы екеніне көзіміз жеткен. Алғыр да терең ойлы сөздері адамдардың бойына күш қуат беріп, келешекке жол ашып тұрғандай болатын. Қоғам қайраткерлері арасында Олжас жүргенде, ол жарық жұлдыз болып көрінеді көзге!

"Невада-Семей" қозғалысыны шет елден келген, атам бомбасын сынауға қарсы қозғалыстардың жетекшілері, саясаткерлер, ақын-жазушылар, журналистер болып симпозиум өткізді. Осы үлкен форумды Олжас Сүлейменов басқарып өзі сөз сөйледі. Олжас сөйлегенде алып тұлғалы батыр адамдай, оңды-солды алмас қылышпен сермеп келе жатқандай, кеудесін көтеріп алға ұмтылатын...

Олжастың әрбір сөзі мірдің оғындай, қарсыласының кеудесіне барып, жүрегінің тұсынан кіріп жатқандай болады. Ол нағыз оратор. Осы симпозиумда Олжасты "Нобель" сыйлығына ұсынуды жөн көріп, әсіресе, шетел қонақтары ұсыныс жасағандары болды. Олжас бұған  қарсы болды. Себебі, атом бомбасының сынағы әлі жүріп жатыр, тоқталған жоқ, сондықтан дүниежүзінде атом бомбасының сынағы тоқталған күні ұсыныстарынызды қабылдаймын", - деді. Осының өзіде батылдықтын, батырлықтың нағыз белгісі!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram