23 ноября 2020 | 12:57

"Түрі бұзылып кетті ғой". TikTok-та жаңа тренд пайда болды

© Tengrinews.kz коллажы

TikTok желісінде жаңа пранк талқыланып жатыр. Пранктың негізгі идеясы - алдайтын адамның алдына ұялы телефонның камерасын қосып кетіп, күтпеген жерден SMS хабарлама келеді. Оны көрген адамдар түрлі реакция білдіреді. Көп адам оны ата-анасына, сүйіктісіне не бауырына жасаған. Бірі пранк екенін түсінбей, ашуланып кетсе, бірі әзіл деп қабылдаған. Tengrinews.kz тілшісі TikTok-тағы жаңа трендтегі қызық видеоларды жинады. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

TikTok желісінде жаңа пранк талқыланып жатыр. Пранктың негізгі идеясы - алдайтын адамның алдына ұялы телефонның камерасын қосып кетіп, күтпеген жерден SMS хабарлама келеді. Оны көрген адамдар түрлі реакция білдіреді. Көп адам оны ата-анасына, сүйіктісіне не бауырына жасаған. Бірі пранк екенін түсінбей, ашуланып кетсе, бірі әзіл деп қабылдаған. Tengrinews.kz тілшісі TikTok-тағы жаңа трендтегі қызық видеоларды жинады. 

Лаура есімді қолданушының 21 мыңға жуық оқырманы бар. Ол ата-анасына пранк жасаған. Әдетте желідегі видеолары орта есеппен 10 мың қаралым жинайтын Лаураның бұл жолғы видеосын 3,1 миллион адам қараған.

Реклама
Реклама

Әуелі ол ата-анасының алдына ұялы телефонының камерасын қосып кетіп қалады. Артынша "сүйіктісінен" хабарлама келеді. 

"Жан, сен екеуіміздің үйленетімізді ата-анаңа айттың ба?" деген SMS келгенін көрген қыздың ата-анасы не күлерін, не жыларын білмей қалады. 

@lau_sakenovna

???????

♬ оригинальный звук - @_lalilaa_

Видеоға 420 мыңға жуық лайк басылып, 5965 адам пікір жазып, 4976 адам видеоны бөліскен. 

Аружан есімді қолданушы анасын алдаған. Айнара есімді құрбысының үйіне қонуға сұранған Аружанға Алишер есімді жігіттен "Анаңнан сұрандың ба?" деген хабарлама келеді. Ашуға бұлыққан анасы жағдайды түсінбей, қызын ұрыса бастайды. 

@arushka___

кричите если попаду в #рек ?????

♬ оригинальный звук - Arushka??

Келесі пранк 401 мың қаралым жинаған. Видеода Маша есімді қыз сүйіктісін алдаған. 

"Чинаға аяғың ауыр екенін айттың ба?" деген хабарламаны көрген жігіттің көңіл-күйі бір сәтте түсіп кетеді. 

@mashastep3

♬ оригинальный звук - mashastep

"Жігіттің бүкіл өмірі көз алдынан өтіп кетті ғой", "Байғұстың көз қарасы бірден өзгеріп кетті ғой", "Түрі бұзылып кетті ғой" дейді Желі қолданушылары. 

Қызының тұрмысқа шығатын естіген әке қатты қуанып кеткен көрінеді. Қырғызстандық қыздың видеосын 105 мыңнан аса адам көріп, 920 пікір жазылған. 

"Ол сенің тезірек тұрмысқа шыққаныңды қалайтын сияқты", "Ең күлкілі реакция", "Әкең үшін лайк бастым" дейді Желі қолданушылары. 

@easkww__

концовка топ?

♬ оригинальный звук - easkww__

Қазақстандық шоумен, диктор Фима Иванов "әйелінен таяқ жеді". Трендке айналған пранкті қайталаймын деген ол әйелін алдамақ болған. 

"Сурет жіберейін бе? Әйелің қасыңда жоқ па?" деген хабарлама келген кезде шоумен "бұл әзіл" деп ақтала бастаған. 

@fimaivanov7

?#мужжена #женаприкол #бывшая #женамуж #любовница #прикол #пжврек #хочуврекомендации #любовныйсигнал #женапранк #пранк #реки #топ #женаробот

♬ оригинальный звук - fimaivanov

Әділ Мұса есімді қолданушының енесіне жасаған алдау операциясы өзі ойлағаннан да басқаша аяқталған. Камила есімді қыздан "Әйелің қашан келеді? Мен сені қатты сағындым, жаным" деген хабарлама келген кезде, енесі түсіністік танытып, құрбысы екенін түсінеді. Алайда артынша күйеубаласы ол тек пранк екенін айтады. 

@adilmysa

#рек #рекомендации

♬ оригинальный звук - user9411621522490

Жалпы TikTok-тағы жаңа трендте көптеген Желі қолданушысы ата-анасына пранк жасаған. 2,1 мыңнан аса оқырманы бар Гуля Самбетова есімді қыздың видеосы 333 мың қаралым жинаған.  

@kiyagreys

???

♬ оригинальный звук - Gulyaa Sambetova

"Жарнама 1 миллион теңгеден басталады". WhatsApp-ты басып озған TikTok несімен ерекше?

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная