ПОДЕЛИТЬСЯ
10 сентября 2021 | 16:27
Танымал "Келін" сериалындағы актерлер қайда жүр?
Қазақстанда танымал "Келін" телесериалы бес жыл қатарынан көрсетілген болатын. 2012 жылы көрерменге жол тартқан сериал 2017 жылы Қазақстандағы көрсетілімін тоқтатқан. Телесериалда кедей отбасынан шыққан Анандидің жағдайы жақсы отбасына бала кезінде тұрмысқа шыққан өмірі баяндалады. Бүгінде көптің жүрегінен орын алған сериалдағы танымал актерлер қайда жүр? Tengrinews.kz тілшісі шолу жасады.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда танымал "Келін" телесериалы бес жыл қатарынан көрсетілген болатын. 2012 жылы көрерменге жол тартқан сериал 2017 жылы Қазақстандағы көрсетілімін тоқтатқан. Телесериалда кедей отбасынан шыққан Анандидің жағдайы жақсы отбасына бала кезінде тұрмысқа шыққан өмірі баяндалады. Бүгінде көптің жүрегінен орын алған сериалдағы танымал актерлер қайда жүр? Tengrinews.kz тілшісі шолу жасады.
Сериалдағы басты кейіпкер - Анандидің ролінде бірнеше актриса ойнаған. Оның ішінде, бала кезін актриса Авика Гор ойнаған болатын. Авика Гор 1-515 бөлімдеріне түскен. Сонымен қатар, актриса Нұрлан Қоянбаевтың "Бизнес по-казахски" фильмінің Түркияда түсірілген бөліміне түскені белгілі. Алайда фильм әлі жарық көрген жоқ.
Ананди ролінде 2010 жылдың шілдесінен 2013 жылдың наурызына дейін актриса Пратюша Банеджри ойнаған болатын. Алайда 2016 жылы 1 сәуірде актриса өзіне қол жұмсап, қайтыс болған еді. Hindustan Times мәліметінше, полицейлер актрисаның үйін тексеріп шыққан. Актрисаның үйінен көптеген дәрі мен алкоголь табылған. Сонымен қатар, портал мәліметінше, Пратюша Банеджри өзіне қол жұмсар алдында бірнеше күн бұрын сүйіктісінің үстінен шағым түсірмек болған екен. Құрбысының сөзінше, актриса сүйіктісі оны алдап жүргенін айтқан.
Пәтерінде сымға асылып тұрған актрисаны сүйіктісі Рахул Сингх тауып алған. Ол Пратюша Банеджриді ауруханаға апарғанымен дәрігерлер оны құтқара алмаған.
Пратюша Банеджри
Алғашқы кезеңде 8 жастағы Анадидің Джагдиш есімді күйеуінің ролінде актер Авинаш Мукерджи ойнаған болатын. Актер бүгінге дейін кино саласында жүр. Оған Авинаш Мукерджидің Instagram-парақшасындағы суреттер мен видеолар дәлел. Актер парақшасында түсірілім алаңындағы кездер мен өзі түскен фильмдер туралы ақпаратты бөлісіп отырады.
Сериалда көптің есінде қалған тағы бір басты кейіпкер - Анандидің үлкен енесі Каляни (Сурека Сикри) биыл 16 шілдеде 76 жасында жүрегі тоқтап өмірден өтті. Times of India мәліметінше, актриса екі инсульт алғаннан кейін жағдайы нашарлап кеткен.
Сурека Сикри - театр, кино және телевидение актрисасы. Үндістанның үздік екінші пландағы әйел рөлі үшін Ұлттық кинопремиясының үш мәрте лауреаты.
Ананди есейіп, бала кезінде атастырылып тұрмысқа шыққан күйеуі Джагдишпен ажырасып, Удайпурге көшіп кетеді. Егер қысқаша еске алар болсақ, ол жерде Ананди Шифраджаға тұрмысқа шығады. Оның ролінде жақында өмірден өткен болливудтық жұлдыз Сидхарт Шукла ойнаған еді. Актер 2 қыркүйекте 40 жасында қайтыс болды. Ол инфаркттан кейін ауруханаға жеткізілген. Алайда дәрігерлер оны құтқара алмады.
Сидхарт Шукла мансап жолын модель ретінде бастаған. 2005 жылы Түркиядағы "әлемнің үздік моделі" байқауында ол Үндістан атынан шығып, Азия, Латын Америкасы және Еуропадан келген 40 сайыскерден басым түсіп, титулды жеңіп алған алғашқы үнді, сондай-ақ алғашқы азиялық болған еді. Актер Нұрлан Қоянбаев түсірген "Бизнес по-казахски" фильміне де түскен болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также