ПОДЕЛИТЬСЯ
18 июня 2019 | 17:07
Студенттер қандай салаларда жоғары жалақысы бар жұмыстарға орналаса алады
Қазіргі уақытта жұмыс іздеушілердің көбі студенттер мен еңбек өтілі жоқ адамдар. Оған айғақ HeadHunter сарапшыларының 2019 жылдың 1 тоқсанына жасаған зерттеуі. Сарапшылар мұндай адамдарға жұмыс ұсынатын компаниялардың тізімі бар екенін айтып отыр. Егер сіз ЖОО-ны тәмамдаған болсаңыз немесе жұмыс өтіліңіз болмаса қандай жұмысқа орналасуға болады, олардың жалақысы қандай және жалпы елімізде ең жоғары жалақы алатын қандай мамандар? Tengrinews.kz тілшісі бұл сұрақтардың жауабын сарапшылардан сұрап білді.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазіргі уақытта жұмыс іздеушілердің көбі студенттер мен еңбек өтілі жоқ адамдар. Оған айғақ HeadHunter сарапшыларының 2019 жылдың 1 тоқсанына жасаған зерттеуі. Сарапшылар мұндай адамдарға жұмыс ұсынатын компаниялардың тізімі бар екенін айтып отыр. Егер сіз ЖОО-ны тәмамдаған болсаңыз немесе жұмыс өтіліңіз болмаса қандай жұмысқа орналасуға болады, олардың жалақысы қандай және жалпы елімізде ең жоғары жалақы алатын қандай мамандар? Tengrinews.kz тілшісі бұл сұрақтардың жауабын сарапшылардан сұрап білді.
HeadHunter сарапшылары 2019 жылдың I тоқсанының зерттеуі бойынша ЖОО-ның түлектеріне және еңбек өтілі жоқ адамдарға жұмысқа тұру мүмкін екенін айтты. Оған айғақ жұмыс берушілердің бірнеше сала бойынша студенттер мен еңбек өтілі жоқ адамдарды іздеуі.
Негізі мамандар түрлі курстарға қатыстқаны туралы сертификат болса оны түйіндемеде көрсетіп, жұмысқа қабылдануға ықпал етуге болатынын айтып отыр. Рекрутинг мамандары 2019 жылдың I тоқсаны бойынша еңбек өтілі жоқ адамдарға және ЖОО-ның түлектеріне компаниялар тарапынан мынадай жұмыстар ұсынылғанын айтты:
1. Компанияның сатушы мамандары
2. Туризм, қонақүй және мейрамхана
3. Қаржы, құрылыс салаларының кеңесші қызметкерлері
4. Мекеменің әкімшілік қызметкерлері
5. PR-маркетинг, жарнама және PR саласы
Қазіргі кезде елімізде бұл саладағы қызметкерлерге жұмыс берушілер 58 - 175 мың теңге аралығында жалақы ұсынады. Бұл салаларда жұмыс істеу үшін кейбір компаниялар ЖОО-ның дипломы міндетті емес екенін көрсеткен. Жоғарыда көрсетілген салалар бойынша жұмыс орны Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Қарағанды және Атырау қалаларында көп.
"Жоғарыда көрсетілген салалар бойынша жұмыс істегісі келетін ЖОО-ның түлектері өз түйіндемесінде қатысқан түрлі тренингтер мен өз дағдыларын атап өткені абзал. Осылайша басқа да үметкерлердің арасында жұмысқа тұру мүмкіндігіңіз ұлғаяды", - дейді сарапшылар.
Рекрутинг мамандары ұсынған еліміздегі еңбек өтілі жоқ әрі ең жоғары жалақы алатын мамандар тізімі мынадай:
Құрылысшы мамандар - 473 мың теңге PR Маркетинг, жарнама және PR саласы қызметкерлері - 395 мың теңге Компанияның сатушы менеджерлері - 387 мың теңге Қаржы компаниялары және банк қызметкерлері - 317 мың теңгеСондай-ақ рекрутинг мамандар қазіргі уақытта жұмыс іздеушілердің көбісі студенттер мен еңбек өтілі жоқ адамдар екенін айтты.
Сонымен қатар, рекрутинг мамандар елімізде қазіргі уақытта орта есеппен санағанда ең жоғары айлық алатын қызметкерлердің тізімін берді. Бұл жалақы сомалары жұмыс берушілер көрсеткен ең жоғары және ең төменгі айлық сомаларын қосқандағы орта есебі:
Компания басшылары және директорлары - 548 мың теңге
Шикізат өнідріс қызметкерлері - 467 мың теңге
Фитнес және сұлулық салон қызметкерлері - 461 мың теңге
Қаржы, құрылыс сияқты салаларының кеңесші қызметкерлері - 442 мың теңге
Ақпараттық технология, телекоммуникация қызметкерлері - 419 мың теңге
Сарапшылардың зерттеуіне сүйенсек 2019 жылдың 1 тоқсанында сатушы, есепші және мекеменің қаржысымен айналысатын мамандар, мекеменің әкімшілік қызметкерлері, бағдарламашы және телекоммуникация мамандары сұранысқа ие. Жұмыс берушілер бұл сала иелерінен бір жыл еңбек өтілі болуын талап етеді. Жоғарыда көрсетілген мамандықтар мына қалаларда сұранысқа ие: Алматы, Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Атырау және Шымкент.
Мамандар бұл көрсеткіштің әр тоқсан сайын өзгеретінін мәлімдеді. Оған қоса жұмыс берушілердің мамандардың білігі мен тәжірибесіне қарай ұсынатын жалақы сомасы да өзгереді. Сондай-ақ, жұмыс берушілер көбіне 18-30 жас аралығындағы қызметкерлерді жұмысқа тартады екен.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также