ПОДЕЛИТЬСЯ
29 апреля 2019 | 20:08
Орта жастағы әйелдердің бала тастап кету жағдайы көбейіп жатыр - Маман
Анасын 15 жылдан кейін тапқан Асхат Оралұлы жантебірентерлік тағдыры жайлы Жетінші арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Анасын 15 жылдан кейін тапқан Асхат Оралұлы жантебірентерлік тағдыры жайлы Жетінші арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Асхат бағдарлама барысында туғаннан бері балалар үйінде өскенін, кейін туған ағасының іздеп келіп, анасымен табыстырғанын айтты. Алты ағайынды балаларды ағасы жинап, бастарын қосыпты. Алайда алғашқы кездесуінде анасының жағдайы болмаған, жасы келген кісінің маскүнем болғаны анықталған.
Республикалық ғылыми өндірістік транспузиология орталығының маманы, акушер Эльмира Әлімжан қазіргі таңда орта жастағы әйелдердің бала тастап кетуі көбейіп жатыр дейді.
"Ертеде 15-19 жас аралығындағы қыздар ұялып, мәселесін айта алмайтын болса, қазіргі кезде керісінше, орта жастағы әйелдердің бала тастап кету саны көбейіп жатыр. Бізде болған 18 бала тастау жағдайының екеуінде ғана 18 жастағы қыздар болды, қалғандары орта жастағы әйелдер. Қалғандары 25-30 жастағы әйелдер", - дейді ол.
Оның айтуынша, бұл әйелдер көбіне жалғызбасты аналар екен.
Заңгер Мереке Жұрынованың айтуынша, баласын тастап кететін әйелдер заң бойынша ешқандай да жауапкершілікке тартылмайды.
"Туып қашып кеткен жағдайда жауапкершілігі бар. Ал жария түрде бас тартып, қалдырып кеткен әйелге жауапкершілік қарастырылмаған", - деген ол студияға қонақ болған тастанды балалардың 18 жастан асып кеткендіктен аналарына ешқандай талап қоя алмайтынын түсіндіріп берді.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также