Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
11 июня 2019 13:45

Роналду, Месси, Мэйвезер - Жұрттың жүрегін елжіреткен атақты спортшылар

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Осыдан бірер күн бұрын Португалияның және италиялық "Ювентустың" форварды Криштиану Роналду жас жанкүйерімен суретке түсу үшін ұлттық құраманың автобусын тоқтатты. Бала "Криштиану Роналду, мені құшақта" деген плакатты ұстап тұрған еді. Нәтижесінде футболшы жас баланың өтінішін орындады. Бұл оқиға әлемге таралып, жұрттың жүрегі елжіреді.  


Осыдан бірер күн бұрын Португалияның және италиялық "Ювентустың" форварды Криштиану Роналду жас жанкүйерімен суретке түсу үшін ұлттық құраманың автобусын тоқтатты. Бала "Криштиану Роналду, мені құшақта" деген плакатты ұстап тұрған еді. Нәтижесінде футболшы жас баланың өтінішін орындады. Бұл оқиға әлемге таралып, жұрттың жүрегі елжіреді.  

Осы секілді көпшіліктің қызу талқысына түскен оқиғалар жетерлік. Tengrinews.kz тілшісі бүкіл әлемге танымал спортшылардың жасап жүрген мейірімді істерін, сондай-ақ көмек сұраған адамның қолын кері қайтармайтын спортшылар жайлы баяндайды.

Қарапайым Лионель Месси

Кәсіпқой спортшылардың барлығы өз атақ-дәрежесі мен спорттық нәтижелерін ойлап, мұрнын шүйіріп жүре бермейді. Солардың бірі Лионель Месси.


© bombardir.ru

2016 жылы желіде Ирактағы баланың Лионель Мессидің аты жазылған полиэтилен пакеттен жасалған жейдені киіп жүрген суреті жарияланған еді. Бұл жарияланым желі қолданушыларының қызу талқысына айналды.

Twitter қолданушылары суреттегі баланы іздеу науқанын жариялады. Олар балаға Мессидің аты жазылған жейдесін сыйлағысы келді. Кейіннен бұл суреттегі баланы іздестіруге футболшының өзі атсалысатыны хабарланды.


© bombardir.ru

Осыдан кейін баланың табылғаны және оған Мессидің өз аты жазылған бірнеше жейдесін сыйлаған жайлы жаңалық тарады. Сонымен қатар, атақшы футболшы баланың отбасына да өз аты жазылған жейдені сыйға тартқан. Мұнымен футболшы тоқтаған жоқ. Ол бес жастағы Муртаза Ахмадиді футбол ойынына алып шығып, онымен бірге суретке түскен. Осылайша Месси қарапайым ісімен көзге түсті.

Балажан Джермейн Дефо 

Бұл оқиға футболшының асқан мейірімділігін көрсетеді. 2017 жылы Сандерленд клубының ойыншысы қатерлі ісікке шалдыққан Брэдли Лоури есімді балаға қаржылай және психологиялық көмек көрсеткен. Әлем басылымдары футболшы мен ауыр дертке шалдыққан баланы "жан достар" деп атады. Бастапқыда Англияның премьер лигасындағы Сандерленд клубы Брэдли Лоуриге көмек көрсету науқанын ұйымдастырған еді. Сондай-ақ бала емханаға жатпай тұрып ойындардың ашылу рәсіміне де қатысып жүрген.


© championat.com

Сол уақытта Брэдли Сандерленд клубының ойыншысы Джермейн Дефомен жақсы достық қарым-қатынас құрады. Осыдан кейін Дефо дертке шалдыққан баланы 2018 жылы Әлем чемпионатының ойынына да алып шыққан. Сондай-ақ ол баланың жанұясымен әрдайым хабарласып тұрған екен. Кейін Брэдли емханаға жатқаннан кейін, бала туралы көбі ұмыта бастады. Бірақ футболшы әр апта сайын науқас баламен кездесу үшін емханаға барып тұрған. Дефо емханада жатқан Брэдлидің қасында түнеген кезі де болған.


© footballhd.ru

"Мен  Брэдли туралы күнде ойлаймын. Оның маған деген достығының адал екенін көріп тұрмын. Бұл шынайы достық", - деп жазған әлеуметтік желіде футболшы.

Футболшы Брэдлиге миллион фунт жинауға көмектесті. Ол бүкіл Англияны балаға назарын аудартуға септігін тигізген. Футболшы Брэдли сияқты балалардың көп екенін айтып, оларға шамасы келген адамдарды көмектесуге шақырған.

Меценат Мэнни Пакьяо

2016 жылы Мэнни Пакьяо өз қалтасынан туған жері Филиппинде мыңдаған үй салып берген. Ол кедей адамдарға үй салып беретіні жайлы атақты боксшы Флойд Мэйвезер мен жекпе-жекке шықпай тұрып мәлімдеген. Бұл кездесу оған бірнеше миллион доллар ақша әкелді. Боксшы сөзінде тұрып, өз халқын тек жеңістерімен қуантпай, оларға үй тұрғызып беріп, оларды таңғалдырған.


© sport.bigmir.net

Сондай-ақ боксшы осыған дейін де тапқан ақшасын кедей және мұқтаж адамдарға бөліп берген. Осы уақытқа дейін ол Филиппинде мектеп, спорт ғимараттарын салған.


© sport.bigmir.net

Сонымен қатар ол көп отбасылы үйлерге де жекпе-жектерден ұтқан ақшасын бөлісіп отырған. Боксшы қарпайымдылығымен жанкүйерлер арасында сүйспеншілкке ие. Ол тек Филиппин халқының емес, жалпы әлемнің сүйікті боксшысының бірден бірі.

Қайырымды Флойд Мэйвезер

Атақты боксшы Флойд Мэйвезер тек атақты кездесулермен ғана емес, бірнеше рет қайырымдылық жасаумен де  көзге түскен. Рингте жеңіліс таппаған боксшы 2016 жылы 100 мың долларды қатерлі ісікпен күресетін қорға бөлген еді.


© РИА Новости

Сондай-ақ, ол он айлық Остин Йорк атты баланың емдік шығынын толықтай өтеп беруге көмектескен. Оған үш операцияға 49 мың доллар кеткен. Оған қоса ол жаңа жыл кезінде тұрмыс жағдайы нашар балаларға сыйлықтар алып берген.

Журналистер атақты боксшының мұндай қайырымдылықты әрдайым жасайтынын мәлімдеді. Бірақ ол оны БАҚ арқылы жариялағысы келмейді екен. Сонымен қатар Мэйвезер талантты балаларға да көмек қолын созуға аянбайтын көрінеді. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 447.35   490.7   4.75 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети