23 сентября 2021 | 17:24

Түркістан облысында ауыл тұрғындары қауіпті көпірді өздері жөндеді

Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Өнімкер ауылының тұрғындары ақша жинап, екі ауылды байланыстыратын көпірге жөндеу жұмыстарын жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Өнімкер ауылының тұрғындары ақша жинап, екі ауылды байланыстыратын көпірге жөндеу жұмыстарын жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Жөндеу жұмыстарын Марат және Тойшыбек есімді тұрғындар ұйымдастырған. 

"Ескі көпір болатын. Ауыл тұрғындары өте алмайтын. Негізі бұрыннан тұрған көпір. Соның үстіне жөндеу жұмыстарын жасадық. Тұрғындардың атынан істелген жұмыс. Ақшаны өзіміз жинадық. Әркім бере алғанынша жинады: біреу 10 мың, біреу 20 мың, біреуі 50 мың берді. Жалпы жиналған ақша жетті. Жөндеу жұмыстары өткен аптада бітті. Бүгінде көпірді қолданып жүрміз", - дейді Марат есімді тұрғын. 

Реклама
Реклама

Жөндеу жұмыстарын ұйымдастырған Тойшыбек есімді тұрғынның сөзінше, бұрын бұл бетін топырақ басып жатқан көпір болған.

"Сумен шайылып, тіпті көлік өте алмайтын көпір болған. Қауіпті болатын. Көпірдің арғы жағында 16-20 үйдей бар. Сол үйдің балалары көпірден өтетін. Марат екеуміз ұйымдастырып едік, көпірдің арғы жағындағы үйлер де қол ұшын созды. Сөйтіп үлкен көлік емес, тек жеңіл көлік өтетіндей жасадық. 100 жылға кететін көпір ғой.

Балалардың аяғы балшыққа батып жүретін. Жарамсыз болып қалған көпірді жөндедік. Көлік емес, адам да өте алмайтын. Бірақ біз көпір жасадық деп ешкімге міндетсініп жатқан жоқпыз. Оны ешкімге айтқан да жоқпыз. Желіге видео тарап кетіпті", - дейді Тойшыбек есімді тұрғын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram