Психолог баланы таяқпен тәрбиелеудің қаупін айтты

12 Ақпан, 19:13
0
© Pikabu
© Pikabu

Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Баланы таяқпен тәрбиелеуге бола ма?" тақырыбы талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бағдарлама барысында көпбалалы ана Гүлназ Бекеева өзінің балаларын тыңдамай кетсе, ұрып-соғып алатынын мәлімдеді. 4 баланың анасы 2-топтағы мүгедек. Сонымен қатар, мүгедек бала бағып отыр. 

Астана қаласы балалар үйінің психологы Гүлжан Алтынбекқызы баланы ұрған жағдайда оның болашағының қандай болатынын, оның мінез-құлқына қаншалықты әсер ететінін айтты.

"Қызыңызбен құрбыңыз секілді қарым-қатынас жасауыңыз керек. Біріншіден, баланың неліктен сабақ оқымағанын айқындап аласыз. Бәлкім бағдарлама қиын болған шығар. Бағдарламаның қиын болуының себебі, ол осыған дейінгі бағдарламаларды меңгермеген. Мүмкін мұғалімі ұнамайтын шығар, я болмаса басқа бірдеңеге алданып (телефон, компьютер ойындарын ойнап немесе алаңда доп тебуге шығып кетуі мүмкін), сол сабақты шынымен де оқымаған болуы мүмкін. Мұның шешімі бар. Міндетті түрде балаға арнайы уақытыңызды бөліп отырыңыз. Мүмкіндігінше көбірек уақыт бөлу керек. Сол қиын болған бағдарламаны шешуге уақыт беріңіз. Берілген уақытта бала тапсырманы орындап жатса, мақтау айтып, "Сенің қолыңнан бәрі де келеді" деп қолдау білдірген абзал", - дейді Гүлжан Алтынбекқызы.

Көрермен тарапынан балаларға арасында қол көтеру сабасына салады деген пікірді айтқандар да болды. Дәурен есімді көрермен қазіргі жас отбасылар балаға көп жағдайда дұрыс тәрбие бере алмай жататынын айтады. 

"Қазақта мынадай сөз бар. "Е Алла бала бер, бала берсең сана бер, сана бермесең, ала бер". Егер бала санасыз болса, онда таяқтауға тура келеді. Себебі "Аюға намаз үйреткен таяқ" деп бекер айтпаған болса керек. Сананы әке-шешесі беретіні анық. Бірақ қазіргі таңда ата-ана атанып отырған жастар жастайынан әке-шешесіне қарсы өскеннен кейін балаға қандай тәрбие беру керектігін біле бермейді. Ал біздің кезеңдегі 90-жылғы балалар ата-әжесінің қолында болғандар, нағыз тәрбиемен өскен. Жас келіндер енесімен тұрғысы келмейді, жеке кетіп жатады. Бала осындайда еркелеп өсіп, бетімен кетеді. Тоқетерін айтқанда, баланы қайырып отыру керек", - дейді Дәурен. 

Көрермендердің екінші тарапы қазіргі балалардың психологиялық тұрғыда әлсіз екендігін айтып, ұрып-соғуға қарсылық білдірді. 

"Біз балаларымызды "Сен топассың, сен ақымақсың, оқымайсың" деп жекіп жатамыз. Осыдан бала сондай болып шығады. Ал егер "Сен жақсысың, сен мықтысың, сен ақылдысың" дейтін болсақ, ол соны мотивация көріп, жетістікке жету үшін ұмтыла түседі. Әзірше менің отбасым жоқ, бірақ мен балаларымды ұрмаймын. Бала кезімде ата-анамнан таяқ жеген кезім болды. Әрине өзімнің қателіктерім үшін. Бірақ мен әкемнің ісін қайталамай, сөзбен тырысуға түсіндірер едім", - дейді Жанайдар есімді көрермен.

Айта кетейік, "Өз ойым" бағдарламасы 2019 жылы 21 қаңтардан жаңа санын бастады. Бағдарламаның ең басты жаңалығы ток-шоу дүйсенбі-бейсенбі аралығында көрсетілетін болды.

Получить короткую ссылку

Автор :

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Читают
Обсуждают
Сегодня
Неделя
Месяц