Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
26 июня 2019 17:08

Шетелге баламен шыққанда не білу керек - Маман кеңестері

ПОДЕЛИТЬСЯ

Суреттер pixabay.com сайтынан Суреттер pixabay.com сайтынан

Жазғы уақытта шетелге шығушының саны біршама артады. Сондай-ақ шетелге баламен баратын отбасылар да бар. Саяхаттауға баламен бірге шығуды жоспарласаңыз қандай мәселелерге назар аудрау керек? Кішкентай баламен саяхаттау қиын ба? Tengrinews.kz тілшісі бұл сұрақтардың жауабын мамандардан сұрады.


Жазғы уақытта шетелге шығушының саны біршама артады. Сондай-ақ шетелге баламен баратын отбасылар да бар. Саяхаттауға баламен бірге шығуды жоспарласаңыз қандай мәселелерге назар аудрау керек? Кішкентай баламен саяхаттау қиын ба? Tengrinews.kz тілшісі бұл сұрақтардың жауабын мамандардан сұрады.

Дәрігердің кеңестері

Педиатр Айжан Адилованың айтуынша, шетелге шықпай тұрып балаға екпе жасаған абзал. Оның сөзінше, бір елге бармай тұрып, онда балаларға жақсы жағдай бар екеніне де мән беру керек. Яғни бала денсаулығының күрт нашарлауына алып келетін жағдайлардың болмауы: лас ауа, қолайсыз ауа райы, бала үшін қауіпті жәндіктер.

"Шетелдегі ауа райына байланысты сәйкесінше киім-кешек алып жүру керек. Кішкентай баламен басқа мемлекетке саяхаттайтындықтан түрлі жағдайдың алдын алу үшін дәрі-дәрмек алып жүру қажет. Аллергияға қарсы, дене қызуын түсіретін және іш ауруын тоқтатын дәрі-дәрмек алып жүру керек. Сонымен қатар, шетелде жүргенде тамаққа назар аударған жөн. Бұл баланың денсаулығына маңызды. Басқа елдің тамағы болғандықтан құрамындағы заттар балаға жақпауы мүмкін. Кейіннен аллергия, іш ауруы болуы ғажап емес. Бұл мәселеге мұқият болған жөн. Сонымен бірге тропикалық елдерге барғанда, баланы күн сәулесіне көп шығармаған дұрыс. Себебі ыстық күн сәулесі балаға жақпауы ықтимал", - дейді педиатр Айжан Адилова.

Адвокаттың кеңестері

Адвокат Тлеужан Кішкенбаев құқықтық жағынан ата-анаға баламен бірге жүруіне еш кедергі жоқ екенін айтты. Алайда оның сөзінше, шетелге балаларды ата-анасы емес, туыстары алып баратын болса, онда ең біріншіден ол балаға төлқұжат жасату керек, сондай-ақ нотариус арқылы рәсімделген баланың ата-анасынан сенімxат керек немесе көші-қон полицясынан арнайы рұқсат алуға болады. 

Ал туристік агенттіктің қызметкерлері жалпы кез келген саяхатқа шығу үшін балаға төлқұжат жасату қажет екенін айтты. Сонымен қатар, кейбір мемлекеттерге бару үшін ата-анасына жасалған виза секілді, балаға да бөлек виза беріледі екен.

Тәжірибелі саяхатшының кеңестері

Турагент Роза Есенқұлова 40 мемлекетке саяхат жасаған. Соның жартысына балалармен бірге барған. Роза Instagram желісіндегі парақшасында ең пайдалы әрі қызық деген кеңестерін жазып отырады.

Оның сөзінше, балалармен шетелге баруды жоспарласаңыз, ең алдымен саяхаттайтын елді белгілеп, кейін жататын орын мен ұшақ билеттерін алдын ала сатып алу керек. Ең болмағанда туристік агенттіктің ұсынысын қолдану қажет.

"Негізі алдын ала дегенім екі-үш ай, тіпті жарты жыл бұрын саяхаттануға қамдануды айтып тұрмын. Қонақүй жалдауды, ұшақ билеттерін немесе турпакетті алдын ала сатып алу қажет. Себебі демалуға арналған жақсы орындар алдын ала брондалады. Жазғы уақытта саяхаттау үшін жыл басында қамданған жөн", - дейді ол.

Оның айтуынша, баламен немесе баласыз саяхатқа шықпай тұрып, шабаданыңызды дұрыстап жинаңыз.

"Өзім шетелге баруды жоспарлағаннан кейін, шабаданымды жинауды үш кезеңге бөлемін. Бірінші рет жинағаннан кейін, екі-үш күн өткен соң шабаданды қайта қарап шығамын, сөйтіп артық заттарды алып тастаймын. Сондай-ақ саяхаттауға бір күн қалғанда шабаданымдағы заттарды үшінші рет қарап шығамын, ақырында тек керек заттарды өзіммен бірге алып жүремін. Сонымен қатар ата-аналарға және балаларға синтетикалық киімдер алмаған жөн деп санаймын", - дейді ол.

Роза Есенқұлова жаз маусымында демалуға Түркия ыңғайлы екенін айтты. Себебі ол жаққа сатылатын турларда - жол, тұратын жер, трансфер қосылған. Оның сөзінше, бұл бағдарламаның ішіне балаларға арналған тамақ та бар және ол елдің ауа райы жақсы.  

"Түркияға саяхаттауға арналған турпакеттерді алсаңыз ұтылмайсыз. Себебі ол жақта саяхаттау жоспары алдын ала белгіленген. Бірақ Түркияға саяхаттау былтырға қарағанда қымбаттады. Сонымен қатар балалармен бірге бару үшін ыңғайлы елдер ішінде Біріккен Араб Әмірліктері кіреді. Бұл елге тек көктем және күзде барған ыңғайлы. Ал БАӘ-ге бару қымбат болса, Мысырды ұсынамын. Саяхаттаушылардың көбі ол жақта балалармен жүреді. Мысырға бару Түркиядан да арзан түседі. Бұл елге де көктем, күз мезгілдері бару ыңғайлы. Әрине балалармен басқа да елдерге саяхаттауға болады. Мысалы жазғы уақытта Грекия, Черногория, Вьетнамға бару ыңғайлы. Бұл тек қаражат мәселесіне тіреледі. Атап өткен мемлекеттерге бір рейспен бара аласыз", - дейді маман.


Суреттер pixabay.com сайтынан

Турагенттің сөзінше, екі жасар балаларға тұрақты рейстерда ұшу тегін. Ал чартерлі рейстерде туроператорға байланысты баға белгіленеді. 

"Чартерлі рейстерде бала екі жастан асса, оған әдеттігдей толық ақы төленеді. Ал тұрақты рейстерде екіден он екі жасқа дейін елу пайыз жеңілдік беріледі", - дейді ол.

Сонымен қатар Роза Есенқұлова баламен шетелге шыққанда дәрі-дәрмек қорапшасын алып жүру керектігін айтты. Оның ішінде аллергияға қарсы, іш өтуді тоқтатын дәрі-дәрмектер болуы қажет. 

Оқи отырыңыз:

Шетелдегі демалыс: Төлем картасын пайдалану алдында не білу керек

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.12   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети