ПОДЕЛИТЬСЯ
15 октября 2019 | 14:06
Ол 3 жылдан бері ауырып көрмеген. Өмірге деген көзқарасы өзгерген алматылықтың оқиғасы
Денсаулығым мықты болсын деп түрлі амал іздеп, спортпен айналысатын адамдар көп. Неге іздемеске? Әркім ұзақ жасағысы келеді. Мысалы Алматы облысы, Қапшағай қаласының тумасы 32 жастағы Айбек Малтүгелов жүрегіне жақын жаттығуды тапқан. Ол күнде таңертең мұздай суға түседі. Айбек Малтүгелов Tengrinews.kz тілшісіне хоббиі өмірін қалай өзгергенін айтты.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Денсаулығым мықты болсын деп түрлі амал іздеп, спортпен айналысатын адамдар көп. Неге іздемеске? Әркім ұзақ жасағысы келеді. Мысалы Алматы облысы, Қапшағай қаласының тумасы 32 жастағы Айбек Малтүгелов жүрегіне жақын жаттығуды тапқан. Ол күнде таңертең мұздай суға түседі. Айбек Малтүгелов Tengrinews.kz тілшісіне хоббиі өмірін қалай өзгергенін айтты.
Ол мамандығы бойынша геолог екен, бірақ қазір өз кәсібімен айналысады. 2016 жылдың ақпанынан бастап үстіне суық су құюды әдетке айналдырған ол мұның алдында жиі ауырғанын айтады.
"Мен еркекпін ғой, неге жиі ауыра беремін деп ойлайтынмын. Спортпен айналыспағанмын. Иммунитет әлсіз болғандықтан өзімді нашар сезінетінмін, тұмауратып, аллергия да болатын және сол сияқты көптеген аурудың тізімін айта аламын", - дейді ол.
Айбек Малтүгеловке суық суға түсуге массажист досы кеңес берген екен. Оның айтуынша, шешімді тез қабылдаған.
"Келесі күні таңертең тұрып үстіме су құйдым. Кейін буындарым ауыра бастады. Ішкі даусым "керек емес" десе де бұл ісімді жалғастыра бердім. Себебі өзгерісті сездім, сендім. Аман-сау болғым келді", - дейді ер адам.
Бұл хоббиі Айбектің өмірін түбегейлі өзгерткен.
"Мұздай суға түсе бастағаннан кейін өмірім 180 градусқа өзгерді, ең бастысы басқаша ойлана бастадым. Өмірге деген көзқарасым өзгерді. Суық су адам энергетикасын тазартатынына сенемін", - дейді ол.
Оның сөзінше, 3 жылдан бері әлі ауырмаған. Ал қыста жеңіл киініп жүреді екен, денесі суыққа үйренген.
"Әрине суықты да дұрыс қолдана білу керек, оның да межесі, ережесі болады. Қыстан жақсы шығамын. Дене суыққа бейімделуі үшін су температурасын қадағалау керек. Алдымен кранның суын құятынмын, кейін бұл температураға үйренгеннен кейін суды далаға, түнге қалдыратын болдым. Негізі күніне екі рет салқындану керек. Бірақ маған әзірше бір реттен жетеді", - дейді кейіпкеріміз.
Айбек Малтүгелов жай ғана денесіне суық су құюдан бөлек, былтырдан бастап мұзойыққа түсе бастаған. Айтуынша, оның ықпалымен бұл іспен айналыса бастаған адамдар бар.
"Мысалы бір адамда Гайморит болатын. Ол айына бір рет қыста антибиотик қабылдауы керек, дене қызуы да жиі көтерілетін. Ал қазір жағдайы жақсарып келе жатқаны байқалады", - дейді.
Ол әлеуметтік желілерде салауатты өмір салтын насихаттаумен айналысатынын айтады.
"Барлығы санадан басталады. Ең алдымен бұл психологиялық дайындық. Оның пайлады екеніне сену керек. Мен адамдармен жұмыс істегенде осыдан бастаймын, кейін ғана бұл іске кіріседі. Түсінгенім, адамға мықты денсаулық 100 пайызға бірден беріле салмайды. Оның нашарлауы әлде күшті болуы тек өзіңе байланысты. Адам өзінің денсаулығын күтсе, нәтижесін міндетті түрде көреді", - деді ол.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также