11 июля 2019 | 15:57

Шетелге демалуға шыққанда қалай ақша үнемдеуге болады

Сурет pixabay.com сайтынан

Жаздың қызған шағында еңбек демалысына шығып, шетел аралау көбінің арманы. Ел аралауға шыққанда қалай ақша үнемдеуге болады? Қандай лайфхактар бар? Tengrinews.kz тілшісіне бұл жайлы саяхатшы-блогер Данат Алиев тәжірибесін бөлісті. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жаздың қызған шағында еңбек демалысына шығып, шетел аралау көбінің арманы. Ел аралауға шыққанда қалай ақша үнемдеуге болады? Қандай лайфхактар бар? Tengrinews.kz тілшісіне бұл жайлы саяхатшы-блогер Данат Алиев тәжірибесін бөлісті. 

Блогердің сөзіне жүгінсек, әлемнің кез келген түкпірінде көлікті жалға беретін кеңселер бар. Жекешеленген кеңселер де болады. Алайда, мұндай жерлерде көлікті жалдаудың жалпы құны жоғары болуы мүмкін. Өйткені келісімшарттағы көптеген тармақ бастапқыда талқыланбайды. 

Реклама
Реклама

Автомобильді брондау кезіндегі бірінші лайфхак: жалға алу кезінде нақты бір ел таңдасаңыз, баға айтарлықтай төмен болады және барлық сақтандыру тегін болады.

Мысалы, Данат Америкада бір амал жасаған: көлікті жалға беруші мекеменің сайтында Қазақстанды таңдаған кезде, 1 айға жалға алудың бағасы сақтандыруды қосқан кезде 900 АҚШ доллары болған. Тағы бір ескере кететін жайт, көптеген елдегі мемлекеттік көлік жүргізу куәлігін қабылдаса, ал Біріккен Араб Әмірліктерінде халықаралық куәлікті қабылдайды.

Тағы бір лайфхак - көлікті жалға алар алдында да, басқа да түрлі қызмет пен тауар аларда міндетті түрде мекеменің 10-25 пайыз промо-кодтарын іздеңіз. Жеңілдіктерді қолдану әдісі 100 пайыз жұмыс істейді. 

Әлемдегі қонақүйлердің жартысынан көбі ірі қонақүйлердің желісі. Осындай қонақүйлерде сіз әрбір жаратқан долларыңыз үшін 10 баллдан жинап отырасыз. Кейіннен сол баллдарды қайтадан пайдалануға болады. Әрбір желіде 3-4 деңгейден тұратын өзінің бейілдік бағдарламасы бар. Деңгей неғұрлым жоғары болса, соғұрлым тегін жеңілдіктер аласыз.

Мысыр трендте. Танымал қазақстандықтар қайда демалып жүр

"Мысалы, Hilton желісіндегі Gold мәртебесі сізге жылына 1,250 доллар үнемдеуге мүмкіндік береді. Бірақ, стандарт бойынша, Gold мәртебесін алу үшін бір жылда 40 күн тұру керек", - дейді саяхатшы.


Суреттер pixabay.com сайтынан

Шетелге шыққанда ақшаны қалай үнемдеу керек?

- "Ерте тұрған еркектің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің бір ісі артық". Ерте бастан қамданып, баратын еліңіздің билетін ерте алуға мүмкіндігіңіз болса, онда билет құны сізге өте арзанға түседі. Түрлі интернет-сайттардың жеңілдігі бар қызметін пайдалануға болады;

- Өзге елге барғанда экскурсияға апаратын гидтердің қызметіне ақша төлегенше баратын еліңіз жайлы көптеген шолу мақалаларын оқыңыз, түсінбеген тұстары болса форумдардан сұрастырыңыз. Сонымен қатар, Youtube-тен өзіңіз баратын ел жайлы видеоларын қараңыз. Осы арқылы өзгенің көмегінсіз-ақ әлем жауһарларына өз күшіңізбен қол жеткізесіз.  

- Валюта бағамы тұрақсыз. Сондықтан ерте бастан қолыңызда бар ақшаны жеткілікті болатындай шетел валютасына айырбастап алыңыз. Сіз ұшып баратын уақытқа дейін бағам айтарлықтай өзгеруі мүмкін.

- Келесі кеңес, шетелде қонақүйден гөрі пәтерді жалдау өте тиімді. Пәтер іздеуге арналған арнайы онлайн сервистері бар. Ондай ресурстарда ерекше пәтерлерді де кезіктіруге болады;

- Сіз баратын елдегі такси қызметі жайлы да көп ақпарат біліңіз, әйтпесе әккі алаяқтар сізді алдап, жол құнын он есе артық көрсетуі мүмкін. 

- Тағы бір кеңес, қонақүйден бөлек сіз каучсерфингті қолдана аласыз. Каучсерфинг - бұл халықаралық саяхатшылардың қауымдастығы. Бұл онлайн-сервистің жұмысын қысқаша мына тіркеспен түсіндіруге болады: "сіздің дүниежүзінде достарыңыз көп, тек сіз олармен әлі кездеспедіңіз". 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная