21 февраля 2022 | 12:03

"Шымбұлақты шулаттық десек болады". Сноуборд пен шаңғы тепкен жас жұбайлар Қазнетті тәнті етті

Видео кадры. Tengrinews.kz коллажы

Шымбұлақта сноуборд пен шаңғы тепкен жас жұбайлар Қазнетті тәнті етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шымбұлақта сноуборд пен шаңғы тепкен жас жұбайлар Қазнетті тәнті етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Желі қолданушылары жас жұбайлардың ерекше әрекетіне риза болған. Бүгінде видеоны 111 мыңнан аса адам көрген, 15,2 мың лайк басылып, 84 пікір жазылған. Видеода күйеу жігіт пен қалыңдық шаңғы мен сноуборд теуіп бара жатыр. Шымбұлақта жүрген бейтаныс адамдар оларды сыртынан түсіріп алған. 

"Өте керемет, есте қаларлық", "Шымбұлақта танысқан-ау", "Керемет, мен де солай істегім келеді", - деп жазды TikTok қолданушылары. 

Реклама
Реклама
@bknvkml Молодожены? #алматы #горы #шымбулак #ski ♬ Ты со мной - Lina Lee & Ваня Дмитриенко

Видеода тараздық Әлнұр және оның қалыңдығы. Олар биыл жазда шаңырақ құрмақ. Әлнұрдың айтуынша, бұл ешқандай әлеуметтік ролик емес. Видео Love Story үшін түсірілген екен. 

"Біз Шымбұлаққа көтерілген кезде бәрі бізге қарай бастады. Келіп, құттықтап, суретке түсіп жатты. Сырттан видеоға да түсіріп жатты. Шымбұлақта өздеріңіз білетіндей, шетелдіктер көп жүреді. Польшадан келген әйел бізді көріп, қуанып, құттықтап жатты. Бізден "Бұл сонда сіздердің дәстүр ме?" деп сұрады. Шымбұлақты шулаттық десек болады. Бірақ ондай ой болған жоқ. Тек өзіміз үшін, естелік болсын деп бардық. Бұл Love Story-дің бірінші кезеңі. Кейінірек басқа да локацияларға барамыз", - дейді ол. 

Сонымен қатар, Әлнұр таңдауы неліктен Шымбұлаққа түскенін айтты.  

"Екеуіміз бір-бірімізді байланыстыратын нәрседен бастаймыз деп шештік. Мысалы мен бала күнімнен шаңғы тебемін. Сосын болашақ жарыммен кездесе бастағаннан кейін оған да үйрете бастадым. Оның таңдауы сноуборд болды. Біртіндеп үйрете бастадым. Өзім спорттың бұл түрін алып жүргеніме он жылдай, ал қалыңдығыма екі жылдай болды", - дейді ол. 

Әлнұр мен жары. Сурет: жеке архив

Love Story түсіру барысында ешкім зардап шекпеген. 

"Видеоны түсіру барысында құлаған жоқпыз. Екеуіміз де жақсы айдаймыз. Жаттықтырушылармен дайындалып, бірақ бардық", - дейді Әлнұр. 

Оның айтуынша, видеоны түсіруге киімдерді жалдау, жалпы дайындықты қосқанда екі аптадай дайындалған. Түсірілім 5-6 сағатқа созылған.   

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная