ПОДЕЛИТЬСЯ
05 января 2020 | 17:05
"Ондай ауруға душар болғаным жоқ" - Сәкен Майғазиевтің атынан жалған жарнама тарап кеткен
Желіде әнші Сәкен Майғазиевтің "кеңесімен" ауыз қуысындағы ауруларды кетіретін жарнама жүр. Алайда әнші мұндай жарнамаға қатысы жоғын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Желіде әнші Сәкен Майғазиевтің "кеңесімен" ауыз қуысындағы ауруларды кетіретін жарнама жүр. Алайда әнші мұндай жарнамаға қатысы жоғын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Желідегі жарнамаға сенсек, Сәкен Майғазиев орыс тілінде аталған дәрі туралы "сұхбат" беріп, оқырмандарға оны сатып алуға кеңес берген-мыс. Тіпті "ауыр дертке шалдыққаны" туралы да құпиясын ашады.
Интернетте жасалған жалған жарнаманың скриншоты
Алайда әнші мұндай ауруға шалдықпағанын мәлімдеп отыр.
Сәкен Майғазиевтің айтуынша, бұл жалған жарнаманың Желіде тарап кеткеніне осымен екі жылдай болған.
"Мұндай жарнаманың тарап кеткенінен хабардармын. Одан кейін заң аясында бірнеше шағым жаздым. Ол іспен айналысып жатырмыз. Бірақ олардың кім екенін, қай жерден екенін таба алмай жатырмыз. Менің атымнан жалған жарнама шыққаннан кейін ренжідім. Анам, туыстарым уайымдайды. Кейбірі тіпті сеніп сатып алып жатыр екен. Сол жағы өкінішті", - дейді әнші.
Интернетте жасалған жалған жарнаманың скриншоты
Әншінің айтуынша, бұл - Қазақстанда тіркелмеген ресейлік компания болуы мүмкін.
"Заңгерлердің айтуынша, бұл бізбен шекаралас ресейлік қалалардың біріндегі компания болуы керек. Олардың телефондары, мекенжайлары жоқ. Тіркеліп, өтініш қалдырған адамға өздері хабарласады. Бір сөзбен айтқанда жасырын түрде қылмыстық іспен айналысатын топ қой. Менің атымнан сөйлеп, сұхбат беріп белсенді жұмыс істеп отыр.
Адам болған соң әрине ауырасың ғой. Бірақ ондай ауруға душар болғаным жоқ. Өз өнімім - қара зере майынан басқа ештеңе ішпеймін. Жалпы қазір тек заңгерлермен сөйлесіп жатырмын. Олар туралы ақпарат болмағандықтан кімге шағым жазарымды білмеймін", - дейді әнші.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также