Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
01 октября 2019 17:53

"Отырған орнына аунатқан". Қазақ сыйлы қонағын қалай құрметтеген?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дудин С.М. Қазақстан, Семей обл. 1899 ж. Дудин С.М. Қазақстан, Семей обл. 1899 ж.

Қазақ ақыны мен батырын құрметтеуге келгенде оны құр қол жібермеген. Үстіне шапан жауып, астына ат мінгізу дәстүр болып қалыптасқан. Тengrinews.kz тілшісіне энтограф Болат Бопайұлы қазақтың құрметті қонағына қалай сый жасағанын айтып берді.


Қазақ ақыны мен батырын құрметтеуге келгенде оны құр қол жібермеген. Үстіне шапан жауып, астына ат мінгізу дәстүр болып қалыптасқан. Тengrinews.kz тілшісіне энтограф Болат Бопайұлы қазақтың құрметті қонағына қалай сый жасағанын айтып берді.

Абылай хан Қазыбек бидің иығына шапан жапқан

Маманның айтуынша, қазақ жағдайы жетпесе де, сыйлы қонағына барынша құрмет көрсеткен.

"Ол атам заманнан келе жатқан тамаша салт. Балуанға, батырға, шешенге, көсемге шапан жапқан. Бай адамдар жүйрік тұлпар, қымбат тон, ішік сыйлаған. Қарапайым халық жағдайына қарамастан, сыйлы қонағына шапан, тымақ кигізген. Ат қана емес, батырларға түйе жетектететін, алдына қой салатын. Бұл қазақтың ақынды, шешенді, батырды құрметтеуінің белгісі", - дейді ол.


Дудин С.М. Қазақстан, Семей обл. 1899 ж.

Болат Бопайұлының айтуынша, бұрында Абайдың әкесі Құнанбай қабақ-керей еліне барған кезде оның астына есік пен төрдей ат мінгізіп, үстіне тон жауып аттандырған. Бұл 1848 жылдардың шамасында екен.

"Тарихта мұндай оқиғалар көп болған. Мысалы, Қазыбек би қоңтайшыны жеңіп келгенде Абылай хан , ақ түйенің қарнын жарып, көк қасқа қой сойып, ақсарбаз мал атап, иығына шапан жапқан. Астына ат мінгізіп, сыйлық берген. Шешендерді, ел ағаларын сыйлау деген осы", - дейді этнограф.

Қазақ баласын сыйлы қонақ отырған орынға аунатқан

Маман ел алдында абыройлы адамның бала аузына түкіретін дәстүрін де айтып өтті. Сөзінше, бұл дәстүр бүгінге дейін сақтаулы. Соңғы уақытта әншілердің концерттерінде ата-аналардың сахнаға шығып, баласының аузына түкіруді сұрап жататыны дәлел. Мысалы, Желіде Төреғали Төреәліден осы ырымды сұрайтындар көп.

Сонымен қатар, ол қазақтың өз баласының ақын, шешен, батырға ұқсауы үшін тағы қандай ырымдарға сенгенін айтты.

"Баяғыда бабаларымыз үлкен адамдардың үйіне келіп, төріне отырып, кетіп қалған соң балаларын оның орнына аунатып алған. Осының өзі тамаша салт. Ол да бүгінде өз орнын тауып, жалғасын үзбей келе жатқан асыл дәстүрлеріміздің бірі.  Бұрын ел сыйлайтын дана адамның киесі, шешендігі жұқсын деп олар көзге түсіп өсіп келе жатқан балаға шапанын, атын сыйлап кетеді екен. Бұл қазақтың жомарттығы", - дейді ол.


Дудин С.М. Қазақтар. Қазақстан. 1899 ж.

Болат Бопайұлы мұндай дәстүрлерді сақтап қалу керек деп санайды.

"Мұндай дәстүрлерді жоғалтып алмауымыз керек. Ол қазіргі қоғам үшін маңызды. Даланың жеті қырында "Рухани жаңғыруды" насихаттап жатқан кезде осындай дәстүрлерді жалғастырып отыруымыз керек. Себебі осы шапан жабу, ат мінгізу, тон сыйлау секілді дәстүрлер қазақтың жомарттығын, ірі мінездігін, дархандығын көрсетеді. Мысалы, үлкен кісі балаға батасын бергенде әке-шешесі ештеңе сыйламаса да, ешкім сөкпейді ғой. Бұл жерде қазақтың дархандығы маңызды рөлге шығады", - дейді маман.

Баланың аузына түкірту: Қазақтың ырымы жайлы не білеміз

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.12   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети