ПОДЕЛИТЬСЯ
13 декабря 2021 | 18:02
TikTok-та алматылық үшемнің видеолары жұртты тәнті етті
TikTok-та үшемнің анасы алматылық Айым Сағатбектің видеолары 100 мыңнан аса қаралым жинап, желі қолданушыларын тәнті етті. "Жұғысты болсын" десіп жатқандар да бар. 24 жасында үш қыз дүниеге әкелген келіншек Tengrinews.kz тілшісіне жүктілігі туралы және қыздарына қалай қарайтынын айтып берді.
ПОДЕЛИТЬСЯ
TikTok-та үшемнің анасы алматылық Айым Сағатбектің видеолары 100 мыңнан аса қаралым жинап, желі қолданушыларын тәнті етті. "Жұғысты болсын" десіп жатқандар да бар. 24 жасында үш қыз дүниеге әкелген келіншек Tengrinews.kz тілшісіне жүктілігі туралы және қыздарына қалай қарайтынын айтып берді.
Айымның сөзінше, жолдасы жағынан егіз көп. Ал өзінің туыстары арасында егіз, үшем жоқ екен.
"Басында 1 ұл, 2 қыз болатын шығар дедім. Бірақ УДЗ-ға барғанда екеуі қыз, үшіншісі көрінбей тұр деді. Содан бірден үшеуі де қыз деп ойладым", - дейді ол.
@sagatbek.aiymm ##маматройняшек ##tripletsgirls ##роды ##рек
♬ оригинальный звук - CANARY НАРЫКОВА АНЯ
Келіншек жүктілік басында өте жеңіл өткенін айтты. Алайда кейін перзентханада балаларымен 47 күн жатқан екен.
@sagatbek.aiymm ##tripletsgirls ##тройняшки ##рек
♬ оригинальный звук - 𝐌𝐚𝐫𝐮🦋
"Токсикоз болмады десе де болады. 20-аптадан бастап жүру, отыру қиындады. 2 рет сақтандыруға жаттым. 29-аптада суым кетіп шұғыл түрде кесарь тілігі жасалды. Перзентханада қиындау болды. 47 күн жаттық. Әрқайсы 900 грамнан туды", - дейді Айым.
Қазір үйде сәбилерге қарауға ата-енесі, қайын әпке, сіңлі, күйеуі көмектеседі. Үйге шыққанда да сол кісілердің көмегімен қиналмағанын айтты келіншек.
@sagatbek.aiymm ##tripletsgirls ##папатройняшек ##маматройняшек ##рек
♬ оригинальный звук - 🥵Звуки🥵
Қыздардың есімі - Асылым, Аяулым, Сезім.
@sagatbek.aiymm ##tripletsgirls ##тройняшки ##папатройняшек ##маматройняшек
♬ оригинальный звук - madievy93
"Есімдерін Асылым деп күйеуім, Аяулым деп өзім, Сезім деп қайын әпкем қойды. Үшеуі мен үшін үш түрлі болып көрінеді", - дейді ол.
Айымның сөзінше, осы видеолардың арқасында Instagram-да ерте туған шақалақтардың аналары жазатын болған. Олар балалардың денсаулығы, қосымша беретін тамақтар туралы тәжірибесін, оқиғаларын бөлісіп, сұрақтар қояды екен.
@sagatbek.aiymm А я единственная в семье🤍 ##tripletsgirls ##семья ##рек ##маматройняшек
♬ оригинальный звук - Айя
Показать комментарии
Читайте также