СКАЧИВАЙТЕ НОВОЕ ПРИЛОЖЕНИЕ TENGRINEWS
08 июня 2018 | 19:18

Студенттік шақтағы ғашығын 10 баласымен жар еткен астаналықтың оқиғасы

Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Бала санамаймын" тақырыбы қозғалды. Бағдаралмаға Астана қаласының 41 жастағы тұрғыны Жәнібек Қабанов келді. Ол 20 жыл бұрын студент кезінде өзімен қатар оқыған Жанар есімді келіншекті байып кеткеннен алмағанын, 20 жылдан кейін 10 баласымен қалай алғаны жайлы бар шындықты айтып берді. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Бала санамаймын" тақырыбы қозғалды. Бағдаралмаға Астана қаласының 41 жастағы тұрғыны Жәнібек Қабанов келді. Ол 20 жыл бұрын студент кезінде өзімен қатар оқыған Жанар есімді келіншекті байып кеткеннен алмағанын, 20 жылдан кейін 10 баласымен қалай алғаны жайлы бар шындықты айтып берді. 

Бірінші отбасымен ажырасқан 3 баланың әкесі Жәнібек ешкімнің ақылын тыңдамай, өзі жүрегі қалаған соң Жанарды жар еттім дейді.

Реклама
Реклама

Қазір бақытты отбасымыз деген Жәнібек алғаш рет Жанарды елбасының қабылдауында болғанын байқап қалып, іздестірген. Кейіннен Жанардың да ажырасқанын естіп өзім хабарласып кездесуге шақырдым дейді.

Заңгер Жанар 10 баланы асырап алған екен. Бағдарлама барысында ол бала асырап алғысы келетіндерге өзінің ақыл-кеңесін айтып берді.

Айта кетейік, "Өз ойым" ток-шоуында жүргізушілер жанжалдасып қалған тараптарды ашық диалог арқылы татуластыруға тырысады, ал көрермендерге жағдайдың анық-қанығына көз жеткізуге көмектеседі. Сонымен қатар, айтылғанның барлығын кесіп-пішіп, шешілмейтіндей көрінген түйінді мәселені тарқатуға тырысады.

Бір жарым сағаттық ток-шоу сейсенбіден жұмаға дейін сағат 15:00-де көрсетіліп жүр. Телеарна студиясы мен сайтындағы интерактив кезінде көрермендердің дауыс беруі жүреді.

Вопрос от автора
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная