ПОДЕЛИТЬСЯ
30 июля 2019 | 15:36
Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың қызу талқыланған мәлімдемелері
Өткен аптада Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың Лондон көшелерінде түсірген видеосын желі қолданушылары қызу талқылаған болатын.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Өткен аптада Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың Лондон көшелерінде түсірген видеосын желі қолданушылары қызу талқылаған болатын.
"Лондон - әлем астанасы, оны дәлелдеудің қажеті жоқ, әрине. Бірақ мен Қазақстанды көбірек жақсы көремін. Қазақстанда тұрып, жұмыс істеп, әлемге саяхат жасау керек. Нағыз бақыт осы секілді. Әсіресе, бізге - өз отанының патриоттарына", - деген еді әкім.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Gabidulla Abdrakhimov (@gabidullaabdrakhimov) 23 Июл 2019 в 6:36 PDT
Тengrinews.kz тілшісі Ғабидолла Әбдірахымовтың ел арасында кең тараған мәлімдемелеріне шолу жасады.
"Жалқаулар мен қабілетсіздерге полицияда орын жоқ"
2017 жылдың ақпанында Шымкенттің бұрынғы әкімі қаланың төрт аудандық ЖПҚ басшысына қатаң ескерту жасады. Әбдірахымовтың ойынша, ол кезде көшедегі сауда, такси, тәуліктік пәтер және бос қалған құрылыс алаңдары бойынша мәселелер шешімсіз қалған.
"Жергілікті полиция қызметінің барлық басшысы орнында қалатынына сенімді емеспін. Жұмыстарыңызға риза емеспін, есеп үшін ғана жұмыс істейсіздер. Жалқаулар мен қабілетсіздерге полицияда орын жоқ. Полицияға адам мансап үшін емес, тәртіп орнату үшін келу керек", - деп ашуланған болатын қала басшысы.
"Шымкент қаласы - зың"
2017 жылы Шымкент қаласының туған күнін атап өтіп жатқанда "Қызық Times" шоуы концерт өткізіп, сахнаға Ғабидолла Әбдірахымов шыққан. Сол кезде жүргізушілер қала басшысынан Шымкентті бір сөзбен сипаттап беруді сұрайды. Осы кезде Ғабидулла Әбдірахымов "Шымкент қаласы - зың" деп қалжыңдаған.
"Халық әйел секілді"
Былтыр қарашада Әбдірахымов Нұр-Сұлтанда орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте халықты әйелге теңейтінін айтқан болатын.
"Мен халықты әйелге теңеймін. Халық әйел сияқты. Өздеріңіз де білесіздер, әйел қамқорлықты, махаббатты қалайды. Жылулық қалайды, өзіне көңіл аударғанын жақсы көреді. Егер оған осының барлығын дер кезінде бермесең, олар көтеріліс жасауы да ғажап емес. Халықпен де тура сондай қарым-қатынас жасау керек", - деген еді Әбдірахымов.
"Шымкент Лас-Вегастан да күшті болуы керек"
2015 жылы жобалаушылар әкімге жолүсті және жоласты өтпелдердің үлгісін көрсетіп жатқанда, араларындағы біреуі жобасын қабылдамағанын айтты. "Бұл жақтан Лас-Вегас жасағыларың келе ме деп айтты", - деп жобалаулы шағым білдірген.
Жаңа жобаны мұқият қараған Әбдірахымов оған былай жауап берді: "Шымкент Лас-Вегастан да күшті болуы керек. Шымкенттің тұрғындары оған лайық".
"Әйелдеріңе ие болыңдар!"
Биыл Арыстағы жарылыстан кейін митингіге шыққан тұрғындардың алдына келген Шымкент әкімі ер адамдарды айыптаған болатын.
"Мен еркектерге ренжіп отырмын. Әйелдер айқайлайды, сөйлей береді. Ал еркектерге не жоқ? бірінші, өз әйелдеріңе ие болыңдар! Содан кейін ел туралы айтыңдар. Өздерің әйелдеріңе ие бола алмай, маған келіп әңгіме айтасыңдар", - деп шеруге шыққандарға ашуланған еді.
Осы кездесуі кезінде ол өзінің құдай емес екенін де айтты: "Тілім бар деп сөйлей бересіңдер. Біз де ойнап жүрген жоқпыз. Қолдан келгенін жасап жатырмыз. Егер де мен құдай болсам, бір күннің ішінде шешіп тастайтын едім. Біз де пендеміз, біз де адамбыз. Күні-түні жұмыс істеп жатырмыз".
"Отаның мен анаңды таңдай алмайсың"
Былтыр қарашада Әбдірахымов қазақстандықтардан Отанын басқа мемлекеттермен салыстырмауын сұраған болатын.
"Қазір мен баспасөзден мынаны оқимын - Америкада былай, Еуропада былай, бізде неге олай емес. Мен сіздерге айтайын, бізде оларға қарағанда әлдеқайда жақсы, еркін өмір, бізде рухани дүние бар. Осыны сақтап қалу керек. Отаның мен анаңды таңдай алмайсың. Сіздер көшеде жүріп "Мына әйел әдемірек екен, мен осыны анамның орнына таңдаймын" демейсіздер ғой, - деді әкім.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также