"Ринат бас жарып, көз шығарған ештеңесі жоқ". Айтыс постеріне қатысты дау

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Ұйымдастырушылар Ринат Зайытов қатыспайтын Алакөлдегі айтыстың постерінде неге оның суреті бар екенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ұйымдастырушылар Ринат Зайытов қатыспайтын Алакөлдегі айтыстың постерінде неге оның суреті бар екенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, мұның алдында айтыскер ақын Ринат Зайытов Instagram желісінде ШҚО-да өтетін айтысқа шақырту алмағанын және қатыспайтынын, алайда постерінде суреті тұрғанын мәлімдеген.

"Құрметті ағайын, 13 шілдеде өтетін айтысқа шақырту алмағанымды, қатыспайтынымды ресми мәлімдеймін", - деп жазды айтыскер жеке парақшасында.


Ринат Зайытовтың желідегі парақшасынан скриншот. © Tengrinews.kz

Өз кезегінде, Алакөлде өтетін айтысты ұйымдастырушы "Зейнолла Сәнік атындағы қор" директоры Серік Қалиев бұл жағдайды түсіндірді. Оның айтуынша, жарнама постері ерте жасалған, ал кейін бұл айтысқа тек жас айтыскерлерді қатыстыру туралы идея болған.

"Ринат бас жарып, көз шығарған ештеңесі жоқ. Қазақтың мықты айтыскері. Мен оның осы уақытқа дейін қаладым (қатысуын қалағанын айтады - Автор түсіндірмесі) және қатысатыны жөнінде нақты айттым. Жарнама беріліп кетті, бірақ содан кейін, мен жалғыз емеспін, ұйымдастыру алқасы бар, ақылдаса келе жастарды ғана қатыстыруды ұйғардық. Айтысқа жалғыз Ринат емес, Мұхтар Ниязов та қатыспайтын болды. Оны кейін Ринатқа түсіндіріп айттым. Өз басым әйтпесе Ринаттың қатысқанын қолдаймын. Оның талай айтысқа қатысуына мұрындық болғаным бар. Бұл жерде жастар қатыссын деген идеядан кейін барлық айтыскер жас буыннан болды", - деп түсіндірді жағдайды Серік Қалиев.

Сонымен қатар, ұйымдастырушы айтыстың жүлде қоры 1 миллион теңге екенін айтты. 

"Айтыстың жүлде қоры - 1 миллион теңге. Жалпы Алакөлге демалуға келгендерге арнайы осындай сый болсын дедік, бұл жерде айтыс бірінші рет өткелі отыр. Сол жердің тамырына қан жүгіртіп, отандық туризмді дамыту деген ниетіміз ғана бар", - деген пікір білдірген ұйымдастырушы Ринат Зайытовты шығармау туралы қасақана ой болмағанын басып айтты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Курс валют

 518.19  course up  596.34  course up  6.38  course down

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 10
Астана 13
Актау 14
Актобе 10
Атырау 19
Б
Балхаш 12
Ж
Жезказган 11
К
Караганда 14
Кокшетау 14
Костанай 16
Кызылорда 8
П
Павлодар 14
Петропавловск 8
С
Семей 10
Т
Талдыкорган 11
Тараз 15
Туркестан 14
У
Уральск 6
Усть-Каменогорск 13
Ш
Шымкент 11

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer