Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
17 июля 2018 17:55

Тиін және туризм. Жануарларға мүсін қоюдың сыры неде?

Сандуғаш Сұлтан Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram.com/belka_s_atakenta © instagram.com/belka_s_atakenta

Алматыда тиіннің мүсіні қойылғалы бері елімізде ескерткіш орнату, жануарларға мүсін қою, туризм тақырыптары жандана түсті. Осы орайда "Жануарларға мүсін қоюдың сыры неде?" деген сұрақ туындайды және Tengrinews.kz бұл сұраққа жауап іздеп көрді.


Алматыда тиіннің мүсіні қойылғалы бері елімізде ескерткіш орнату, жануарларға мүсін қою, туризм тақырыптары жандана түсті. Осы орайда "Жануарларға мүсін қоюдың сыры неде?" деген сұрақ туындайды және Tengrinews.kz бұл сұраққа жауап іздеп көрді.

Әлемде жалпы саны қанша мүсіннің бар екені белгісіз, соның ішінде жануарларға арналғаны қаншама. Негізінен, жануарлардың алып мүсіні не үшін қойылады? 

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында орналасқан бұқа

Нью-Йорктің атақты Уолл-стритінде орналасқан алып бұқа қоладан жасалған. Оның мүйізінен ұстаған адамның ісі сәтті болып, табысқа жетеді деген ырым бар. Мүсіннің атақты болғаны сонша оны ұстап, жанына тұрып суретке түсуге тырысатын туристердің кезегі үзілмейді деседі.

Барселонадағы (Испания) Ла Рамбла мысығы


© newlava.ru

Бұл мысықтың үлкен болғаны соншалық, бір қарағанда бегемотқа ұқсайды. Ал оны тұрғызғанда бір ғана ырым болған - көптеген қауіпті дерттен сақ болу. Қалаға егеуқұйрық шабуылдап, оба дерті жабысқанда қиындықтан құтқарған осы мысықтар болыпты, қазір бұл мүсін әлемдегі ең атақтылардың бірі және оны тамашалап, суретке түсетін туристер жетерлік.

Украинадағы Сумы облысында орналасқан доңыз ескерткіші


© marketium.ru

Бұл ескерткішті қойғандағы мақсат пен оның түпкі ойы тоқшылық болған екен. Кезінде моңғолдар жергілікті тұрғындардың азығын тартып алған, бірақ олар доңыздың етін жемеген, осылайша халық аштықтан аман қалған. Бұл мүсін де әлемдегі ең атақтылардың бірі болып есептеледі.

Әлемдегі жануарлардың мүсіндерін толықтай тізіп шығу мүмкін емес. Десек те, ұғынуға болатын бір нәрсе бар - ырым және сол ырым арқылы туризмнің дамуына ықпал ету, туристер тарту. Ал, Алматыға алып тиін "келгелі" әлеуметтік желіде бір ғана тақырып талқыланатын болды және бұған қатысты жазылып жатқан пікірлердің басым бөлігі мынадай: "Тиіннің не керегі бар?", "Неге тиін?", "Қанша қаржы кетті?", "Сол ақшаны үйсіздерге бергенде..." тағысын тағы. Сонда, тиінге қатысты қандай ырымға сенуге болады? Тиін туралы не білеміз?

Алматыдағы алып тиін

Алматыдағы бұл мүсінді тұрғызудағы басты идея қала тұрғындарының өмір салтын бейнелеу болған. Тиін адамдардың көршісі сияқты, үнемі жанымызда жүреді, азығын табу үшін тынымсыз қимылдап, өзінше еңбек етеді. Тиін жыртқыш емес, мейірімді тіршілік иесі. Сонымен қатар, ол жылына екі рет төлдейді.

Әлемге әйгілі BBC News телеарнасының сайтына дейін шыққан Алматыдағы тиіннің мүсініне қатысты біздің елде де жағымды пікір айтқандар табылды. Олардың ойынша, тиіннің мүсінін табысқа, татулық пен еңбекқорлыққа, белсенділік пен көпбалалыққа ырымдауға болады. Расымен де солай ма, туризм саласының мамандары бұған не дер екен?

Туризм және спорт саласы бойынша PR маманы Айдана Әділбекованың айтуынша, жануарлардың алып мүсіндерін орнату туризмнен бөлек, адамзатқа оның табиғатпен етене жақын екенін және оны қорғап, қастерлеу керегін үндейді.

"Туризм десе бірден биік-биік ғимаратты елестетіп, соларды ғана тұрғыза беруге болмайды, табиғатты да ұмытпау керек. Ал тиіннің мүсіні туралы әлі де даулы пікірлер айтылып жатыр, ол бекерге тұрғызылды деуге болмайды. Мысалы, Алматыда барлық қоршаулар алынады дегенде де қарсы шыққандар көп болды, бірақ кейін оның дұрыстығын түсінгендер мойындап, құп көрді. Кез келген жаңашылдықта оң көзқарас танытпайтын адамдар кездесіп жатады. Десек те, сол тиінді қазірдің өзінде қаншама адам барып көріп, суретке түсіп жатыр, олардың қатарында туристер де жоқ емес", - деді ол.

Маманның болжамы бойынша, уақыт өте келе тиінге де қатысты өзіндік ырымдар пайда болады, мұндай құбылыс тәжірибеде бар.

"Мысалы, Нью-Йорктегі шабуылдаушы бұқаның мүсіні. Оның мүйізін ұстаған адам мол табысқа кенеліп, ақшасы көбейеді деген сенім бар және оны ұстау үшін арнайы баратын туристер де кездесетін көрінеді. Ол ырым мен сенім де уақыт өте пайда болып, қалыптасқан, біздің тиіннің де немесе өзге мүсіндеріміздің де соншалықты танымал болмасына кім кепіл? Оның үстіне, бұл тиін әлемдегі ең үлкен тиін, сол үшін де тамашалауға тілек білдіретіндер табылатын болады", - дейді маман.

Айта кетейік, алдағы уақытта Алматы көшелерінде 16 жаңа арт-нысан пайда болады. Олардың арасында мүсіндер, инсталляциялар, арт-орындықтар, көше кинотеатры, мобильдік кітапхана және тағы да басқалар бар.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.22   490.7   4.76 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети