19 февраля 2019 | 20:52

Ұшақ апатынан жалғыз аман қалған қыз өміріндегі таңғажайып оқиғаны айтып берді

Сандуғаш Сұлтан Корреспондент

2015 жылы Жамбыл облысында АН-2 ұшағы апатынан жалғыз тірі қалған жолаушы Әсем Шаяхметованы бірінші болып қабылдаған медбике Айткүл Айтжанова лотерея арқылы 1 миллион теңге ұтып алған. Бұл сәйкестік пе, сәттілік пе? Бұл сұрақтың жауабын Жетінші арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында мамандар мен кейіпкерлердің өзі іздеп көрді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

2015 жылы Жамбыл облысында АН-2 ұшағы апатынан жалғыз тірі қалған жолаушы Әсем Шаяхметованы бірінші болып қабылдаған медбике Айткүл Айтжанова лотерея арқылы 1 миллион теңге ұтып алған. Бұл сәйкестік пе, сәттілік пе? Бұл сұрақтың жауабын Жетінші арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында мамандар мен кейіпкерлердің өзі іздеп көрді.

Бағдарламада Әсем Шаяхметова апат болған күнді есіне алып, тіршілік үшін қалай жанталасып күрескенін баяндады. 

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, Ан-2 ұшағы 2015 жылы 20 қаңтар күні сағат 15.40 шамасында "Шатыркөл" кен орны ауданында апатқа ұшыраған еді. "Олимп Эйр" серіктестігіне тиесілі ұшақ Балқаштан кен орнына ұшып шыққан. Ұшақтың апатқа ұшырауына тұман себеп болуы мүмкін деген жорамал айтылды. Ұшақтың бортында жеті адам болды, оның үшеуі - экипаж мүшесі. Алты адам қаза тапты. "Балқаштүстімет" ӨБ бас геологы Шаяхметова ғана тірі қалған еді. 

Апаттан аман қалған қызға "сол жақ жамбасының және оң жіліншігінің ашық сынығы, бассүйек-ми жабық зақымы, мидың шайқалуы, бет терісінің сыдырылуы және 3 дәрежедегі зақымданудан есеңгіру" диагнозы қойылған болатын.

Ал сол жылы Шуға, кейін Астанаға ауыр халде жеткізілген науқасты бірінші болып қабылдаған Айткүл Айтжанова есімді медбиек 9 ақпанда кішкентай қызымен ауруханада жатқанда лотерея ойнап, 1 миллион теңге ұтып алады. Ол бірден басындағы бірнеше кредитін жауыпты. 

Бағдарламада нумеролог Луиза Манапқызы жолы болғыш адамдардың құпиясын ашуға тырысты.

Сонымен қатар, бағдарламаға астаналық 10-сынып оқушысы Нәдір Омарғазиев келді. Жақында Астанада ашық жатқан құдыққа түсіп кеткен баланы құтқарып қалған оған күні кеше ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев орден тағып, смартфон сыйлаған болатын. Сондай-ақ, оқушыға министр ІІМ Академиясынан грант бөлуге уәде берді.

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная