06 января 2021 16:57

"TikTok-та танымал болуыма атам себеп". 15 жастағы шопан баламен сұхбат

TikTok әлеуметтік желісінде Avdi лақапатымен танылған бала қарапайымдығымен біраз адамның жүрегінен орын алды. Оның шын есімі - Әбдіқадыр Наурызбек, 15 жаста. Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Құлан ауылының тумасы. Бүгінде ол мектепте оқиды. 9-сыныпты бітіргеннен кейін арман қала Алматыға келсем деген жоспары бар. Оның TikTok-тағы парақшасында 2 миллионға жуық оқырманы бар, бүгінге дейін түсірілген видеоларына 60 миллионға жуық лайк басылған. Бұл қазақстандық аудиториядағы рекорд деуге де болады. Tengrinews.kz тілшісі жас шопанмен сұхбаттасып, оның өмірі туралы сөйлесті. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

TikTok әлеуметтік желісінде Avdi лақапатымен танылған бала қарапайымдығымен біраз адамның жүрегінен орын алды. Оның шын есімі - Әбдіқадыр Наурызбек, 15 жаста. Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Құлан ауылының тумасы. Бүгінде ол мектепте оқиды. 9-сыныпты бітіргеннен кейін арман қала Алматыға келсем деген жоспары бар. Оның TikTok-тағы парақшасында 2 миллионға жуық оқырманы бар, бүгінге дейін түсірілген видеоларына 60 миллионға жуық лайк басылған. Бұл қазақстандық аудиториядағы рекорд деуге де болады. Tengrinews.kz тілшісі жас шопанмен сұхбаттасып, оның өмірі туралы сөйлесті. 

Әбдіқадыр бүгінде 9-сыныпта оқиды. Артынан ерген Расул, Омар, Мәди және Әли деген төрт інісі бар. Әкесі мал шаруашылығында, одан бөлек, жеке кәсібі бар. Жас видеоблогер оқуды да, мал бағуды да қатар алып жүргенін айтады.

Реклама
Реклама

"Оған уақытым жеткілікті. Мал бағуды демалыс ретінде көремін. Қазір қашықтан оқып жатырмыз. Сабақ басталса мектепке барып оқып, аптасына бір рет мал қараймын. Танымал бола бастағанымды ауылдастарым, мұғалімдерім де біледі", - дейді ол. 


Әбдіқадыр Наурызбек © Tengrinews.kz

Әбдіқадырдың сөзінше, әлеуметтік желіде парақша ашып, оны жүргізе бастауына атасы себеп болған.

"Бастапқыда TikTok-та парақша ашқан кезде танымал болып кетемін деп ойламадым. Оның бәрі атамның арқасы. Яғни маған шабыт берген - атам. Бастапқыда музыкалық видео да, билеп те түсірдім. Ол өтпеді. Ары кетсе 100-200 қаралым жинады. Сосын ойланып, өз сөзіммен, әзілімді қосып, өзім туралы видео түсіріп көруді шештім. Егер адамдарға ұнап жатса сол жолмен жүремін деп ойладым. Осылайша 10 мың қаралымнан, 20 мың лайк жинай бастадым. Біртіндеп көтеріле бастадым. Бастапқыда бәрін қазақша жүргіздім. Сосын басқа да елдегі адамдарды қамтиын деген оймен орысша жүргіздім. Үйімдегі сегіз итімді де түсіре бастадым. Ол видео 1,5 миллион лайк пен 7 миллион қаралым жинады", - дейді жас видеоблогер.

@avdi_senpai_i

♬ оригинальный звук - Avdi Senpai

Оқырмандарының 42 пайызы - Қазақстаннан. Қалғаны көршілес елдердегі, оның ішінде, Ресей, Украина, Қырғызстан, Әзербайжан еліндегі адамдар.

Әбдіқадыр бағатын төрт түліктің барлығы атасының мүлігі екенін айтады. 

"Мен мұндай контентті Қазақстанда ешкім бастамағанын түсіндім. Енді түсіре бастағанымда хейт көп болды. Жаман сөздер жазылды. Ай сайын 10-20 мың адамнан тіркелді. 500 мың оқырманға жете бастағанға дейін парақшамды қазақша жүргіздім. Пікірлерге мән бермейтінмін. Оқыған күннің өзінде маған хейт жазған адамның парақшасын қарап шығамын. Егер ол кішкентай бала екенін көрсем, аса қатты мән бермеймін. Ал ересек адамдар сын айтып жатса өзгеруге тырысамын. Сынның болғаны дұрыс.

Танымал бола бастауыма досымның да үлесі бар. Себебі мен бастапқыда тек музыкалық контент түсіре бастаған кезде ол маған: "Егер сен музыкалық видео түсіре берсең белгілі бір контент болмайды" деді. Соның арқасында да көтерілдім", - дейді ол. 

Әбдіқадыр TikTok-тағы парақшасын атасы да, әжесі де қарап отыратынын айтады. 

"Атам да TikTok-та отырады. Бірде атам маған: "Мәссаған, мыналарда оқырманы көп екен. Сен де осындай болсайшы" деген ақыл айтты. Сосын неліктен соны қолға алмасқа деп ойладым. Әжем де TikTok-та отырады. Ол менің парақшамды бақылап, маған жазылған пікірлерді оқып отырады. Жаман пікір жазылса бірден маған айтады", - дейді Әбдіқадыр. 

Жас видеоблогердің бір ерекшелігі - ол үнемі оқырмандарымен "Охаева, народ" деп амандасады. Ал ол жапон тілінен аударғанда "сәлем, қайырлы таң" деген мағына білдіреді екен. Ал Avdi - есімінің қысқартып жазғаннан туған лақапат болса, Senpai - мұғалім, тәжірибелі адам деген мағына білдіреді. 

@avdi_senpai_i

#переписка

♬ оригинальный звук - Avdi Senpai

Әбдіқадыр TikTok-тағы парақшасын енді ашып, жүргізе бастағаннан кейін бір жылдан соң оқырман саны 400 мыңға жеткен. Бір қызығы екі аптаның ішінде 1,4 миллионға көтеріліп кеткен екен. 

"Парақшамды 2019 жылдың қыркүйек айында аштым. Бастапқы мақсатым - оқырмандарымның санын Жаңа жылға дейін 1 миллионға жеткізу болды. Бірақ Жаңа жылда менде 1,8 миллион оқырман болды. Яғни асып кеттім. Демек мақсатыма жеттім", - дейді ол.  

"Былтыр қарашада оқырман саны 400 мыңға жетті. Сосын мен "осыдан тоқтама" дедім. Бір күні атпен келе жатып, адасып кеткен видеосын салды. Осыдан кейін оқырмандарының саны екі аптада 1,4 миллионға жетті. Бүгінде лайктарының саны 59 миллионға жуықтады", - дейді жас блогердің ағасы әрі менеджері Мырзабек. 

@avdi_senpai_i

♬ оригинальный звук - Avdi Senpai

Әбдіқадыр карантин кезінде көбіне тауда болған.

"Өзіне мал баққан ұнайды, былайша айтқанда соның фанаты. Малға деген жанашырлығы қатты. Кейбір адам бағып отырған малын ұрып, сабап жатады. Ал Әбдіқадыр қозылары туса да бауырына басып алады. Шыны керек, 400 мың оқырманы болғанға дейін TikTok-тағы парақшасына қатты мән берген жоқпын. Кейіннен көрген елдің барлығы "інің Tiktok-та танымал ғой" дейді. Қарасам расында солай екен.

Әкесі ондайға қатты қызықпайды. Бірақ атасы заманауи адам. Негізі Түрікменстаннан 1990-жылдары көшіп келдік. Әбдіқадыр Қазақстанда туған. Талантты бала. Көбіне атасы мен менің қолымда өсті. Ата-анасына "баланың таныла бастауына ешқандай шектеу қоймаңдар" дедім. Көп жерге өзім алып барып жүремін", - дейді Мырзабек. 

Жас блогер бастапқыда сұхбат беруге көп келісе бермейтін. 

"Ол танымал болып кеткенімнен емес. Себебі әкем жібермейді деп, ал ағам, атам қызықпайды деп ойлайтынмын", - дейді ол. 

Мырзабектің сөзінше, Авдидің танымал болып кетуіне пандемия да әсер етті деп айтуға болады.

"Себебі карантин жарияланып, барлық жер жабылғаннан кейін ол әкесімен тауға шығып кетті. Көбіне "мен таудамын" деп жалғыз өзін түсіре береді ғой. Ал шын мәнінде ол жалғыз жүрмейді. Жанында әкесі, бақташылар да болады. Шаруа қожалықтары бар. Сол жерде дәу төбешік бар. Әбдіқадыр кешкісін сол төбеге шығып видеосын түсіріп келеді. Ауылда барлық жағдай жасалған. Әзірге жарнама көп емес. Жеткілікті. Негізі жарнама берушілер жекеге шығып, хат жазған. Бірақ оның бәрін Әбдіқадыр оқымаған ғой", - дейді ол. 

Әбдіқадыр видеоға жалғыз түскенді жақсы көреді. Себебі жанында біреу болса не ұялып қалады, не дұрыстап түсіре алмайды екен. Өз әлемінде жүргенді жақсы көреді. 

"Видеоны бір минутта түсіремін. Оған көп уақыт кетпейді. Бірақ арнайы сценарий жазып, бас қатырмаймын. Қалай бар, солай, ешқандай дайындықсыз түсіремін. Таза импровизация. Мен үшін бастысы TikTok. Бірақ Instagram-ды да біртіндеп қолға аламын. Болашақта YouTube-ті де қолға алуым мүмкін.

Қазір хейтерім жоқ. Мен оқырмандарымды тыңдаймын. Сапасы жақсы телефон ал деп ұсынды - алдым, фан-кездесу ұйымдастыр деді - барған қаламда оқырмандарыммен кездесемін", - дейді ол. 

@avdi_senpai_i

♬ оригинальный звук - Avdi Senpai

Жас блогер орыс тілді адамдарға қазақша үйреткісі келетінін айтады.

"Сондай ой бар. Себебі мен Қазақстанды дамытқым келеді. Тикток-парақшам жақсы дамыса, Қазақстанды бүкіл әлемге танытамын", - дейді Авди. 

Суреттер: Әлихан Сариев/Tengrinews.kz

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram