20 августа 2018 | 11:49

"Отанға ораламын". Америкада компаниясын ашқан 21 жастағы қазақ жігіті

Сандуғаш Сұлтан Корреспондент
Аманжан Беркінбай

Америкада компаниясын ашқан 21 жастағы қазақстандық Аманжан Беркінбай өз бизнесі, АҚШ-тағы өмірі және отанға оралу туралы ойларын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Америкада компаниясын ашқан 21 жастағы қазақстандық Аманжан Беркінбай өз бизнесі, АҚШ-тағы өмірі және отанға оралу туралы ойларын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Аманжан 1997 жылы Таразда туған және сол қалада орналасқан Ыбырай Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясын бітірген. Мектепті тәмамдағаннан кейін Алматыдағы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің халықаралық заңгер мамандығына оқуға түскен Аманжанға 2015 жылы Америка Құрама Штаттарына бару мүмкіндігі туған.

Реклама
Реклама

"Америкаға бару туралы идея оқуға түскеннен кейін пайда болды. Өзім үшін ағылшын тілін жетілдіру мақсатында үш ай жазда бағдарламаның арқасында Американың Арканзас штатында болып кайттым. Бұл елде аяққа тұруға, өзіңді және отбасыңды қамтамасыз етуге барлық мүмкіндіктің жасалғанын көріп, келесі жылы қайта оралдым. АҚШ-тағы ең басты ерекшелік сол - ешкімнің көмегінсіз жақсы жетістікке жету мүмкіндігі мол", - дейді Аманжан.

Оның айтуынша, ағылшын тілінде сөйлесу ол үшін қиын болмаған және уақыт өте келе жіті меңгеріп алыпты.

"Әлем тілдері университетінде оқығандықтан, Америкаға келгенде мен ағылшын тілін аз болса да білдім және адамдармен сөйлесе жүріп, дамытып алдым. Қазір ағылшын тілінде таза сөйлей аламын деп ойлаймын. Қазіргі таңда өз компаниям бар, ол - үйлерді көшіру қызметін көрсетумен айналысады. Жақында 21 жасқа толдым, енді толыққанды жұмыс істеуге мүмкіндіктер көбейеді", - дейді ол.


Суреттер Аманжан Беркінбайдың жеке мұрағатынан алынған

Аманжан қызмет барысында басынан кешкен қызық оқиғалары туралы айтып берді.

"Америкада жүргенде қызық оқиғалар жиі болып тұрады. Бір күні тапсырысымды қарасам, қазақ жігітінің аты-жөні жазылып тұр. Сөйтіп, ол үйге барғанда жігіт мені ағылшын тілінде сөйлеп қарсы алды, мен оған қазақша жауап бердім. Сол кезде ол жігіт түсінбей, таңырқап, маған қарап тұрып қалды. Осылайша таныстық, ол Моңғолияның қазағы болып шықты", - деді Аманжан.

Болашаққа құрған жоспарын бөліскен Аманжан қазіргі табысының көлемін де жасырмады.

"Менің қазіргі бір айлық табысым орташа есеппен 6 мың доллар. Бірақ болашақта Қазақстанға оралу жоспарымда бар, себебі ата-анам Отанымда", - деді ол.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная