21 февраля 2019 | 19:43

"Ұлдарым қол көтеріп, қыздарым кредитін төлетіп отыр". Ұлжалғас әжейдің тағдыры

Сандуғаш Сұлтан Корреспондент

Астаналық 61 жастағы Ұлжалғас Аманбаева екі қызының кредит алғызып, төлемей қойғанын, ал ұлы қол көтергенін айтып, мұңын шақты. Аянышты тағдырын кейуана Жетінші арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында әңгімеледі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Астаналық 61 жастағы Ұлжалғас Аманбаева екі қызының кредит алғызып, төлемей қойғанын, ал ұлы қол көтергенін айтып, мұңын шақты. Аянышты тағдырын кейуана Жетінші арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында әңгімеледі.

Кейуана күйеуінің қайтыс болып кеткенін, қазіргі уақытта 32 мың теңгеге жалғыз өзі пәтер жалдап тұратынын айтады. Екі қызы екі кредит алғызып, төлемей қойған. Бұл қарызды өз зейнетақысынан ай сайын төлеп жатыр екен.

Реклама
Реклама

"Ақшадан қиналамын. Немеремді қызым ұрып-соғады. Кейде немеремнің мектебіне барып тұрамын. Маған ұлым қол көтерген. Қызым бөлек тұрғысы келген шығар, мені үйден қуып шықты. Бір миллион теңге кредит алып беріп едім, оны жаппаймын деді", - деп мұңын шақты зейнеткер.

Ал осы тұрғыда заңгер Мереке Қосанқызы кейуананың мәселесін шешу жолдарын айтып берді. 

Бағдарлама барысында "Өз ойым" бағдарламасының ұжымы Ұлжалғас әжейдің қыздарына байланысқа шықты. Алайда жауап болмады. Бағдарламаны көріп отырған ұлы өзі хабарласты. Қоңырау барысында ұлы анасына қамқор болуды ұсынғанын айтады.

Әйтсе де ол өзге туыстарда тәрбиеленген бала болғандықтан Ұлжалғас әжей барғысы келмейтінін айтты.

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная