01 февраля 2020 12:36

Qalayym Live жобасының экс-қатысушылары қанша ақша алғанын ашып айтты

Qalayym Live экс-қатысушылары. Фото: OYBAY SHOW шығарылымынан скриншот.

Тележүргізуші Мұхит Сапарбаев OYBAY SHOW жобасында Qalayym Live шоуының экс-қатысушыларымен кездесіп, бағдарлама туралы көпті алаңдататын сұрақтардың жауабын білді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тележүргізуші Мұхит Сапарбаев OYBAY SHOW жобасында Qalayym Live шоуының экс-қатысушыларымен кездесіп, бағдарлама туралы көпті алаңдататын сұрақтардың жауабын білді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Экс-қатысушылар жобадан неге шығып қалғанын, енді немен айналысатынын, сондай-ақ Qalayym Live бағдарламасы қалай жұмыс істейтінін айтып берді. Экс-қатысушылар бағдарламадан нақты қанша ақша алып келгенін және сценарий бойынша жұмыс істегенін ашық айтады.

Реклама
Реклама

"Бағдарламадағы болмысымыз қазіргі өмірімізге сай келмейді. Өмірге реніші бар, ажырасып келген долы әйелдің рөлінде ойнадым", - дейді қатысушылардың бірі. 

Ал журналистің бағдарламадан қанша ақша алдыңдар деген сұрағына олар ашық жауап беруді жөн көрді:

"Цифрын айту керек пе? 6250 теңге. Ең соңғы айлығымызды ешқайсымыз алған жоқпыз. Ай сайын алатынбыз. Сонда шамамен 125 мың теңгедей шығатын". 

Сондай-ақ, экс-қатысушылар бағдарламаға қатысқанына өкінбейтінін айтты. Себебі, олардың айтуынша, көбі жобаға танымал болу үшін, "абырой жинау үшін" келгенін ашық айтады.

Осыдан кейін жүргізуші ойын ұйымдастырып, экс-қатысушыларды жанжал шығаруға шақырады. Осы кезде экс-қатысушылардың ішінен Әділет пен Ұлдана есімді жігіт пен қыз таңдап алынып, олар бағдарламадағыдай ұрыс шығарады.  

Айта кетейік, Qalayym Live жобасы демалыс күндерін қоспағанда күн сайын 3 сағат эфирден көрсетіледі. Бағдарламаны әнші Аша Матай жүргізеді.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram