ПОДЕЛИТЬСЯ
05 ноября 2019 | 16:33
Вальсқа тыйым және кортежге 3 көлік. Өзбектер тойға қатысты жаңа заң қабылдады
Өзбекстан үкіметі осымен бірнеше жыл бойы елдегі той-томалақ, мәдени іс-шараларды өткізудегі ысырапшылдықпен күресіп, жаңа ережелер енгізіп жатқаны белгілі. Биліктегілердің айтуынша, жиындардың өту тәртібі салт-дәстүрге қайшы және көп шығынды талап етеді. Осыған байланысты таяуда Өзбекстан билігі арнайы жарғы шығарған болатын. Бұл заң 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Tengrinews.kz тілшісі Өзбекстанның той-томалақ, ас беру сияқты іс-шараларды өткізудегі ерекшеліктері мен ондағы тыйымдарға тоқталып, қызықты деректерді топтастырды.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Өзбекстан үкіметі осымен бірнеше жыл бойы елдегі той-томалақ, мәдени іс-шараларды өткізудегі ысырапшылдықпен күресіп, жаңа ережелер енгізіп жатқаны белгілі. Биліктегілердің айтуынша, жиындардың өту тәртібі салт-дәстүрге қайшы және көп шығынды талап етеді. Осыған байланысты таяуда Өзбекстан билігі арнайы жарғы шығарған болатын. Бұл заң 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Tengrinews.kz тілшісі Өзбекстанның той-томалақ, ас беру сияқты іс-шараларды өткізудегі ерекшеліктері мен ондағы тыйымдарға тоқталып, қызықты деректерді топтастырды.
Тойлар әдетте қалай өтеді?Өзбекстанда той-томалақ, жиындарда міндетті түрде таңертеңнен бастап палау береді. Орташа есеппен 120-150 адамға арнап палау дайындайды. Ол екі жастың ата-анасына арналып күйеу жігіттің үйінде әзірленеді және қалғаны сәлемдемелермен бірге қыздың үйіне жіберіледі екен. Таңғы сағат 6-7-де тойханаға барып, дайындықты бастайды. Қонақтардың көбі таңертеңгі палауға үлгеруге тырысады.
Ең қызығы, таңертеңгі жиынға тек ер адамдар келуі керек, ал әйел адамдар тек кешке жақын жиналады. Бірақ ереже бұзғандар 2,2 миллион сомнан бастап 11,1 миллион сом аралығында (90 мың - 450 мың теңге) айыппұл төлеуге міндеттеледі.
Жиынның алдында екі жас ұлттық киім киіп, әшекейлерін тағады. Некесін АХАЖ-да ресми тіркетпей тұрып, ол үйге имам келіп, дұға оқып, ерлі-зайыпты деп жариялайды. Ресми рәсімдер аяқталғаннан кейін қыз ата-анасымен қоштасып, жігіттің үйінің табалдырығын аттайды.
Былтыр Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев мемлекеттік қызметкерлерге тойға баруға тыйым салған болатын. Бұл ереже халық арасында біраз пікірталас туғызған еді.
"Бірде-бір шенеунік туған күнге, үйлену тойларына бармайды. Мейрамханалардың алдында мемлекеттік көліктерді көрсем, иесін қылмыстық жауапкершілікке тартамын. Мұның бәрі халықтың ашуын туғызады. Салтанатты шаралар енді жоғары лауазымды шенеуніктердің қатысуынсыз өтеді. Мысалы, премьер-министрлер орынбасарларымен тойға барады да, оларға жиналған халық тік тұрып қызмет етеді. Тойға шашқан ақшаны мұқтаж адамдарға беріңіздер, теледидар сатып алып беріңіздер", - деген еді Өзбекстан президенті UzNews басылымына берген сұхбатында.
Мирзиеевтің айтуынша, сенаттың жаңа қаулысына сәйкес, тойға ең көбі 150 адам, таңғы палауға 200 адамнан артық шақыруға рұқсат етілмейді.
"Үйлену тойларында вальс билеуге тыйым салу"Осыдан бірнеше жыл бұрын Өзбекстан билігі мен имамдар жастардың үйлену тойында вальс билеуіне қарсылық білдірген еді. Бас имам осы мәселеге қатысты тіпті арнайы мақала жазыпты.
"Кейбір жастар жүздеген қонақтың алдында тұрып, вальс билеп, сүйісуден ұялмайды. Ал ересектер бізде оны "мода" деп түсініп жатыр", - делінген жарияланған мақалада.
Олардың айтуынша, жастардың жабысып билеуі ұлттық құндылықтарды жойып, салт-дәстүрге, шариғатқа қайшы келеді. Сондай-ақ, үкіметтегілер той алдында түсірілетін видеоклиптер мен Love Story-ға тыйым салған болатын. Дегенмен жастар әлі күнге дейін тойларында вальс билейтін көрінеді.
"Тойларға арналған бірыңғай сценарий"Ал биыл қарашада Өзбекстанның мәдениет министрі Камола Акилова салтанатты іс-шаралар мен үйлену тойларына арнайы бірыңғай сценарий әзірлеуді ұсынды.
"Бізде той өткізуде басты проблема неде? Біріншіден, тарихымыз мен ұлттық құндылықтарымызды сақтамаудаү Екіншіден, трендке ілесеміз деп барлығын ұмытып барамыз. Мысалы, тойға әртістерді шақырғанда неге назар аудару керек? Меніңше, ұлттық салт-дәстүрімізді көрсете алатын әншілер мен әртістерді ғана шақыру керек", -деп келтіреді Акилованың сөзін "Радио Озодлик".
Келесі жылы 1 қаңтарда күшіне енетін құжатқа сәйкес:
- Той таңғы сағат 06.00 мен 23.00 аралығында өтуі тиіс;
- Той-томалаққа келетін қонақтардың саны 200 адамнан аспауы керек;
- Ал үйлену тойын екі жұп бірігіп жасаса 250 адамға дейін шақыру рұқсат етіледі, палау дайындалатын күні 300 адамды қонаққа шақыруға болады;
- Кез келген жиынға 50-ден аса адам қатысса, той иесі тойхана иесімен арнайы келісімшарт жасасады;
- Мейрамхана иелері тойға үш күн қалғанда ішкі істер органдары өкілдеріне той өтетіні жайлы ескертуі керек;
- Жас жұбайлар некелерін тіркеу кезінде немесе тойханаға кірген кезде көп болса 3 көлік пайдалана алады;
- Осындай іс-шараларды қонақтарды тасымалдайтын көлік қызметкерлерінде міндетті түрле лицензия болуы керек;
- Адам қайтыс болғанда берілетін ас көп болса үш күнге ғана жалғасады, бірақ биліктегілер ас беруге щақырылатын қонақтарға шектеу қойылмаған.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также