Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
30 марта 2018 12:07

Сәкен Майғазиев қазақты мазақ қылатын видеоларды таратпауды сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram.com/saken_maigaziyev © instagram.com/saken_maigaziyev

Әнші, "МузАРТ" тобының солисі Сәкен Майғазиев қазақстандықтардан масқара видеоларды өшіріп тастауды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол Instagram желісінде жазды.


Әнші, "МузАРТ" тобының солисі Сәкен Майғазиев қазақстандықтардан масқара видеоларды өшіріп тастауды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол Instagram желісінде жазды.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта қазақстандықтардың мессенджерінде түрлі сұмдық видеолар таралып жатыр. Солардың бірі наурыз мейрамында дастарханнан сарқыт жинап жатқандар түсірілген видео екен. 

"Кешеден бері whatsapp желісі арқылы таралып жатқан масқараны бір-бірімізден сүйінші сұрағандай, жерден жеті қоян тапқандай жаhанға жар салып, жарыса жариялап жатқанымыз жүректі ауыртады. (Хайперлердің "еңбегінің жемісі") Өзге ұлт өкілдеріне әбден күлкі болдық-ау! Айталық, наурыз мейрамы күні дастарханнан сарқыт жинап жатқан ағайынды күлкі қылып, whatsapp, instagram, FB желілеріне тараттық. Не үшін? ҚАЗАҚты мазақ қылу үшін бе?! Бүкіл наурыз мейрамы бойы көзге ілінетін бір жақсылық, игі шара көрмедік пе?!", - дейді Майғазиев.

Сонымен қатар, ол таратылып жатқан зиянды суреттер мен видеоларды жарияламауды, басқаларға таратпауды өтініп сұрады. Ал осындай суреттерді көпшілік көрсін деп жариялағандарды ұлт дұшпаны деп санайтынын айтады әнші.

"Мәселен, маған бір пайдасы жоқ видео келсе, дереу өшіріп тастаймын. Жамандыққа жәрдемші болу, күнәні көпке тарату күнәнің "атасы" екенін білейік. Телефондарыңыздағы барлық жаман видеоларды АЛЛА разылығы үшін өшіріп тастауларыңызды сұраймын. Әсіресе, көпшілік көрсін деген мақсатпен instagram, you tube желілеріне жариялаған жандарды ұлт дұшпаны деп санаймын. Өрескел қателікке ұрынған адамның не, балалардың орнына өзіңізді, ата-анаңызды, бала-шағаңызды қойып көріңізші. Шыбын сасыған тезекке, ал бал арасы жұпар иісті гүлге қонады (құмар болады). Сіз де өз таңдауыңызды жасаңыз", - дейді Майғазиев.

Еске салайық, таяуда қазақстандықтардың мессенджерінде балалар порносы көрсетілген видео тараған. Осы жайтқа қатысты пікір білдірген Астана қалалық ІІД өкілдері мұндай видеоны мессенджерден қабылдап, тарату және оны сақтау қылмыс болып саналатынын ескерткен еді. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 447.35   490.7   4.75 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети