ПОДЕЛИТЬСЯ
26 октября 2023 | 16:52
"Тіл-көз тиген шығар". Қызылордалық өнер иесі өмірін күрт өзгерткен жағдай туралы айтты
Қызылордалық кәсіби хореограф Күлпаш Күншығарова - бүгінде арбада отырып билеудің хас шебері. Сап-сау жүрген жанның сал күйге түсу себебі дәрігерлер үшін де түсініксіз, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қызылордалық кәсіби хореограф Күлпаш Күншығарова - бүгінде арбада отырып билеудің хас шебері. Сап-сау жүрген жанның сал күйге түсу себебі дәрігерлер үшін де түсініксіз, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.
Кейіпкеріміз жалынды жастығын, асқақ арманын дауасыз дерт бұзады деп еш ойламаған еді. Бәрі аяқ астынан болды. 25-26 жастағы кезі. Буын-буыны сырқырайтынды шығарды.
"Арбаға таңылуым - түсініксіз жағдай. Институтта жұмыс істеймін. Әуелі білегім ауырды. Сосын аяғым сыр бере бастады. Дәрігерлер нақты диагноз қоя алған жоқ. Ревматоидті полиартрит деп топшылады. Анализ нәтижесінде айтарлықтай ауытқу жоқ. "Буын ауырса, ревматизм шығар, ол жүрек ревматизміне ұласса, қауіпті" деп операция арқылы тамақтағы баспаны алып тастады. Мұның екінші жағы бар. Қазір қысы-жазы аузымды бүркеп жүремін", - деді Күлпаш Күншығарова.
Аяқ-қолының қимылы азайып, отырып-тұрудан қалған өнер иесі ақыры мүгедектер арбасына таңылды. "Сахнаның адамысың, көптің алдында жүрсің, саған тіл-көз тиген" дегендер болыпты. Қазалыдағы өзі барған емші кісі де осылай айқан. Бұлай дейтін жөні бар.
"Мектеп бітіргесін Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтына оқуға түстім. Бірінші курстан бастап атағы дүрілдеп тұрған республикадағы тұңғыш "Сыр сұлуы" халықтық ән-би ансамбліне қабылдандым. Оқуға да, оған да үлгеріп жүрдім. Үшінші, төртінші курстарда топты Алматыға телевидениеге шақырды. "Халық – талант қайнары" бағдарламасында қонақ болдық. "Сыр сұлуы" туралы музыкалық фильм түсірді. Кураторым Зинат Сексенбаеваның кітабы да жарық көрді. Осылай ел алдында есейіп, шығармашылығым шыңдалып келе жатқанда күтпеген жағдай өмірімді күрт өзгертті", - деді ол.
Кейіпкеріміздің бір басында бір емес, үш диплом бар. Музыка пәнінің мұғалімі, хореограф, медбике мамандықтарын меңгерген. Лейтенант шенін де алған.
Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.
Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также